Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11753 болып тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 4 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      _____________ В. Школьник

      2015 жылғы 15 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 3 маусымдағы
№ 15-4/513 бұйрығымен
бекітілген

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып
қою және жою жөніндегі қағидалар
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидалар "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағына карантинді объектілердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Егер залалданған карантинге жатқызылған өнімді жеткізушіге қайтару мүмкін болмаған жағдайда, ал зарарсыздандыру немесе қайта өңдеу карантинді объектілерді толық жоюға кепілдік бермесе және олардың ену және таралу қаупі төнсе, бұл өнім алып қоюға және жоюға жатады.

      3. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі жасырынған немесе карантинді объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартқан жағдайда, карантинге жатқызылған өнімді сақтау, әкету, немесе жою рәсімдеріне байланысты мәселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бір жұмыс күн ішінде шешеді.

2-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық бақылау бекеттерінде алып қою және жою тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) алып қоюды карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алып қою актісін жасай отырып жүзеге асырады (бұдан әрі - № 1 алып қою актісі).

      5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық өсімдіктер карантині орталығы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамы аумақтық бөлімшенің, мемлекеттік кірістер органдарының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарынан тұратын залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия) жолдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия № 1 алып қою актісі негізінде:

      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;

      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;

      4) жергілікті атқарушы органның өкілдерін тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.

      7. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау мемлекеттік кіріс органдарының келісімі бойынша Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

      8. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі комиссия жүзеге асырады.

      9. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы тарау шеңберінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімді жою туралы актімен (бұдан әрі – жою туралы акт) ресімделеді.

      Жою туралы акт төрт данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кірістер органдары үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      № 1 жою туралы акт бес данада жасалады: біріншісі - аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кіріс органдары үшін, үшіншісі - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі - карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, бесіншісі - осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда - жергілікті атқарушы орган үшін.

      10. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде алып қою және жою тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде (бұдан әрі – автомобиль өткізу пункттері) залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде пошта жөнелтілімдерінен, қол жүгі мен багаждан) алып қоюды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар № 1 алып қою актісін жасай отырып, жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны (уәкілетті ұйым берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) аумақтық бөлімшесі басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарынан, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық уәкілетті органның өкілдерінен тұратын залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия) жолдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. № 1 алып қою актісі негізінде автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия:

      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;

      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;

      4) жергілікті атқарушы органның өкілдерін тарта отырып, залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

      15. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен Автомобиль өткізу пункттеріндегі комиссия жүзеге асырады.

      16. Автомобиль өткізу пункттерінде залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі жою туралы актімен ресімделеді.

      Жою туралы акт бес данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – мемлекеттік кірістер органы үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін, бесіншісі – жергілікті атқарушы орган үшін.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

4-тарау. Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып қою және жою тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың, ауданның (аудандық маңызы бар қаланың) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнімді (оның ішінде почталық жөнелтілімдерден, қол жүгінен және багаждан) алып қоюды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісін жасай отырып жүзеге асырады.

      19. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор № 1 алып қою актісіне қол қойылған сәттен бастап оны үш жұмыс күні ішінде (уәкілетті ұйым берген карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын қоса бере отырып (бар болса)) аумағында залалданған карантинге жатқызылған өнім анықталған аумақтық бөлімше басшысының (комиссия төрағасы) бұйрығымен құрылатын, құрамында аумақтық бөлімше, жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және ішкі сауда объектісі өкілдері залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияға (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия) жолдайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия № 1 алып қою актісі негізінде:

      1) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою туралы шешім қабылдайды;

      2) залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      3) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою тәртібін оның иесінің назарына жеткізеді;

      4) залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою орны мен тәсілін айқындайды.

      21. Карантинді объектілердің таралуын және карантинге жатқызылған өнімнің мүмкін болатын ұрлануын болдырмау мақсатында оларды сақтау жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия айқындаған арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.

      22. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жоюды өнім иесінің қатысуымен Қазақстан Республикасы аумағындағы комиссия жүзеге асырады.

      23. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі осы тарау шеңберінде жою туралы актімен ресімделеді.

      Жою туралы акт төрт данада жасалады: біріншісі – аумақтық бөлімше үшін, екіншісі – жергілікті атқарушы орган үшін, үшіншісі – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган үшін, төртіншісі – карантинге жатқызылған өнім иесі үшін.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.09.2023 № 330 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға, жоюға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнім иесінің, ал осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жағдайда жергілікті атқарушы органның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

  Карантинді объектілермен залалданған,
зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге
жатқызылған өнімді алып қою және
жою жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының

      аумақтық бөлімшесінің атауы)

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді
алып қою туралы акті

      Кімге: ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________ иесіне

      Осымен төменде санамаланған карантинге жатқызылған өнім мынадай

      себептер бойынша алынатындығы куәландырылады:

      өнім ___________________________________________________ залалданған.

      Осы карантинге жатқызылған өнімнің импортына тыйым салынған.

      Фитосанитариялық сертификат мынадай себептер бойынша жарамсыз:

      _____________________________________________________________________

      Басқа себептер: _____________________________________________________

      Қабылданған шаралар: ________________________________________________

      Жою _________________________________________________________________

      Қайтару _____________________________________________________________

      Залалсыздандыру _____________________________________________________

      Тазалау _____________________________________________________________

      Басқалары: __________________________________________________________

      Алынған карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен саны:

      (бүкіл өнім немесе оның бір бөлігі) _________________________________

      Карантинге жатқызылған өнім туралы мәліметтер:

      Экспорттаушының мекенжайы: __________________________________________

      Карантинге жатқызылған өнімді алушының мекенжайы: ___________________

      Айыру белгілері (таңбалау): _________________________________________

      Жеткізу құралдары: __________________________________________________

      № _______________________________________ фитосанитариялық сертификат

      _____________ берген (ұйымның атауы) Берілген күні _______________

      Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік

      инспектор _____________ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Мөр орны 20_ жылғы "___" _____________________

  Карантинді объектілермен залалданған,
зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге
жатқызылған өнімді алып қою және
жою жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе
қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған
өнімді жою туралы акті

      Акт жасалған орын _____________ акт жасалған күн ____________________

      Мынадай құрамдағы ___________________________________________________

      ____________________________________________________________ комиссия

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      (карантинге жатқызылған өнімнің атауы, саны)

      _____________________________________________________________________

      (карантинге жатқызылған өнім иесінің атауы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      (жою әдісін, орнын көрсету)

      ______________________________________________________ жоюды жүргізді

      Негізді _____________________________________________________________

      (негізінде карантинге жатқызылған

      _____________________________________________________________________

      өнім жойылғанын құжатты (нөмірін) көрсету)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      ______________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      ______________________________________________ ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы) (қолы)

      20 ____ жылғы "____"_________________

      Карантинге жатқызылған өнім иесінің (өкілінің) қолы

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)

      20 жылғы "____"_________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады