Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 1083 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 273542000 (екі жүз жетпіс үш миллион бес жүз қырық екі мың) теңге сомасында, оның ішінде:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағын дауыл салдарынан пайда болған дауыл мен жел сұлатпаларынан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін техника және құрал-жабдықтар алуға 123542000 (бір жүз жиырма үш миллион бес жүз қырық екі мың) теңге сомасында;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен «Алатау» балалар клиникалық шипажайы», «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» және «Ақсай» республикалық балалар клиникасы ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізуге 150000000 (бір жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О выделении средств из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2011 года № 1083

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2011 год для ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, средства в сумме 273542000 (двести семьдесят три миллиона пятьсот сорок две тысячи) тенге, в том числе:
      1) Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан на приобретение техники и оборудования для проведения расчистки территории Иле-Алатауского государственного национального природного парка от буреломных и ветровальных деревьев, образовавшихся в результате урагана, в сумме 123542000 (сто двадцать три миллиона пятьсот сорок две тысячи) тенге;
      2) Министерству здравоохранения Республики Казахстан средства в сумме 150000000 (сто пятьдесят миллионов) тенге на проведение капитального ремонта зданий и сооружений республиканских государственных казенных предприятий "Детский клинический санаторий "Алатау", "Республиканский детский реабилитационный центр "Балбулак" и "Республиканская детская клиническая больница "Аксай", пострадавших вследствие чрезвычайной ситуации природного характера.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов