Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 935 қаулысы.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі;

      2) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 935 қаулысымен
бекітілген

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен шығарылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с №

Атауы

1

2

1.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

2.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

3.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы

4.

"KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" (Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы

5.

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

6.

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

7.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы

8.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

9.

"QAZAQ AIR" акционерлік қоғамы

10.

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы

11.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы

12.

"SK Ondeu" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13.

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
  № 935 қаулысымен
  бекітілген

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с №

Атауы

1

2

1.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

2.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

3.

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы

4.

"KEGOC" электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" (Кazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы

5.

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

6.

"Қазпошта" акционерлік қоғамы

7.

"Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы

8.

"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

9.

"QAZAQ AIR" акционерлік қоғамы

10.

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы

11.

"Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамы

12.

"SK Ondeu" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13.

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 22 қарашадағы
№ 935 қаулысына
  қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын немесе сенімгерлік басқаруға берілетін және оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1070 қаулысы.

      2. "Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімгерлік басқаруға және иелену мен пайдалану құқығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1224 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.

      4. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.

      5. "Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 шілдедегі № 405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      6. "Ақтау халықаралық теңіз сауда портының кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және "Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады