Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын тұрақтандыру және маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі әсер ететін мұнай өнімдерімен толтыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 50000 (елу мың) тоннаға дейінгі мөлшерде АИ-92 маркалы бензин әкелу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларды іске асыру кезінде ықтимал теріс қаржылық нәтижені есепке алу жөнінде қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов