Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 971 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2024 жылғы 20 қарашадағы
№ 971 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 және 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қазандағы № 1589 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 751 қаулысы.

      4. "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысы.

      5. "Ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құруы қағидасын бекіту туралы және "Күзет қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оларды жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 тамыздағы № 686 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 909 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 70 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады