Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы"

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 732 Қаулысы

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1354 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1354 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 732 қаулысымен  
бекітілген    

Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе
түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді
қаржыландыру Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004
«Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың
техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету,
сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды
консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және
концессиялық жобалардың, концессиялық жобаларды консультациялық
сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің тізбесі

      Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1354 Қаулысымен.

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

1

ҚБПҮ




Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

2

«Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін түзету

53 549



Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

3

Арнайы экономикалық аймақ шекараларында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін «Бурабай» МҮТП аумағындағы босалқы жерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

7 199



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

4

Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың «е-қызмет» автоматтандырылған жүйесін құруға арналған техникалық- экономикалық негіздемені әзірлеу

19 875



Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

5

«Теңізшінің жеке куәлігін жасау, беру және бақылау жүйесі» жобасының техникалық- экономикалық негіздемесін әзірлеу

4 675



6

«Жүк көлік құралдарын қозғалыста өлшеудің кешенді интеграцияланған автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізуге техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу

3 968



7

«Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту. Құрғақ жүк айлақтары және инфрақұрылым объектілері» жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу



24 092


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

8

«М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу корпусын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

33 365



Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

9

«Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы (ХШЫО) ауданындағы Қорғас өзенінде қорғану құрылыстарын және «Қорғас» кеденінің ғимараттарын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету

36 000



Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі

10

«Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету

15 000



Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

11

«Ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін жасау» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

35 933




Жиыны:

229 389

24 092

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады