Екерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2018 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 17-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы бекітілсін.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.09 N 1421 (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.3. Осы қаулы 2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысымен бекітілген |
Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы
1. Осы Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-1-бабына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ұлттық компаниялар тізбесіне енген жағдайда ғана ол күзет ұйымын құруға құқылы.
3. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымын құруына мынадай шарттарды сақтаған жағдайда:
1) күзет ұйымы күзет қызметінен өзге қызметті жүзеге асыратын ұлттық компанияның еншілес ұйымы болып табылса;
2) күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компанияның құрылтайшылары не ұлттық компанияның лауазымды тұлғалары болып табылса;
3) күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) құрылатын ұйымның күзет қызметтері көрсетілетін ұлттық компания және олармен аффилирленген заңды тұлғалар болса жол беріледі.
4. Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметін бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) алдын ала келісіледі.
5. Ұлттық компания күзет ұйымын құруды келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) күзет ұйымын құруды келісу үшін еркін нысандағы өтінішті;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі;
3) өтініш берушінің осы Қағиданың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттардың көшірмелерін;
4) объектілердің (атауы, орналасқан жері), оның ішінде құрылатын күзет ұйымына күзетуге беру жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.02.2018 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).6. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган тізімдеме бойынша қабылдайды, оның көшірмесін өтініш берушіге береді.
Құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жою үшін оларды өтініш берушіге қайтарады. Өтініш беруші кемшіліктерді жойған кезде құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес қаралады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.02.2018 № 70 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Уәкілетті орган құжаттардың толық пакеті ұсынылған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды қарайды, одан кейін ұлттық компанияға күзет ұйымын құруға келісуін немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
Уәкілетті орган ұлттық компанияның күзет ұйымын құруына дәлелді бас тартуды:
1) өтініш беруші осы Қағиданың 2-тармағына сәйкес келмеген;
2) осы Қағиданың 5-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер шынайы ұсынылмаған жағдайларда береді.
Күзет ұйымын құру жөнінде бас тартылған жағдайда ұлттық компания осы Қағиданың талаптарына сәйкес уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынуға құқылы.
8. Ұлттық компания біреуден артық күзет ұйымына құрылтайшы бола алмайды.