Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 қазандағы
№ 1188 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысында:
мынадай мазмұндағы 13-4-тармақпен толықтырылсын:
«13-4. «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында:
1) осы қаулыға 34-қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету;
2) осы қаулыға 35-қосымшаға сәйкес Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің штат санын беруге байланысты нысаналы ағымдағы трансферттерінің сомасын бөлу жүзеге асырылсын.»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» деген функционалдық топта:
201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген әкімші бойынша 3-бағандағы «2827931» деген сандар «2974982» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«
007 |
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу, реконструкциялау |
2 619 578 |
2 489 506 |
2 489 506 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
007 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік және қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу, реконструкциялау |
2 766 629 |
2 489 506 |
2 489 506 |
»;
мына:
«
Жаңаөзен қаласында үлгілі әскери қалашығын салу (мемлекеттік сараптама мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу) |
101 065 |
1 373 161 |
1 373 161 |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Павлодар облысы |
|||||||
Павлодар қаласындағы ерекше режимдегі түзеу колониясының (бас бостандығынан өмір бойы айыру) "Химпром" ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарынреконструкциялау) |
18 023 |
»;
мына:
«
Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданының Шахта Тоғыс кентінде жеке орналасқан бөлініс үшін әскери қалашық объектілерін салу |
6 921 |
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Алматы қаласы |
|||||||
Алматы қаласындағы тергеу изоляторын реконструкциялау және кеңейту (сметалық құжаттаманы түзету) |
129 028 |
»;
221 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген әкімші бойынша 3-бағандағы «154391» деген сандар «7340» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«
004 |
Қылмыстық-атқару жүйелерінің объектілерін салу және реконструкциялау |
147 051 |
425 000 |
||||
оның ішінде инвестициялық жобаларға: |
|||||||
Шығыс Қазақстан облысы |
|||||||
ОВ 156/18 мекемесінің аумағында жаңа қазандық салу |
425 000 |
||||||
Павлодар облысы |
|||||||
Павлодар қаласындағы ерекше режимдегі түзеу колониясының (бас бостандығынан өмір бойы айыру) «Химпром» ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын реконструкциялау |
18 023 |
||||||
Алматы қаласы |
|||||||
Алматы қаласындағы тергеу изоляторын реконструкциялау және кеңейту (сметалық құжаттаманы түзету) |
129 028 |
деген жолдар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» деген функционалдық топта:
201 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген әкімші бойынша 3-бағандағы «635799» деген сандар «1060799» деген сандармен ауыстырылсын;
мына:
«
Алматы қаласы |
315 000 |
649 400 |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
043 |
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансфертте рі |
425 000 |
|||||
оның ішінде инвестициял ық жобаларға: |
|||||||
Шығыс Қазақстан облысы |
425 000 |
мына:
«
221 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
425 000 |
|||||
019 |
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансфертте рі |
425 000 |
|||||
оның ішінде инвестициялық жобаларға: |
|||||||
Шығыс Қазақстан облысы |
425 000 |
»
деген жолдар алынып тасталсын;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген қаулыға 34 және 35-қосымшалармен толықтырылсын.
2. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 41 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 15, 181-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
5-бағанындағы:
реттік нөмірлері 31, 60, 61, 64, 66 және 161-жолдардың «Әділетмині» деген аббревиатура «ІІМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
65-жолдың «Әділетмині» деген аббревиатура алынып тасталсын;
Аббревиатуралардың толық жазылуында:
«Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген жолдар алынып тасталсын.
3. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты бөлу және пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 наурыздағы № 257 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 316-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 жылға азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға қаражатты бөлуде:
5.1.6. «Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітімі деңгейін төмендету» деген мақсатта:
реттік нөмірі 1 және 2-жолдардың 3-бағанындағы «Әділетмині» деген аббревиатура «ІІМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
Ескертуде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«Әділетмині — Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» деген жол алынып тасталсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша 2011 жылға арналған сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға берілетін қаражатты пайдалану қағидасында:
2-тармақтың 2) тармақшасында «әділет,» деген сөз алынып тасталсын;
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі сатып алатын медициналық техникалардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтаумен министрлігімен келісіледі».
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 840 қаулысында:
1-тармақтағы «Әділет министрлігіне» деген сөздер «Ішкі істер министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 қазандағы
№ 1188 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
34-қосымша
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету
мың теңге
ФТ |
ББӘ |
БҒД |
Атауы |
Өзгеріс (+, -) |
II. Шығындар |
0 |
|||
003 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
0 |
||
201 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
37 618 804 |
||
001 |
Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын айқындау және ұйымдастыру жөніндегі қызметтер |
3 843 720 |
||
004 |
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері |
942 355 |
||
007 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік және қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу, реконструкциялау |
29 172 857 |
||
021 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жүйесіндегі қайта құру |
871 675 |
||
040 |
Сотталған, күдікті және айыпталушы адамдарды ұстау |
147 051 |
||
041 |
Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің күрделі шығыстары |
3 150 100 |
||
042 |
Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне ҚАЖ мемлекеттік мекемелерінің жалпы білім беретін мектептері педагогикалық қызметкерлерінің штат санын беруге байланысты нысаналы ағымдағы трансферттер |
4 143 |
||
043 |
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансферттері |
425 000 |
||
044 |
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру |
4 258 |
||
221 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
-37 618 804 |
||
003 |
Сотталған, күдікті адамдарды ұстау және айыпталушы |
-29 177 000 |
||
004 |
Қылмыстық-атқару жүйесінің объектілерін салу және реконструкциялау |
-147 051 |
||
018 |
Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің күрделі шығыстары |
-3 150 100 |
||
019 |
Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансферттері |
-425 000 |
||
020 |
Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеуді және оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру |
-4 258 |
||
024 |
Қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлау |
-871 675 |
||
025 |
Қылмыстық-атқару жүйесінің үйлестіру бойынша қызметтер |
-3 843 720 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 18 қазандағы
№ 1188 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1350 қаулысына
35-қосымша
Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелерінің жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің штаттық санын беруге байланысты нысаналы ағымдағы трансферттер сомасын бөлу
Р/с |
Облыстардың атауы |
Сомасы, мың теңге |
Барлығы |
4143 |
|
1. |
Алматы облысы |
843 |
2. |
Алматы қаласы |
3 300 |