«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінін 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 273542000 (екі жүз жетпіс үш миллион бес жүз қырық екі мың) теңге сомасында, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Іле Алатауы мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағын дауыл салдарынан пайда болған дауыл мен жел сұлатпаларынан тазарту жұмыстарын жүргізу үшін техника және құрал-жабдықтар алуға 123542000 (бір жүз жиырма үш миллион бес жүз қырық екі мың) теңге сомасында;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен «Алатау» балалар клиникалық шипажайы», «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» және «Ақсай» республикалық балалар клиникасы ауруханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізуге 150000000 (бір жүз елу миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов