Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы № 932 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуларды радиотехникалық камтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Азаматтық авиацияның медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

О реорганизации Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Центр по обеспечению безопасности полетов" Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2011 года № 932

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Центр по обеспечению безопасности полетов» Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан путем присоединения к нему дочернего государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Медицинский центр гражданской авиации» Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения, по управлению воздушным движением, технической эксплуатации наземных средств радиотехнического обеспечения полетов и электросвязи «Казаэронавигация» Комитета гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      2. Комитету гражданской авиации Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов