Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
кестедегі реттік нөмірлері 2, 3-жолдар алынып тасталсын;
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
001 «Бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
«Бір қызметкерге шығындар» деген жолдың реттік нөмірлері 5, 6, 7-бағандарындағы «2281,0», «2464,4» және «2398,8» деген сандар тиісінше «2698», «2920,8» және «2843» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдың реттік нөмірі 5-бағанындағы «584127» деген сандар тиісінше «582784» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кіші бөлімде:
«2011 жыл» деген бағанда:
«БАРЛЫҒЫ бюджеттік шығыстар:» деген жолдағы «588099» деген сандар тиісінше «586756» деген сандармен ауыстырылсын;
«ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «588099» деген сандар тиісінше «586756» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов