Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1526 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.04.2015 № 173 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1525 қаулысымен  
бекітілген     

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру қағидалары

      1. Осы Қағидалар Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Қағидалар).
      2. Мемлекеттік органдар жыл сайын тиісті жылдың 10 желтоқсанына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органға Азаматтық қорғаныс  іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді (бұдан әрі - есеп).
      3. "Азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды - топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу ережесі мен өлшемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі № 942 қаулысына сәйкес азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жататын ұйымдар жыл сайын тиісті жылдың 25 қарашасына төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарына есеп береді.
      4. Төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 25 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының аумағында өткен жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп береді.
      5. Есептер мынадай деректерден тұратын ерікті нысанда беріледі:
      1) Азаматтық қорғаныс жоспарының болуы;
      2) Азаматтық қорғаныстың басқару, хабардар ету және байланыс жүйелерін жаңғырту мен жетілдіру және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;
      3) Азаматтық қорғаныс күштерін жасақтау, жарақтандыру және әзірлікте ұстау;
      4) зақымдау құралдары қолданылған жағдайларда қорғаныс құралдары тәсілдеріне және іс-қимыл жасауға басқару органдарын даярлау және халықты жаппай оқыту;
      5) Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын салу мен олардың қорын жинақтау және оларды жұмыс істеуге әзірлікте ұстау;
      6) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де ресурстарды, резервтерді құру, жинақтау және уақтылы жаңарту;
      7) төтенше жағдайлардың қаупі және туындауы кезінде эвакуациялау іс-шараларын жоспарлау және жүргізу;
      8) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу;
      9) экономика салалары мен объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және орындау;
      10) проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары.
      6. Есепке мемлекеттік органдар мен ұйымдарың бірінші басшылары қол қояды. Мемлекеттік органдар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында, ал ұйымдар - қағаз тасығышта есептерді ұсынады.

Об утверждении Правил представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2011 года № 1526. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 апреля 2015 года № 173

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.04.2015 № 173 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 4 Закона Республики Казахстан от 7 мая 1997 года "О Гражданской обороне" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 14 декабря 2011 года № 1526

Правила
представления отчетов о выполнении мероприятий
Гражданской обороны

      1. Настоящие Правила определяют порядок представления отчетов о выполнении мероприятий Гражданской обороны (далее - Правила).
      2. Государственные органы ежегодно к 10 декабря соответствующего года представляют в уполномоченный орган по чрезвычайным ситуациям отчеты о выполнении мероприятий Гражданской обороны (далее - отчеты).
      3. Организации, отнесенные к категориям по гражданской обороне в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 сентября 2005 года № 942 "Об утверждении Правил и критериев отнесения городов к группам, организаций - к категориям по гражданской обороне", ежегодно к 25 ноября соответствующего года представляют отчеты в территориальные органы уполномоченного органа по чрезвычайным ситуациям.
      4. Уполномоченный орган по чрезвычайным ситуациям ежегодно к 25 января соответствующего года представляет в Правительство Республики Казахстан отчет о выполнении мероприятий Гражданской обороны на территории Республики Казахстан за прошедший год.
      5. Отчеты представляются в произвольной форме с содержанием следующих данных:
      1) наличие плана Гражданской обороны;
      2) модернизация и совершенствование систем управления, оповещения и связи Гражданской обороны и поддержание их в готовности к использованию;
      3) укомплектование, оснащение и поддержание в готовности сил Гражданской обороны;
      4) подготовка органов управления и всеобщее обучение населения способам средств защиты и действиям в случаях применения средств поражения;
      5) строительство и накопление фонда защитных сооружений Гражданской обороны и содержание их в готовности к функционированию;
      6) создание, накопление и своевременное освежение запасов средств индивидуальной защиты, материально-технических, продовольственных, медицинских и иных ресурсов, резервов для выполнения мероприятий Гражданской обороны и жизнеобеспечения населения;
      7) планирование и проведение эвакуационных мероприятий при угрозе и возникновении чрезвычайных ситуациий;
      8) подготовка и проведение аварийно-спасательных и других неотложных работ;
      9) планирование и выполнение мероприятий по устойчивому функционированию отраслей и объектов экономики;
      10) проблемные вопросы и пути их решения.
      6. Отчеты подписываются первыми руководителями государственных органов и организаций. Государственные органы представляют отчеты в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью, а организации - на бумажном носителе.