"Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1466 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 97 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      «Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
      кестедегі реттік нөмірлері 2, 3-жолдар алынып тасталсын;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      001 «Бәсекелестікті қорғау, монополиялық қызметті шектеу және жосықсыз бәсекеге жол бермеуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» деген бюджеттік бағдарламада:
      «Бір қызметкерге шығындар» деген жолдың реттік нөмірлері 5, 6, 7-бағандарындағы «2281,0», «2464,4» және «2398,8» деген сандар тиісінше «2698», «2920,8» және «2843» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолдың реттік нөмірі 5-бағанындағы «584127» деген сандар тиісінше «582784» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кіші бөлімде:
      «2011 жыл» деген бағанда:
      «БАРЛЫҒЫ бюджеттік шығыстар:» деген жолдағы «588099» деген сандар тиісінше «586756» деген сандармен ауыстырылсын;
      «ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «588099» деген сандар тиісінше «586756» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады