Мұнай өнімдері нарығын тұрақтандырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1113 Қаулысы

      Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ішкі нарығын тұрақтандыру және маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі әсер ететін мұнай өнімдерімен толтыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына 50000 (елу мың) тоннаға дейінгі мөлшерде АИ-92 маркалы бензин әкелу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларды іске асыру кезінде ықтимал теріс қаржылық нәтижені есепке алу жөнінде қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады