Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдармен толықтырылсын:
1 |
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету |
53 549 |
2 |
"Бурабай" арнайы экономикалық аудан шекараларында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін МҰТП аумағындағы босалқы жерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
7 199 |
3 |
Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың "е-қызмет" автоматтандырылған жүйесін құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу |
19 875 |
";
мына:
"
Жиыны |
19 825 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Жиыны |
100 448 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов