«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығындағы квоталық лауазымдардың саны, құрылымы және оларды бөлу туралы» Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасына бекітіліп берілген квотаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығы Әскери қауіпсіздік мәселелері басқармасының бастығы лауазымына Марат Жорабекұлы Сәрсенбаевтың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов