Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қарашадағы № 1287 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығын қараңыз.


      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді қою және жою жөніндегі қағидалар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2011 жылғы 3 қарашадағы 
№ 1287 қаулысымен    
бекітілген       

Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Карантинді объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына карантинді объектілердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында әзірленді.
      2. Егер залалданған карантинге жатқызылған өнімді жеткізушіге қайтару мүмкін болмаса, ал залалсыздандыру немесе қайта өңдеу карантинді объектілерді толық жоюға кепілдік бермесе және олардың ену және таралу қаупі төнсе, мұндай өнім алынып, жойылуға тиіс.
      3. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі жасырынса немесе карантинді объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартса, карантинге жатқызылған өнімді сақтау, әкету, қайта өңдеу немесе жою рәсімдеріне байланысты мәселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары шешеді.

2. Карантинді объектілермен залалданған карантинге
жатқызылған өнімді фитосанитариялық бақылау бекеттерінде
алып қою және жою тәртібі

      4. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде пошталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және тәртіпте Алып қою актісін жасай отырып, жүзеге асырады.
      5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор үш жұмыс күні ішінде Алып қою актісін (қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік зертхана берген фитосанитариялық сараптама куәлігін қоса бере отырып) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық инспекция) басшысының бұйрығымен құрылатын, құрамы аумақтық инспекция, шекара және кеден қызметтері өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жолдайды.
      6. Комиссия Алып қою актісі негізінде:
      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;
      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;
      4) тиісті қызметтерді тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін белгілейді.
      7. Карантинді объектілердің таралуына және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануына жол бермеу мақсатында оларды сақтау уақытша сақтау қоймаларында немесе кеден қызметі органдарының келісімі бойынша Комиссия белгілеген арнайы орындарда жүргізілуі тиіс.
      8. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды тиісті қызметтерді тарта отырып, өнім иесінің қатысуымен Комиссия жүзеге асырады.
      9. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Актімен ресімделеді.
      Акт екі данада жасалады: біріншісі - аумақтық инспекция үшін, екіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.
      10. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Карантинді объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді аумақта алып қою және жою тәртібі

      11. Тиісті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның, қаланың аумағында карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде пошталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор "Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және тәртіпте Алып қою актісін жасай отырып, жүзеге асырады.
      12. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор үш жұмыс күні ішінде Алып қою актісін (қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік зертхана берген фитосанитариялық сараптама куәлігін қоса бере отырып) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнім анықталған аумақтық инспекция басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылған, құрамы аумақтық инспекция, сауда объектісі және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органы өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) жолдайды.
      13. Комиссия алып қою актісі негізінде:
      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;
      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;
      4) тиісті қызметтерді тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін белгілейді.
      14. Карантинді объектілердің таралуына және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануына жол бермеу мақсатында оларды сақтау уақытша сақтау қоймаларында немесе облыстың жергілікті атқарушы органының келісімі бойынша Комиссия белгілеген арнайы орындарда жүргізілуі тиіс.
      15. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды тиісті қызметтерді тарта отырып, өнім иесінің қатысуымен Комиссия жүзеге асырады.
      16. Облысаралық тасымалдау, өндіру, дайындау, қайта өңдеу, сақтау және сату кезінде залалданған карантинге жатқызылған өнім табылған жағдайда өнім залалсыздандыруға немесе жоюға жатады.
      17. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Актімен ресімделеді.
      Акт екі данада жасалады: біріншісі - аумақтық инспекция үшін, екіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.
      18. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Карантинді объектілермен  
залалданған, залалсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін
карантинге жатқызылған өнімді
алып қою және жою     
жөніндегі қағидаларға  
қосымша            

Карантинді объектілермен залалданған карантинге
жатқызылған өнімді жою туралы
АКТ

Акт жасалған орын _____________ акт жасалған күн____________________

Мынадай құрамдағы___________________________________________________
____________________________________________________________комиссия
                       (Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________________________
      (карантинге жатқызылған өнімнің атауы, саны)
_____________________________________________________________________
      (карантинге жатқызылған өнім иесінің атауы, Т.А.Ә.
____________________________________________________________________
               (жою әдісін, орнын көрсету)
_______________________________________________________жоюды жүргізді

Негіздеме___________________________________________________________
              (қай құжаттың негізінде карантинге жатқызылған
_____________________________________________________________________
                өнім жойылғанын (құжат нөмірін) көрсету
Комиссия мүшелерінің қолдары
____________________________________________________________________
               (Т.А.Ә., лауазымы)

20 жылғы "___"_________________

Карантинге жатқызылған өнім иесінің (өкілінің) қолы

____________________________________________________________________
                           (Т.А.Ә., лауазымы)

20 жылғы "____"___________

Об утверждении Правил по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 2011 года № 1287. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июня 2015 года № 15-4/513.

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 6-1 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года «О карантине растений» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены               
постановлением Правительства      
Республики Казахстан          
от 3 ноября 2011 года № 1287     

Правила
по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции,
зараженной карантинными объектами, не подлежащей
обеззараживанию или переработке 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила по изъятию и уничтожению подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, не подлежащей обеззараживанию или переработке, разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года «О карантине растений»,
а также в целях предотвращения ввоза и распространения карантинных объектов на территории Республики Казахстан.
      2. В случае, если зараженная подкарантинная продукция не может быть возвращена поставщику, а обеззараживание или переработка не гарантируют полного уничтожения карантинных объектов и существует опасность их проникновения и распространения, эта продукция подлежит изъятию и уничтожению.
      3. В случае, когда владелец подкарантинной продукции скрылся или отказался от подкарантинной продукции, зараженной карантинными объектами, вопросы, связанные с процедурой хранения, вывоза, переработкой или уничтожением подкарантинной продукции, решаются местными исполнительными органами соответствующей административно-территориальной единицы.

2. Порядок изъятия и уничтожения подкарантинной
продукции, зараженной карантинными объектами
на фитосанитарных контрольных постах

      4. Изъятие зараженной подкарантинной продукции (в том числе из почтовых отправлений, ручной клади и багажа) на фитосанитарных контрольных постах осуществляется государственным инспектором по карантину растений, с составлением Акта изъятия по форме и в порядке, установленным постановлением Правительства Республики Казахстан
от 30 октября 2009 года № 1730 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов».
      5. Государственный инспектор по карантину растений в течение трех рабочих дней направляет Акт изъятия (с приложением, при необходимости, свидетельства фитосанитарной экспертизы, выданной Республиканской карантинной лабораторией) в постоянно действующую комиссию по уничтожению зараженной подкарантинной продукции, создаваемую приказом руководителя территориального подразделения ведомства уполномоченного органа по карантину растений (далее – территориальная инспекция), в составе представителей территориальной инспекции, пограничной и таможенной служб (далее – Комиссия).
      6. На основании Акта изъятия Комиссия:
      1) принимает решение об уничтожении зараженной подкарантинной продукции;
      2) осуществляет меры по изолированию и обеспечению сохранности зараженной подкарантинной продукции;
      3) доводит до сведения владельца зараженной подкарантинной продукции порядок ее уничтожения;
      4) определяет с привлечением соответствующих служб место и способ уничтожения зараженной подкарантинной продукции.
      7. В целях предотвращения распространения карантинных объектов и возможного хищения подкарантинной продукции их хранение должно проводиться на складах временного хранения или в специальных местах, определенных Комиссией, по согласованию с органами таможенной службы.
      8. Уничтожение зараженной подкарантинной продукции осуществляется Комиссией с привлечением соответствующих служб в присутствии ее владельца.
      9. Факт уничтожения зараженной подкарантинной продукции оформляется Актом по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      Акт составляется в двух экземплярах: первый – для территориальной инспекции, второй – для владельца подкарантинной продукции.
      10. Все расходы, связанные с хранением, транспортировкой, уничтожением и захоронением зараженной подкарантинной продукции осуществляются за счет средств владельца этой продукции.

3. Порядок изъятия и уничтожения подкарантинной
продукции, зараженной карантинными объектами
на территории

      11. Изъятие зараженной подкарантинной продукции (в том числе из почтовых отправлений, ручной клади и багажа) на территории соответствующей области (города республиканского значения, столицы), района, города осуществляется государственным инспектором по карантину растений, с составлением Акта изъятия по форме и в порядке, установленным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1730 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов».
      12. Государственный инспектор по карантину растений в течение трех рабочих дней направляет Акт изъятия (с приложением, при необходимости, свидетельства фитосанитарной экспертизы, выданной Республиканской карантинной лабораторией) в постоянно действующую комиссию по уничтожению зараженной подкарантинной продукции, создаваемую приказом руководителя территориальной инспекции (председатель комиссии) на территории которой обнаружена зараженная подкарантинная продукция, в составе представителей территориальной инспекции, объекта торговли и местного исполнительного органа области (города республиканского значения, столицы), района или города (далее – комиссия).
      13. На основании Акта изъятия комиссия:
      1) принимает решение об уничтожении зараженной подкарантинной продукции;
      2) осуществляет меры по изолированию и обеспечению сохранности зараженной подкарантинной продукции;
      3) доводит до сведения владельца зараженной подкарантинной продукции порядок ее уничтожения;
      4) определяет с привлечением соответствующих служб место и способ уничтожения зараженной подкарантинной продукции.
      14. В целях исключения распространения карантинных объектов и возможного хищения подкарантинной продукции их хранение должно проводиться на складах временного хранения или в специальных местах, определенных комиссией, по согласованию с местным исполнительным органом области.
      15. Уничтожение зараженной подкарантинной продукции осуществляется комиссией с привлечением соответствующих служб в присутствии ее владельца.
      16. При обнаружении зараженной подкарантинной продукции при межобластных перевозках, производстве, заготовке, переработке, хранении и реализации данная продукция подлежит обеззараживанию или уничтожению.
      17. Факт уничтожения зараженной подкарантинной продукции оформляется Актом по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
      Акт составляется в двух экземплярах: первый – для территориальной инспекции, второй – для владельца подкарантинной продукции.
      18. Все расходы, связанные с хранением, транспортировкой, уничтожением и захоронением зараженной подкарантинной продукции осуществляются за счет средств владельца этой продукции.

Приложение                     
к Правилам по изъятию и уничтожению      
подкарантинной продукции, зараженной      
карантинными объектами, не подлежащей       
обеззараживанию или переработке         

АКТ
об уничтожении подкарантинной продукции, зараженной
карантинными объектами

Место составления ________________ дата составления ________________
Комиссией в составе ________________________________________________
____________________________________________________________________
                          (Ф.И.О., должность)
произведено уничтожение
____________________________________________________________________
       (наименование, количество подкарантинной продукции)
____________________________________________________________________
     (наименование, Ф.И.О. владельца подкарантинной продукции)
____________________________________________________________________
              (указать способ, место уничтожения)
Основание __________________________________________________________
               (указать документ (номер), на основании которого
____________________________________________________________________
            уничтожена подкарантинная продукция)
____________________________________________________________________
                      Подписи членов Комиссии
____________________________________________________________________
                         (Ф.И.О., должность)

«___» _______________ 20 __ года
Подпись владельца (представителя) подкарантинной продукции
_____________________________________________________________________
                         (Ф.И.О., должность)

«___» _______________ 20 __ года