Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1417 Қаулысы

      "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 қарашадағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Ауғанстан Ислам Республикасына ізгілік көмек көрсету шеңберінде 2011 жылы материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша көлік шығыстарын өтеу үшін 46508799,24 теңгені (қырық алты миллион бес жүз сегіз мың жеті жүз тоқсан тоғыз теңге, жиырма төрт тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О выделении средств из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 ноября 2011 года № 1417

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2011 год для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств, средства в сумме 46508799,24 тенге (сорок шесть миллионов пятьсот восемь тысяч семьсот девяносто девять тенге двадцать четыре тиын) для возмещения транспортных расходов по доставке материальных ценностей в рамках оказания в 2011 году гуманитарной помощи Исламской Республике Афганистан.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов