Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімгерлік басқаруға және иелену мен пайдалану құқығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1224 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Қор) тиесілі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;

      2) осы қаулының қосымшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың Қорға тиесілі акциялар пакеттері Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлікпен басқаруға берілсін.

      2. Заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) "Стресті активтер қоры" акционерлік қоғамының акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне;

      2) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі", "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры", "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамдары акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне берілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Републикасының Индустрия және жаңа технологиялар, Экономикалық даму және сауда министрліктерімен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен, Қормен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1224 қаулысына
қосымша

Акцияларын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне сенімгерлік басқаруға беретін акционерлік қоғамдардың тізбесі

Р/с

Атауы

1

2

1

"Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы

2

"Қазына Капитал Менеджмент" акционерлік қоғамы

3

"Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамы

4

"ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 1224 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірлері 217-11, 217-12-жолдар алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 264-5, 264-6, 264-7-жолдармен толықтырылсын:

      "264-5 "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ

      264-6 "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" АҚ

      264-7 "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" АҚ";

      "Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-8-жолмен толықтырылсын:

      "268-8 "Стресті активтер қоры" АҚ".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы" және "Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры" акционерлік қоғамы" деген жолдар алынып тасталсын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.11.2022 № 935 қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

О передаче пакетов акций некоторых акционерных обществ в доверительное управление и права владения и пользования государственным органам

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 1224.

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 августа 2011 года № 136 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В установленном законодательством порядке передать в доверительное управление:

      1) Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан принадлежащий акционерному обществу "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" (далее - Фонд) пакет акций акционерного общества "Фонд развития предпринимательства "Даму";

      2) Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан принадлежащие Фонду пакеты акций акционерных обществ, указанных в приложении к настоящему постановлению.

      2. В установленном законодательством порядке передать:

      1) Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан права владения и пользования пакетом акций акционерного общества "Фонд стрессовых активов";

      2) Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства права владения и пользования пакетами акций акционерных обществ "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана", "Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов" и "Ипотечная организация "Казахстанская ипотечная компания".

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с министерствами индустрии и новых технологий, экономического развития и торговли Республики Казахстан, Агентством Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, Фондом принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 октября 2011 года № 1224

Перечень
акционерных обществ, акций которых передаются акционерным
обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Қазына"
в доверительное управление Министерству индустрии и новых
технологий Республики Казахстан

№ п/п

Наименование

1

2

1

Акционерное общество "Банк Развития Казахстана"

2

Акционерное общество "Казына Капитал Менеджмент"

3

Акционерное общество "Инвестиционный фонд Казахстана"

4

Акционерное общество "Экспортно-кредитная страховая корпорация "КазЭкспортГарант"

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 октября 2011 года № 1224

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые
решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам:

      в разделе "Министерству финансов Республики Казахстан" строки, порядковые номера 217-11, 217-12, исключить;

      раздел "Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства":

      дополнить строками, порядковые номера 264-5, 264-6, 264-7, следующего содержания:

      "264-5 АО "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана"

      264-6 АО "Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов"

      264-7 АО "Ипотечная организация "Казахстанская ипотечная компания";

      раздел "Министерству экономического развития и торговли Республики Казахстан":

      дополнить строкой, порядковый номер 268-8, следующего содержания:

      "268-8 АО "Фонд стрессовых активов".

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК от 24.09.2014 № 1011 (порядок введения в действие см. п. 8).
      3. Утратил силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 683 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 22, ст. 205):

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      строки "Акционерное общество "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" и "Акционерное общество "Казахстанский фонд гарантирования ипотечных кредитов" исключить.

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.03.2012 № 340 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 22.11.2022 № 935.
      7. Утратил силу постановлением Правительства РК от 08.02.2013 № 109.