"Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1015 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 жылға арналған бөлінетін 004 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдармен толықтырылсын:

1

"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын дамыту жөніндегі жобаның техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету

53 549

2

"Бурабай" арнайы экономикалық аудан шекараларында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін МҰТП аумағындағы босалқы жерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

7 199

3

Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың "е-қызмет" автоматтандырылған жүйесін құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

19 875

                                          ";
      мына:                                   
"


Жиыны

19 825

                                      "

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"


Жиыны

100 448

                                      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады