Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі N 691 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбында және мәтінінде "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің" деген сөздерден кейін "- Елбасының" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.08.24 № 142 Жарлығымен.
      Ескерту. Жарлықтың тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді – ҚР Президентінің 05.05.2017 № 471 Жарлығымен.

  "Актілер жинағында"
  жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы" 1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 471-құжат);

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1994 жылғы 20 қазандағы N 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 454-құжат);

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы N 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 24 қазандағы N 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 47, 435-құжат).

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
N 691 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының
Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы
ереже

      Ескерту. Ереженің тақырыбында және мәтінінде "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің" деген сөздерден кейін "- Елбасының" деген сөзбен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.08.24 № 142 Жарлығымен.

Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық):

      бейбітшілік және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін;

      қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін;

      демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін;

      Қазақстан ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалар үшін берілетін болады.

      2. Мемлекеттік сыйлық жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі, сондай-ақ отандық, халықаралық және шетелдік ұйымдарға берілуі мүмкін.

      3. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты" атағы беріледі, диплом, омырау белгісі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады.

      4. Мемлекеттік сыйлық мөлшері 6000 (алты мың) айлық есептік көрсеткішті құрайды және республикалық бюджет қаражатынан төленеді.

      5. Мемлекеттік сыйлық бір мезгілде бірнеше үміткерге берілуі мүмкін, мұндай жағдайда оның ақшалай бөлігі олардың арасында тең бөлінеді. Мемлекеттік сыйлықты қайталап беруге рұқсат етілмейді.

      Бұрын қабылданбаған үміткерлер Мемлекеттік сыйлық беруге қайта ұсыныла алады.

      6. Мемлекеттік сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жағдайда тапсырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

      7. Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер ұсыну құқығына:

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің комитеттері;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар;

      мәслихаттармен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімдері;

      отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдар ие болады.

      8. Мемлекеттік сыйлыққа үміткерлер кандидатураларын іріктеу үшін мемлекет, қоғам қайраткерлері және өзге де тұлғалар қатарынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      9. Комиссия Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      10. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және осы Ереже құрайды. U962935_

Комиссияның негізгі міндеттері

      11. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Мемлекеттік сыйлықты беру жөнінде келіп түскен ұсыныстарды қарау;

      2) Мемлекеттік сыйлық беруге лайықты үміткерлерді Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну.

Комиссияның құқықтары мен міндеттері

      12. Комиссия белгіленген тәртіппен:

      1) үміткерлердің қызметімен және шығармашылығымен тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында танысуға;

      2) өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан құжаттар, материалдар және өзге де ақпараттар сұратуға;

      3) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар өкілдерін шақыруға және тыңдауға;

      4) Мемлекеттік сыйлық беру тетігін жетілдіру жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізуге құқылы.

      Комиссия:

      1) Мемлекеттік сыйлық беруге ұсынылған үміткерлердің құжаттарын қабылдауға;

      2) құжаттарды қабылдау аяқталған соң үміткерлер тізімін, оларды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, олардың қызметі туралы қысқаша мәліметтерді ресми басылымдарда жариялауға;

      3) үміткерлердің қызметін жұртшылық арасында кеңінен әрі ашық талқылауға жәрдем көрсетуге;

      4) Мемлекеттік сыйлыққа үміткер етіп енгізілген кандидатураларды қарауға және осы жылғы Мемлекеттік сыйлық лауреаттарының саны мен оларға тиесілі ақшалай сыйақы жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;

      5) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік сыйлық беру туралы Жарлығының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қарауына ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      13. Комиссияны Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын төраға басқарады. Төраға болмаған кезеңде оның міндеттерін Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      14. Комиссия төрағасы:

      1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады;

      2) Комиссия отырыстарының күн тәртібін түзеді;

      3) Комиссия отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

      4) Комиссия мүшелері арасынан Комиссия мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;

      5) Комиссия құзыреті шеңберінде өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      15. Комиссия хатшысы:

      1) Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібі, өткізілетін күні, орны және уақыты туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;

      3) келіп түскен құжаттарды Комиссия мүшелеріне ұсынады;

      4) Комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

      5) Комиссия мүшелерінің ұсынылған үміткерлер кандидатуралары бойынша жасырын дауыс беруін ұйымдастырады.

      16. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі, Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, құқылы деп саналады.

      17. Комиссия шешімі жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған ретте төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.

      18. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Комиссия төрағасы қол қояды.

      19. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік сыйлық беру туралы актісі ресми басылымдарда жарияланады.

Комиссия қызметін қамтамасыз ету

      20. Комиссия қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЬІ

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 26.02.2019 № 862; 28.10.2019 № 195; 17.11.2020 № 450; 18.01.2021 № 495 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысы, хатшы


      Комиссия мүшелері:


      Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Мұсақожаева                        Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

      Айман                              (келісім бойынша)

      Қожабекқызы

      Есдәулетов Ұлықбек                  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы,
Оразбайұлы                        Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының

      Мырқасымұлы                  лауреаты" (келісім бойынша)

Отарбаев Мәлік Нұржанұлы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады