Қазақстан Республикасына бекітіліп берілген квотаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығындағы лауазымға кандидатураны бекітуге ұсыну туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1698 Қаулысы

      «Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Хатшылығындағы квоталық лауазымдардың саны, құрылымы және оларды бөлу туралы» Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2008 жылғы 5 қыркүйектегі шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасына бекітіліп берілген квотаға сәйкес Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Хатшылығы Әскери қауіпсіздік мәселелері басқармасының бастығы лауазымына Марат Жорабекұлы Сәрсенбаевтың кандидатурасын бекітуге ұсыну туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады