"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 29 қарашадағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Ауғанстан Ислам Республикасына ізгілік көмек көрсету шеңберінде 2011 жылы материалдық құндылықтарды жеткізу бойынша көлік шығыстарын өтеу үшін 46508799,24 теңгені (қырық алты миллион бес жүз сегіз мың жеті жүз тоқсан тоғыз теңге, жиырма төрт тиын) сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов