Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік
бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ережеде:
тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақ «Президенті» деген сөзден кейін «Тәуелсіздік күніне орай» деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақта «және ақпарат» деген сөздер алып тасталсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамында:
тақырыбы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің» деген сөздерден кейін «- Елбасының» деген сөзбен толықтырылсын;
мыналар:
Телебаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ғазиз Тұрысбекұлы вице-министрі, хатшы,
Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Парламенті
Мұхтар Қапашұлы Сенатының депутаты (келісім
бойынша),
Жанқұлиев - Қазақстан Республикасы «Сырбар»
Аманжол Қазбекұлы сыртқы барлау қызметінің директоры
(келісім бойынша),
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім
Бақытжан Тұрсынұлы және ғылым министрі енгізілсін;
мына:
«Мұсақожаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының
Айман Қожабекқызы ректоры (келісім бойынша)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұсақожаева - Қазақ ұлттық өнер университетінің
Айман Қожабекқызы ректоры (келісім бойынша)»;
көрсетілген комиссияның дербес құрамынан Б.А. Майлыбаев, С.А. Дьяченко, М.М. Тәжин, Ж.Қ. Түймебаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев