Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе жүрісін басқару, ұшуларды радиотехникалық камтамасыз етудің жер үстіндегі құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Азаматтық авиацияның медициналық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов