Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2012 - 2014 жылдарға арналған арнайы жоспар (бұдан әрі - Жоспар);
2) Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары;
3) Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары бекітілсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты, оның ішінде Жоспарды іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпаратты берсін.
5. Осы қаулы 2012 жылғы 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген
Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
2012 — 2014 жылдарға арналған арнайы жоспар
Р/с № |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты орындаушылар |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Қаржы-шаруашылық қызметті жаңарту үшін, 2011 жылғы 16-18 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау |
|||
Тетігі: |
Ағымдағы шаралар |
||||
1. |
«Даму» КДҚ» АҚ-ға тікелей кредит беру бағдарламасын әзірлеу |
ЭДСМ, «Даму КДҚ» АҚ |
«Даму КДҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі |
2012 жылғы 10 қаңтарға дейін |
2. |
Тікелей кредит беру бағдарламасын әзірлеуге байланысты «Даму КДҚ» АҚ ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
«Даму КДҚ» АҚ |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы 10 қаңтарға дейін |
3. |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Ішкі кредит саясаты туралы қағидасына қарызды нарықтық ставкасыз беру мүмкіндігі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі |
2012 жылғы 15 қаңтарға дейін |
4. |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының «Даму» КДҚ» АҚ-ға Жаңаөзен қаласында тікелей кредит беру функцияларын беру бөлігінде шешім қабылдауы |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының шешімі |
2012 жылғы 10 қаңтарға дейін |
5. |
Зардап шеккен кәсіпкерлерден өтінімдер жинау |
Маңғыстау облысының әкімдігі, «Даму» КДҚ»АҚ |
Өтінімдерді тіркеу |
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін |
6. |
Кәсіпкерлер өтінімдерін қарау және кредит беру туралы шешімдер қабылдау |
«Даму» КДҚ» АҚ |
«Даму» КДҚ» АҚ Кредит комитетінің шешімдері |
2012 жылғы 10 қаңтарға бастап |
7. |
Кәсіпкерлерге кредит беру |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Кредит берілген қарыз алушылар саны туралы Үкіметке есеп |
Тоқсан сайын |
2. Ісін жаңадан бастайтын және жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау |
Тетігі: «Даму» КДҚ» АҚ-ы қаражатын кейіннен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге/өзге қаржы ұйымдарына негіздеп орналастыру |
||||
Ағымдағы шаралар: |
||||
1. |
«Даму - өңірлер» бағдарламасын іске асыру үшін, оның ішінде Жаңаөзен қаласында жеке |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
«Самұрық- Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма шешімі |
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін |
2. |
Бағдарламаға қатысатын ЕДБ/өзге де қаржы ұйымдарын іріктеу және әр банкке лимит белгілеу |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы 30 қаңтарға дейін |
3. |
ЕДБ-мен/өзге де қаржы ұйымдарымен кредиттік келісімдер жасасу |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Шарттар |
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін |
4. |
Осы Жоспар аясында қаржыландыруға жобаларды қарау үшін Жаңаөзен қаласы әкімдігі жанынан мамандандырылған алқалы орган құру |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Жаңаөзен қаласы әқімінің шешімі |
2012 жылғы 31 қаңтарға дейін |
Орта мерзімді шаралар |
||||
5. |
ЕДБ-ны/ өзге де қаржы ұйымдарын қаржыландыру |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы ақпаннан бастап тоқсан сайын |
6. |
ШОБ-ты бұрын берілген кредиттерді қайта қаржыландыру (Бағдарламаға бөлінген соманың 70 %-на дейін) жолымен қаржыландыру және ШОБ-тың жаңа жобаларына (Бағдарламаға бөлінген соманың кемінде 30 %) кредит беру |
ЕДБ, «Даму» КДҚ» АҚ (шоғырландыру) |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы ақпаннан бастап тоқсан сайын |
7. |
«Даму» КДҚ» АК өңірлік филиалының қаражат алған қарыз алушыларға мониторинг жүргізуі |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын |
Екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге де Осы бөлімде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен бекітілген ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады. |
8. |
Республикалық бюджеттен субсидиялау және «Даму» КДҚ» АҚ қызметтері үшін қаражат бөлу |
ЭДСМ |
«Даму» КДҚ АҚ-мен шарт жасасу |
2012 жылғы 1-тоқсан |
9. |
ЕДБ-мен, өзге де қаржы ұйымдарымен, «Даму» КДҚ» АҚ-мен және Маңғыстау облысының әкімдігімен субсидиялау бойынша келісімдер жасасу |
ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі |
Ынтымақтастық туралы келісімдер жасасу |
2012 жылғы қаңтар- ақпан |
10. |
Облыстың ӨҮК-де субсидиялау үшін кәсіпкерлердің жобаларын қарау және мақұлдау |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
ӨҮК отырыстарының хаттамалары |
Өтінімдердің түсуіне қарай, ай сайын |
11. |
Банктік қарыз шарттарын, қаржы лизингі шарттарын және үш жақты субсидиялау шарттарын жасасу |
«Даму» КДҚ» АҚ, ЕДБ, ЛК |
Жасалған субсидиялау шарттары туралы Үкіметке ақпарат |
Ай сайын |
12. |
Субсидияларды төлеу |
«Даму» КДҚ» АҚ,ЕДБ |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын |
«Даму» КДҚ» АҚ-ның екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттеріне кепілдік беру тетігін енгізу Осы бөлімде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасында бекітілген ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады. |
13. |
Республикалық бюджеттен кепілдік беру және «Даму» КДҚ» АҚ қызметтері үшін қаражат бөлу |
ЭДСМ |
«Даму» КДҚ АҚ шарт жасасу |
2012 жылғы 1 тоқсан |
14. |
Кепілдік беру туралы ЕДБ-мен, Маңғыстау облысының әкімдігімен келісімдерге қол қою |
«Даму» КДҚ АҚ, ЕДБ, Маңғыстау облысының әкімдігі |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы ақпан |
15. |
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде ЖКС кредиттеріне кепілдік беру |
«Даму» КДҚ АҚ, ЕДБ |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын |
Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту Индустриялық жобаларды іске асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газдандыруды, су таратқыштарды, бу құбырларын, жылумен және сумен қамтамасыз етуді, темір жол тұйықтарын, телефондандыруды, қосымша электр станцияларын электр беру желілерін жүргізуде көмек көрсетілетін болады. Инженерлі инфрақұрылымды жүргізу іс-шаралары «Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасына сәйкес іске асырылатын болады. Қаржыландыру «Бизнесті жол картасы 2020» бағдарламасында Маңғыстау облысына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады. |
||||
16. |
ЖАО инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының дамуын анықталған техникалық шарттар немесе заңмен белгіленген тәртіпте бекітілген жоба-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын |
«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-мен шағын және орта бизнесті Әріптестік бағдарламасының мақсаты Жаңаөзен қаласы мен жақын орналасқан елді мекендердегі кәсіпкерлікті «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, қаржы институттарының және жергілікті жеткізушілерді келесі өнімдерді қайта бөлу өндірісін дамыту және баламалы бизнесті дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру есебінен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру арқылы дамыту болып табылады. Іс-шараларды қаржыландыру «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберіндегі қаражат және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. |
||||
17. |
«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-мен ШОБ-ты дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламасын әзірлеу |
ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазмұнайга » ҰК» АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі |
Бірлескен іс-шаралар жоспары |
2012 жылғы қаңтар- ақпан |
18. |
Әріптестік бағдарламасының шараларын іске асыру |
ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, Маңғыстау облысының әкімдігі |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы наурыздан бастап тоқсан сайын |
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде микрокредит беру Микрокредит беру республикалық бюджеттен ЖАО-ға бюджеттік кредит есебінен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында жүзеге асырылатын болады. Микрокредиттің нысаналы мақсаты - өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру. Кредит тұтынушылық мақсаттарға бұрынғы қарызын жабуға және тұрған үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға берілмейді. Бір қарыз алушыға берілетін микрокредиттің ең көп сомасы — 3 млн. теңгеге дейін. Кредит беру мерзімі - 5 жылға дейін. Іс-шараларды қаржыландыру «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында Маңғыстау облысына көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады. |
||||
19. |
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Жаңаөзен қаласында микрокредит беру шараларын ұйымдастыру |
Маңғыстау облысының әкімдігі, Еңбекмині |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы ақпан, тоқсан сайын |
3. Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту |
||||
Осы бөлімде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен бекітілген түсініктер мен айқындамалар пайдаланылады. |
||||
Ағымдағы шаралар |
||||
1. |
Мынадай функцияларды бере отырып, «Даму» КДҚ АҚ Маңғыстау облысы бойынша өңірлік филиалының Кәсіпкерлікті дамыту орталығын (КДО) құру: |
ЭДСМ, «Даму» КДҚ АҚ, ЖАО |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы қаңтар |
2. |
Ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету бойынша бизнес-инкубатор құру |
Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының әкімдіктері, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, ЭДСМ, «Даму» КДҚ» АҚ |
Үкіметке ақпарат |
2012 жылғы 3-тоқсан |
3. |
«Бизнес-кеңесші» қысқа мерзімді курстарын өткізу, жылына кемінде 100 адам |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Тыңдаушылар саны туралы есеп |
Тоқсан сайын |
4. |
Кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, жылына кемінде 30 кәсіпорын |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Қолдауға ие болған кәсіпкерлер саны туралы есеп |
Тоқсан сайын |
5. |
Жылына кемінде 5 адамнан ЖК кәсіпорындар - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларын «Назарбаев университетінде» оқыту |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Тыңдаушылар саны туралы есеп |
Тоқсан сайын |
6. |
Кәсіпкерлердің «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуы, жылына кемінде 3 адамды шетелдік тағылымдамадан өткізу |
«Даму» КДҚ» АҚ |
Жобаға қатысқан кәсіпкерлер саны туралы есеп |
Тоқсан сайын |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі;
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлігі;
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі;
ЖАО - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдары;
Маңғыстау
облысының
әкімдігі - Маңғыстау облысының әкімдігі;
Жаңаөзен
қаласының
әкімдігі - Жаңаөзен қаласының әкімдігі;
ӨҮК - Өңірлік үйлестіру кеңесі;
«Самұрық
- Қазына»
ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамы;
«Даму» КДҚ»
АҚ - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
«Қазмұнайгаз»
ҰК» АҚ - «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; «Назарбаев
Университеті» - «Назарбаев университеті» акционерлік қоғамы;
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер;
ЛК - лизингтік компаниялар;
ШОБ - шағын және орта бизнес;
ЖКС - жеке кәсіпкерлік субъектісі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау қағидалары 1. Кіріспе
1. Осы Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Жаңаөзен қаласында (бұдан әрі - Өңір) кәсіпкерлікті дамытудың 2012 - 2014 жылдарға арналған арнайы жоспарын іске асыру шеңберінде әзірленді.
2. Банктер мен Өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау осы Қағидаларда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Өңірде экономиканың кез келген секторында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - Кәсіпкер) жаңа және қолданыстағы кредиттері бойынша жүзеге асырылады.
3. Мұнай-газ саласының кәсіпорындары, сондай-ақ қару-жарақ және акцизделетін өнім шығаратын кәсіпорындар және құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар Жоспардың қатысушылары бола алмайды.
4. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға кредитті/лизингтік мәмілені қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Мақсаттарға, міндеттерде, нәтижелер көрсеткіштеріне жауапты мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар және Қағидаларда қолданылатын терминдер:
1) Банк - Жаңаөзен қаласының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін/лизингтік мәмілелерін субсидиялау шеңберінде ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Ынтымақтастық туралы келісім) жасасқан екінші деңгейдегі банк;
2) Субсидиялау шарты - шарттары бойынша Қаржы агенті Кәсіпкердің Банк немесе Өзге қаржы ұйымдары берген Кредит/Лизингі бойынша сыйақы ставкасын ішінара субсидиялайтын Қаржы агенті, Кәсіпкер, Банк және Өзге қаржы ұйымдары арасында жасалатын үш жақты жазбаша келісім;
3) Қарыз шарты - шарттары бойынша Банк және өзге де қаржы ұйымдары Кәсіпкерге кредит беретін Кәсіпкер, Банк және өзге де қаржы ұйымдары арасында жасалған жазбаша келісім. Банктік қарыз шартына Кредит желісін ашу туралы келісім де жатады;
4) Қаржы лизингі шарты - Шарттары бойынша Банк Кәсіпкерге лизинг беретін Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары арасында жасалған жазбаша келісім;
5) Өзге де қаржы ұйымдары - Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Банктерді қоспағанда, қаржы ұйымдары;
6) Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі - Кәсіпкерлер үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті жерде Жергілікті атқарушы органдар жоспарды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
7) Лизингтік мәмілелер (бұдан әрі - лизинг) - мүлік сатып алу және оны Қаржы лизингі шарты негізінде белгілі бір ақыға белгілі бір мерзімге және лизинг алушының мүлікті сатып алу құқығымен не онсыз Қаржы лизингі шартында негізделген белгілі бір шарттармен үшінші тұлғаларға беру жөніндегі инвестициялық қызмет түрі;
8) Жоспар - Жаңаөзен қаласында 2012 - 2014 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту және Өңірдің осы Қағидаларда көзделген 2012 - 2014 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында әзірленген іс-шаралар жиынтығы;
9) жоба - кәсіпкер бизнестің әр түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
10) Өңірлік үйлестіру кеңесі - Жергілікті атқарушы органдар, Банктер және Өзге қаржы ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Маңғыстау облысының әкімдері басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі - ӨҮК);
11) субсидиялау - Кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдаудың Кәсіпкердің Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына кредиттер бойынша сыйақы ретінде, болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу үшін пайдаланылатын нысаны;
12) субсидиялар - өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенті Субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына төлейтін кезеңді төлемдер;
13) Уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі;
14) Қаржы агенті - Жоспар шеңберінде:
Банктерге және Өзге қаржы ұйымдарына пайыздық ставканы субсидиялау шеңберінде қаржы қаражатын аудару;
Жоспардың іске асырылуы мониторингі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ.
6. Жоспарды іске асыру шеңберінде:
Жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді Банктер және Өзге қаржы ұйымдары және ӨҮК Жоспарда белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
мемлекет Уәкілетті орган және арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы субсидиялау және (немесе) мемлекеттік қолдауды басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі жөніндегі шешім қабылдайды;
Мемлекет тарапынан Жоспарды іске асыру шеңберінде барлық келісуді «бір терезе» қағидаты бойынша жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі орындайтын болады.
Кәсіпкерге Жоспардың барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер және Өзге де қаржы ұйымдары арқылы мемлекеттік қаржы қолдауын алатын кәсіпкерлер Жоспардың қатысушысы болуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде осы Қағидалардың ережелерін ескеретін болады.
2. Жоспардың мақсаты
10. Жоспардың негізгі мақсаттары:
1) Өңірде әлеуметтік-экономикалық ахуалды қалпына келтіру;
2) Өңірдегі тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Кәсіпкерлерді қолдау;
3) Өңірде жаңа өндірістер құру;
4) қазіргі жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
11. Жоспарды іске асыру Өңірде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнайы жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
12. Уәкілетті орган Жоспарды іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және Өңір үшін жалпы қаржыландыру лимитін айқындайды.
13. Уәкілетті орган мен облыс әкімі арасында:
1) Өңірде кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
2) Өңірде жаңа өндірістер құру;
3) Халықтың еңбектегі ұтқырлығын ынталандыру бойынша нәтижелер туралы үлгілік келісімдер жасалады.
14. Жоспар шеңберінде субсидиялауға бөлінген және қаржы жылының қорытындысы бойынша пайдаланылмаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.
15. Жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттік қолдау жобаларды іске асыру үшін Банктердің және Өзге қаржы ұйымдарының кредиттері/Қаржы лизингінің шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау болып табылады.
16. Жергілікті атқарушы органдар, Қаржы агенті, банктер және Өзге қаржы ұйымдары арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін Ынтымақтастық туралы келісім (Қағидаларға № 1 қосымша) жасалады.
17. Қаржы агентінің қызметтеріне Уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
18. Субсидиялауға көзделген қаражатты жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі Қаржы агентіне өздерінің арасында жасалатын жеке шарт негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферттің қаражаты есебінен аударады (Қағидаларға № 2 қосымша).
3. Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
19. Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттердің/Қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы Кәсіпкердің әрбір жобасы бойынша 3 (үш) млрд. теңгеден аспайды. Кредиттің/Қаржы лизингі шартының(тарының) сомасы 10 (он) жылдан аспайды.
20. Субсидиялау мерзімі ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейінгі мерзімді құрайды.
21. Пайыздық ставканы субсидиялау тиімді сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін Банктердің және Өзге қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
1) өтініш беруші бастамашы болатын кредит беру/лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) өтініш берушінің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
22. Егер:
кредит(тер) бойынша тиімді сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 7 %-н мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді;
кредит(тер) бойынша тиімді сыйақы ставкасы 7 %-дан аз немесе соған тең болса, онда сыйақы ставкасы толық субсидияланады.
23. Қайтарымды лизинг, қайталама лизинг немесе қосалқы лизинг шарттары бойынша субсидиялау жүзеге асырылмайды.
4. Кредиттер/Қаржы лизингі шарттары бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі
24. Кәсіпкерлік Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына:
1) жаңа кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредит/лизинг беру беруге арналған өтінішпен (Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша);
2) қолданыстағы кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша Банкті және Өзге қаржы ұйымдарын субсидия алу ниеті туралы хабардар ететін өтінішпен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) және кредиттер/лизинг бойынша номиналдық сыйақы ставкасын осы Қағидаларда белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухатпен жүгінеді.
25. Банк және Өзге қаржы ұйымдары жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету туралы оң шешім болған жағдайда Кәсіпкерге жобаға кредит беруге/Қаржы лизингі шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша хат жібереді. Бұл ретте оң шешімі бар Банк және Өзге қаржы ұйымдары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне Кәсіпкердің өтінішімен бірге жүгінеді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) лицензия, егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;
4) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесімен қоса, қаржы есептері және/немесе web-сайттарда
орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде
берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен
қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
5) Банктің және Өзге қаржы ұйымдарының Жоспарға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
26. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі өтініштер мен құжаттарды алғаннан кейін:
1) өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді. Құжаттар пакеті толық тапсырылмаса не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына қайтарып беруге құқылы;
2) Кәсіпкердің жобасын алдын ала қарауды және жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеуді;
3) барлық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің жобасын қарау үшін ӨҮК-ге жіберуді жүзеге асырады.
27. Өткізілетін отырыстар шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды
жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Жоспардың өлшемдеріне сәйкестігін тексеру;
2) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды қарау және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
3) Кәсіпкердің жобасын қарау кезінде ӨҮК одан жобаны толық талдау және шешім қабылдау үшін Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерлер жобаларына іріктеу жүргізеді және Кәсіпкерді Субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада жекелеген Кәсіпкерлердің Жоспарға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
28. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына жібереді (бұл ретте көшірмесінде Қаржы агенті көрсетіледі).
5. Субсидиялау тәртібі
29. Банк және Өзге қаржы ұйымдары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен ҚҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде Қаржы агенті, Банк және Өзге қаржы ұйымдары арасында Субсидиялау туралы шарт (Қағидаларға № 3 қосымша) жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
30. Банк және Өзге қаржы ұйымдары қолданыстағы Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкердің Қарыз шартында/Қаржы лизингі шартына көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа Кредиттер/Лизингтер бойынша Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
1) Кәсіпкердің бастама жасайтын Кредит беру/Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің Кредит/Лизинг бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріліп алынатындарды қоспағанда, ЖКС үшін комиссияларды, алымдарды және/немесе Кредитке/Лизингке байланысты өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме алады.
31. Субсидиялау шартын:
1) Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
үлгілік жобалар бойынша жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен хат алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде;
ерекше шарттары бар жобалар бойынша жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) Қаржы агенті:
Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан үлгілік жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан ерекше шарттары бар үлгілік жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес жасасады.
32. Субсидиялау шарты оның белгіленген нысанға, Жоспардың талаптарына және ӨҮК шешіміне сәйкес келуі шартымен оған Қаржы агентінің қол қойған күнінен қарамастан, ол Кәсіпкер, Банк және Өзге қаржы ұйымдары қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының күшіне ену күні Қаржы агенті тарапынан түзетілуге жатпайды.
33. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Субсидиялау шартына қол қойған күннен кейінгі күннен басталса, Субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
34. Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойғанға дейін субсидиялар төлеу күні басталған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаса немесе жеткіліксіз болса, Кәсіпкер одан әрі Қаржы агенті төлеген соманы өтей отырып, төлеуді өзі жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болса немесе жеткілікті болса Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қаражатты Қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасын өтеу шотына есептен шығаруды жүргізеді.
35. Банк Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарты бойынша субсидиялардың сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
36. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентімен келісім бойынша төлем агенті - банкті айқындайды, онда Қаржы агенті субсидияларды аудару үшін шот ашады.
37. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне ағымдағы қаржы жылында Жоспарды іске асыруға бөлінген соманың 30 % мөлшеріндегі қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
38. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Банкке ағымдағы шотқа Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
39. Кәсіпкер Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына Қарыз
шартына/Қаржы лизингі шартына орай өтеу кестесіне сәйкес сыйақының
субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
40. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк және Өзге қаржы ұйымдары Қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны ЖҚС-нің кредиті/лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу шотына есептен шығаруды жүзеге асырады.
41. Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары ЖКС берешекті
өтегенге дейін сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу үшін
Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы Қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді (Қаржы агенті Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда).
42. Қаржы агенті Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан Субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына сыйақының және төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады және Субсидиялардың мөлшерін (мерзімінен бұрын ішінара өтегенде) өзгертуге құқылы.
43. Кәсіпкердің Қарыз шартының/Қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес Қаржы агенті Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде субсидиялар аударуды жүзеге асыруға құқылы, ол бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсынады.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
44. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде қабылдайды.
45. Қаржы агентінің:
1) Субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті/лизингті мақсатсыз пайдалану;
2) Жобаның және/немесе Кәсіпкердің Жоспардың шарттарына сәйкес келмеу;
3) Жоспардың қатысушыларының шоттарының тыйым салыну және/немесе сот талқылауларының өту;
4) Кәсіпкердің Қарыз шартына/қаржы лизингі шартына сәйкес төлемдер кестесі бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамау фактілері белгіленген кезде Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.
46. Субсидияларды төлеуді тоқтата тұрған жағдайда Қаржы агенті мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын, Кәсіпкерді, жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
47. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ӨҮК отырыстарын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерін хабардар етеді.
48. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде субсидиялауды қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
49. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
50. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мәлімет үшін Қаржы агентіне, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жібереді.
51. Отырыс нәтижелері бойынша Қаржы агенті:
1) Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімді келіскен жағдайда:
Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын және Кәсіпкерді субсидиялау төлеудің қалпына келтірілгені туралы хабарлайды;
өздеріне тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда Субсидиялау шартын біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарламаны Кәсіпкерге, банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жібереді, онда Субсидиялау шартының бұзылған күні және бұзу себебі көрсетіледі.
52. Мынадай жағдайларда Қаржы агентінің Кәсіпкерге, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жіберген хабарламасында көрсетілген күннен бастап субсидиялар төлеу тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
Кәсіпкердің Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша кредитін/лизингін толық мерзімінен бұрын өтеуі. Кәсіпкердің Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
Субсидиялау шартын тоқтату туралы шешім қабылдау;
Кәсіпкердің Субсидиялау шартын тоқтату туралы бастамасы бойынша.
53. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қолданыстағы кредит/қаржы лизингі шарты бойынша Кәсіпкерге жаңа Субсидиялау шарты жасалғанға дейін қолданыста болған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілеуі мүмкін.
54. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасасқан кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен бірге Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
55. Мақсатсыз пайдалануы анықталған Кәсіпкердің жаңа кредиті/лизингі бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентіне Кредитті/Лизингті мақсатсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттарды қоса беріп, құжаттарды береді.
7. Жоспар мониторингі
56. Жоспарды іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына:
1) Банк және Өзге де қаржы ұйымдары беретін деректер мен құжаттар негізінде Субсидиялау шарты жасалған Кәсіпкердің жаңа кредитін/лизингін мақсатты пайдалану мониторингі;
2) Банк және Өзге де қаржы ұйымдары беретін деректер негізінде Кәсіпкердің субсидияланатын кредитінің/лизингінің төлемдер тәртібінің мониторингі;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Қағидалардың шарттарына сәйкестік мониторингі.
57. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті
Кәсіпкерден, Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан барлық қажетті
құжаттарды және ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға, жергілікті жерге барып жобаның іске асырылу мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
58. Мониторинг тәртібі мен мерзімін, сондай-ақ есептілік нысандарын Қаржы агенті дербес айқындайды.
Жаңаөзен қаласында өз қызметін
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау
қағидаларына 1-қосымша
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде ынтымақтастық туралы үлгі келісім
Ынтымақтастық туралы үлгілік келісім (бұдан әрі — Келісім) бірлесіп «Тараптар», әрқайсысы жекелей «Тарап» деп аталатын Уәкілетті орган, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары, Қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган арасында жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201_ жылғы № ____ қаулысымен бекітілген Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін Банктердің және Өзге де қаржы ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидаларын (бұдан әрі - Субсидиялау қағидатары) іске асыру үшін төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Терминдер мен қысқартулар
Банк Келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк;
Субсидиялау шарты Қаржы агенті, ЖКС, Банк және Өзге де қаржы
(СШ) ұйымдары арасында жасалатын үшжақты жазбаша
келісім, оның шарттары бойынша Қаржы агенті
Банк немесе Өзге де қаржы ұйымдары берген
ЖКС-ның Кредит/Лизинг бойынша сыйақы
ставкасын ішінара субсидиялайды;
Қарыз шарты (ҚШ) шарттары бойынша Банк және Өзге де қаржы
ұйымдары ЖКС-ге кредит беретін, ЖКС, Банк
және Өзге де қаржы ұйымдары арасында
жасалған жазбаша келісім;
Қаржы лизингі шарттары бойынша Банк және Өзге де қаржы
шарты ұйымдары ЖКС-ге лизинг беретін, ЖКС, Банк
және Өзге де қаржы ұйымдары арасында
жасалған жазбаша келісім;
Өзге де қаржы Келісім жасасқан Банктерді қоспағанда,
ұйымдары қаржы ұйымдары;
Жергілікті «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті
деңгейде жерде Жоспарды іске асыруға жауапты
Бағдарлама жергілікті атқарушы органның Маңғыстау
Үйлестірушісі облысы әкімінің шешімі бойынша айқындалатын
құрылымдық бөлімшесі;
Жоба ЖКС бизнестің әр түрлі бағыттарында
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы
келмейтін кіріс алуға бағытталған
бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын
іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы;
Кредит Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қарыз
шарты негізінде жеделдік, ақылы,
қайтарымдылық, қамтамасыз етілгендік және
мақсатты пайдалану шарттары негізінде
ЖКС-ге беретін ақша қаражатының сомасы;
Лизингтік мүлік сатып алу және оны Қаржы лизингі
мәмілелер шарты негізінде белгілі бір ақыға белгілі
(бұдан әрі бір мерзімге және лизинг алушының мүлікті
- Лизинг) сатып алу құқығымен не онсыз Қаржы лизингі
шартында негізделген белгілі бір шарттармен
үшінші тұлғаларға беру жөніндегі
инвестициялық қызмет түрі;
Жоспар қағидаларда көзделген 2012 - 2014 жылдарға
арналған Өңірдің әлеуметтік-экономикалық
даму проблемаларын шешу мақсатында
әзірленген іс-шаралар жиынтығы;
Өңірлік үйлестіру жергілікті атқарушы органдар, Банктер және
кеңесі (бұдан әрі Өзге қаржы ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар
- ӨҮК) өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың
қатысуымен Маңғыстау облысының әкімі
басқаратын консультативтік-кеңесші орган;
ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тіркелген және өз қызметін
экономиканың секторларында жүзеге асыратын
жеке кәсіпкерлік субъектісі;
Субсидиялау ЖКС-ны мемлекеттік қаржылық қолдаудың
ЖКС-ның Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына
кредиттер/лизингтер бойынша сыйақы ретінде,
болашақта ЖКС-нің операциялық қызметіне
жататын белгілі бір шарттарды орындауға
айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу
үшін пайдаланылатын нысаны;
Субсидиялар өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы
агенті Субсидиялау шарттарының негізінде
субсидиялау шеңберінде Банкке және Өзге
қаржы ұйымдарына төлейтін кезеңді төлемдер;
Тұрақтандырушы Мемлекеттік бағдарламалар мен Қазақстан
немесе Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларын
дағдарысқа қарсы орындау шеңберінде іске асырылатын
бағдарламалар іс-шаралар:
- «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының тұрақтылығын
қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі
іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» 2007
жылғы 6 қарашадағы № 1039;
- «Қазақстан Республикасы Үкіметінің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін
тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға
арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы»
2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085;
- және Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін өзге де нормативтік құқықтық
актілер.
2. Келісім нысанасы
1. Уәкілетті орган Жоспарды іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы (бұдан әрі — Өңір) үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
2. Осы Келісімге сәйкес Қаржы агенті Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан алынған және ӨҮК бекіткен ЖКС кредиті бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
3. Субсидиялау шарттары
Жоспарға қатысушылар: ЖКС;
ЖКС-ның инвестициялық Жобаларды, сондай-ақ
субсидиялауға өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге
жататын және/немесе айналым қаражатын толықтыруға
Кредиттері/Лизингтері: бағытталған Жобаларды іске асыру үшін
берілетін, сыйақысының номиналды ставкасы
жылдық 14 %-дан (он төрт пайыздан) аспайтын
жаңа кредиттер/лизингтер және осындай
мақсаттар үшін 2010 жылғы 1 қаңтардан кейін
берілген қолданыстағы Кредиттер/Лизингтер
Субсидиялауға мұнай-газ саласының кәсіпорындары,
жатпайтын ЖКС: сондай-ақ қару-жарақ және акцизделетін өнім
шығаратын кәсіпорындар және құрылтайшылары
ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық
холдингтер, ұлттық компаниялар мен
акцияларының (жарғылық капиталына қатысу
үлестерінің) елу және одан көп пайызы
тікелей немесе жанама түрде мемлекетке,
ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық
холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі
ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар,
сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде
ресімделген заңды тұлғалар;
Субсидиялау мөлшері: тиімді сыйақы ставкасы 14 %-дан аспайтын,
оның 7 %-ын Қаржы агенті төлейтін
Кредиті/Лизингі бойынша. Егер:
кредит(тер) бойынша тиімді сыйақы ставкасы
жылдық 14 %-дан төмен болса, онда 7 %-н
мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Кәсіпкер
төлейді;
кредит(тер) бойынша тиімді сыйақы ставкасы
7 %-дан аз немесе соған тең болса, онда
сыйақы ставкасы толық субсидияланады;
Кредиттің/Лизингтің ЖКС әрбір жеке Жобасы бойынша 3 млрд.
субсидиялауға теңгеден аспайды. Бұл ретте Кредиттің
жататын сомасы: (тердің)/Лизингтің(тердің) сомасы олармен
аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың
Кредиті(тері) /Лизингтің(тердің) бойынша
берешекті есепке алмағанда, ЖКС әрбір
жобасы жеке-жеке есептеледі. Егер кредиттің
(тердің)/ЖКС-ның жекелеген Жобасына
берілген Кредит бойынша негізгі борыш
қалдығының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден
асса, ЖКС бір Жоба/Лизингтің(тердің)
бойынша Субсидиялау нысанында 3 млрд. теңге
шегінде мемлекеттік қолдау алуға құқығы
бар;
Субсидиялау мерзімі: кейіннен ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылға дейін;
Жоспарға қатысу үшін ЖКС жобасы Субсидиялауға қаражат
ЖКС қойылатын бөлінетін Маңғыстау облысы Жаңаөзен
міндетті талаптар: қаласының аумағында іске асырылуы тиіс;
Субсидиялауды тоқтату Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша
негіздемелері: ЖКС-ның Кредитті/Лизингті толығымен өтеуі.
ЖКС-ның Кредитті/Лизингті бойынша ақша
қаражатын Банкке және Өзге де қаржы
ұйымдарына толығымен өтеген күні
Субсидиялауды тоқтатылған күні деп
есептеледі;
Субсидиялауды тоқтату туралы шешім
қабылдау;
ЖКС-ның Субсидиялау шартын тоқтату туралы
бастамасы бойынша.
4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі мынадай:
ЖКС Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына:
1) жаңа кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда кредит/лизинг беру беруге арналған өтінішпен (Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша);
2) қолданыстағы кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша Банкті және Өзге қаржы ұйымдарын субсидия алу ниеті туралы хабардар ететін өтінішпен (Ынтымақтастық туралы келісімде көзделген нысан бойынша) және кредиттер/лизинг бойынша номиналдық сыйақы ставкасын осы Қағидаларда белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы қолдаухатпен жүгінеді.
2. Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
1) жаңа Кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша Жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне Банктің және Өзге қаржы ұйымының ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен бағалау жүргізеді, осыдан кейін ЖКС ұсынатын хатта көрсетілетін Жоспарға қатысуға ЖКС-ге мүмкіндік беретін шарттарда Кредит беру/Қаржы лизингі шартын жасасу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім шығарады;
2) қолданыстағы Кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша тиімді сыйақы ставкасын осы Келісімде белгіленген мөлшерге дейін төмендету мүмкіндігі мәселесін қарайды. Қабылданған шешімді Банк және Өзге қаржы ұйымдары ЖКС-ге жауап хатында көрсетеді.
3. ЖКС-ге Жоспарға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кредит
беру/Қаржы лизингі шартын жасасу немесе Кредит/Лизинг бойынша сыйақы
ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң қорытындысы бар Банк және Өзге қаржы ұйымдары мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Келісімге № 2 қосымшада белгіленген нысан бойынша ЖКС-ның өтініш-анкетасымен бірге жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне жүгінеді:
№ |
Құжаттың атауы |
1. |
ЖКС-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі). |
2. |
Лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (ЖКС-ның мөрімен/қолымен pacталған көшірмесі). |
3. |
жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғамдар қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады. |
4. |
ЖКС-ның соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесімен қоса, қаржы есептері және/немесе WEB-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі |
5. |
Банктің және Өзге қаржы ұйымдарының Жоспарға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда ЖКС Кредит беру/Лизинг шартын жасау немесе Кредит/Лизинг бойынша сыйақы ставкасын төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты. |
4. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі Банктен және Өзге қаржы ұйымдарынан өтініш-анкетаны алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) құжаттар пакеті толық тапсырылмаса не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, өтінішпен бірге берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексеру. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына қайтарып беруге құқылы;
2) ЖКС-ның жобасын алдын ала қарау және Жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар әзірлеу;
3) Кәсіпкерлер жобасын толық құжаттар пакетін алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ӨҮК-ге қарауға жіберу.
5. Өткізілетін отырыстар шеңберінде ӨҮК:
1) ЖКС-ның және ол іске асыратын жобалардың Жоспардың шарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) ЖКС жобасы мен қоса берілетін құжаттарды қарауды және ӨҮК мүшелерінің арасында талқылауды;
3) ЖКС жобасын қарау кезінде ӨҮК Жобаны барынша толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттар сұрауға құқылы. Бұл жағдайда ЖКС құжаттары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
4) талқылау нәтижелері бойынша ЖКС-ты Субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы
өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Келісімге № 3қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте,
хаттамада ЖКС-ның Жоспарға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
6. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі хаттамаға ӨҮК мүшелері қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына жібереді (бұл ретте көшірмеде Қаржы агенті көрсетіледі).
5. Субсидиялау тәртібі
1. Банк және Өзге қаржы ұйымдары жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және Субсидиялау туралы оң шешім болған кезде Қаржы агенті, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенті Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына өтеу кестесіне сәйкес және Субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы ставкасын төлеуді жүзеге асырады.
2. Бұл ретте, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін ЖКС-ның Қарыз шартында/Қаржы лизингі шартына көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа Кредиттер/Лизингтер бойынша Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
1) ЖКС бастама жасайтын Кредит беру/Қаржы лизингі шарты талаптарының өзгеруіне байланысты;
2) ЖКС-ның Кредит/Лизинг бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша өндіріліп алынатындарды қоспағанда, ЖКС үшін комиссияларды, алымдарды және/немесе Кредитке/Лизингке байланысты өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме алды.
3. Субсидиялау шартын:
1) Банк және Өзге қаржы ұйымдары:
жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен үлгілік жобалар бойынша хат алғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде;
жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хат алған сәттен бастап 20 жұмыс күні ішінде;
2) Қаржы агенті:
Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан үлгілік жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан ерекше шарттары бар үлгілік жобалар бойынша Субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қағидаларда белгіленген нысанға сәйкес жасасады.
4. Субсидиялау шарты оның белгіленген нысанға, Жоспардың талаптарына және ӨҮК шешіміне сәйкес келуі шартымен оған Қаржы агентінің қол қойған күнінен қарамастан, ол Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте Субсидиялау шартының күшіне ену күні Қаржы агенті тарапынан түзетілуге жатпайды.
5. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк және Өзге қаржы ұйымдары дербес айқындайды. Егер Кредит/Лизинг бойынша сыйақыны есептеу Субсидиялау шартына ЖКС, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған күннен кейінгі күнімен басталған жағдайда, Субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған күн субсидиялау кезеңіне кірмейді.
6. Субсидиялау шартына Қаржы агенті қол қойғанға дейін субсидиялар төлеу күні басталған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаса немесе жеткіліксіз болса, Кәсіпкер одан әрі Қаржы агенті төлеген соманы өтей отырып, төлеуді өзі жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болса немесе жеткілікті болса Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қаражатты Қаржы агентінің ағымдағы шотынан осы ЖКС-ның Кредиті/Лизингі бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасын өтеу шотына есептен шығаруды жүргізеді.
7. Банк Қаржы агентіне жасалған Субсидиялау шарты бойынша субсидиялардың сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
8. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентімен келісім бойынша төлем агенті - банкті айқындайды, онда Қаржы агенті субсидияларды аудару үшін шот ашады.
9. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі сыйақы ставкасын Субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне ағымдағы қаржы жылында Жоспарды іске асыруға бөлінген соманың 30 % мөлшеріндегі қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
10. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды Қаржы агенті Банкке ағымдағы шотқа Субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен жүзеге асырады.
11. ЖКС Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына орай өтеу кестесіне сәйкес сыйақының субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
12. ЖКС-ның сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк және Өзге қаржы ұйымдары Қаржы агентінің ағымдағы шотынан ақшаны ЖКС-ның Кредиті/Лизингі бойынша сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу шотына есептен шығаруды жүзеге асырады.
13. ЖКС Кредит/Лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының Субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары ЖКС берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының Субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және бұл туралы Қаржы агентін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді (Қаржы агенті Субсидиялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдамаған жағдайда).
14. Қаржы агенті Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан Субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына сыйақының және төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
15. ЖКС-ның Қарыз шартының/Қаржы лизингі шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес Қаржы агенті Банк және Өзге де қаржы ұйымдары сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу жөнінде жеңілдікті кезең берген ЖКС-ның Кредиті/Лизингі бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде Субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
16. Тараптар осы Келісім шеңберінде егер төлеу күні жұмыс емес немесе мереке күніне сәйкес келсе, төлем одан кейінгі жұмыс күні жүзеге асырылады деп келісті.
6. Есептілікті табыс ету тәртібі
1. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаржы агентіне осы Келісімге № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.
2. Қаржы агенті тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне осы Келісімге № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп береді.
7. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
1. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді ӨҮК Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде қабылдайды.
2. Қаржы агентінің:
1) Субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа Кредитті/Лизингті мақсатсыз пайдалану;
2) Жобаның және/немесе ЖКС-ның Жоспардың шарттарына сәйкес келмеу;
3) Жоспардың қатысушысы шоттарының тыйым салыну және/немесе сот талқылауларының өту;
4) ЖКС-ның Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамау фактілері белгіленген кезде ЖКС-ны субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.
3. Субсидиялар төлеуді тоқтата тұрған жағдайда Қаржы агенті мұндай шешім қабылданған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын, ЖКС-ны, жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісін субсидиялауды тоқтата тұрудың себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі Қаржы агентінен ЖКС-ны Субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін ӨҮК отырыстарын өткізудің күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерін хабардар етеді.
5. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мыналарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған жағдайда шешімде субсидиялауды қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
6. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мәлімет үшін Қаржы агентіне, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жібереді.
8. Отырыс нәтижелері бойынша Қаржы агенті:
1) ЖКС-ны Субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешімді келіскен жағдайда:
Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын және ЖКС-ны субсидиялау төлеудің қалпына келтірілгені туралы хабарлайды;
өздеріне тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген Субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) ЖКС-ны Субсидиялауды тоқтату туралы шешімді келіскен жағдайда Субсидиялау шартын біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарламаны ЖКС-ге, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жібереді, онда Субсидиялау шартының бұзылған күні және бұзу себебі көрсетіледі.
9. Мынадай жағдайларда субсидиялар төлеу тоқтатылған, ал Субсидиялау шарты бұзылды деп танылады:
1) ЖКС-тың Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша кредитін/лизингін толық мерзімінен бұрын өтеуі. ЖКС-тың Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
2) ЖКС-ты Субсидиялау шартын тоқтату туралы шешім қабылдау бастамалары;
3) ЖКС-тың Субсидиялау шартын тоқтату туралы бастамасы бойынша.
10. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қолданыстағы Кредит/Қаржы лизингі шарты бойынша жаңа Субсидиялау шарты жасалғанға дейін ЖКС-ге қаржыландырудың бұрын қолданылған шартын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссиялар, алымдар, және/немесе өзге де төлемдер, өзге де шарттар) белгілеуге құқылы.
11. ЖКС кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентін кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, ЖКС-тың кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасасқан кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен бірге Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қаржы агенті:
1) Қаржы агентіне өтініш білдірген ЖКС-ға Жоспарға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
2) осы Келісімде Тараптар үшін көзделген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің ЖКС-ның Жобалары бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
4) осы Келісімнің іске асырылуына, оның ішінде Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының міндеттемелерді орындауы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
5) Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде осы Келісімнің іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
6) Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын алдын ала жазбаша хабарлай отырып, ЖКС, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары арасындағы Қарыз шартында/Лизингтік қаржы шартында көзделген құқықтар шеңберінде Жобаны іске асыру жеріне барып, Субсидиялау жүзеге асырылып жатқан жаңа Кредитті/Лизингті ЖКС-ның мақсатты пайдалануына жарты жылда кемінде 1 (бір) рет мониторингті жүзеге асыруға;
7) өзінің ресми веб-сайтында Жоспардың іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
8) Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан ЖКС-ның Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша төлемдерді төлемдер кестесіне сәйкес жүзеге асыру жөніндегі Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерінің орындалу барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
9) осы Келісімде және Субсидиялау шартында көзделген жағдайларда Субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) Банкте ашылған ағымдағы жаңа шотқа Субсидиялардың сомасын аударуға;
2) осы Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге;
3) ӨҮК-ге осы Келісімде көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
3. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары:
1) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, ЖКС-ге Кредит/Лизинг беру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауға;
2) Қаржы агентінен осы Келісім және Субсидиялау шарты Шеңберінде көзделген Субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
3) ағымдағы тоқсанда ЖКС-ның Субсидиялауға арналған қаражаттың жеткіліксіздігі туралы Қаржы агентін хабардар етуге құқылы.
4. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары:
1) Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына жүгінген ЖКС-ге Жоспардың шарттары мен қатысу тәртібі туралы білікті консультация беруге;
2) Қаржы агенті беретін қаражатты Субсидиялау шартына сәйкес ЖКС-ны Субсидиялау мақсаттарына ғана пайдалануға;
3) Қаржы агентіне есептелген сыйақылар және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат ұсынуға;
4) осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге. Осы тармақтың қолданылуы Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша ЖКС-ге талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үмітсіздер санатына өткен Кредитті/Лизингті қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында үшінші тұлғаларға беру жағдайларына қолданылмайды;
5) Қаржы агентінің бірінші талабы бойынша Қаржы агентінің талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қарыз шартын/Қаржы лизингі шартын және осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ Қаржы агенті тарапынан Субсидиялау жүзеге асырылатын Кредиттердің/Лизингтің мониторингі бойынша қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік/коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты негізден ұсынуға;
6) Қарыз шартында/Қаржы лизингі шартында Субсидиялау туралы мәселені қарау кезеңінде, сондай-ақ Субсидиялау туралы шешім қабылданғаннан кейін де осы Келісімнің Тараптарына банктік/коммерциялық құпияны жария етуге келісімді бекітуге;
7) Субсидиялау шартын жасасқан ЖКС-ның жаңа Кредитті/Лизингті мақсатты пайдалануына мониторингті жүзеге асыруға;
8) Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының заңды мекенжайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген жағдайда, мұндай өзгерістер туралы Қаржы агентіне күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жазбаша хабарлауға. Хабарламау және/немесе уақтылы хабарламау жағдайында болуы мүмкін салдарлар үшін Банк және Өзге де қаржы ұйымдары жауапты болады;
9) Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ Банк және Өзге де қаржы ұйымдары акцияларының 10%-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе өзгеше біржолғы өтуі және/немесе иелік ету немесе пайдалану құқықтарының өтуі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
5. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі:
1) іске асырылатын Жоспардың жарнамалық науқанын жүргізуге;
2) құжаттардың толық пакеті берілмесе немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар берілген жағдайда ЖКС-ға құжаттарды пысықтауға қайтаруға құқылы.
6. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі:
1) ЖКС-ның тізімдерін ӨҮК-ге уақтылы жіберуге;
2) ӨҮК-ні осы Келісімде белгіленген мерзімде шақыруды жүзеге асыруға және ӨҮК шешімдерінің осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге;
3) ӨҮК отырысы хаттамасының Қаржы агентіне, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына уақтылы берілуін қамтамасыз етуге;
4) ЖКС-ның Жобалары бойынша Қаржы агентіне ақша қаражатының уақтылы аударылуын бақылауға және қамтамасыз етуге;
5) Жоспарды іске асыру мониторингін жүзеге асыруға міндеттенеді.
9. Мониторинг
1. Қаржы агенті осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде мынадай функцияларды:
1) Субсидиялау шарты жасалған ЖКС-ның жаңа Кредитті/Лизингті мақсатты пайдалануына Банк және Өзге де қаржы ұйымдары беретін деректер мен құжаттар негізінде мониторингті;
2) Банк және Өзге де қаржы ұйымдары беретін деректер негізінде ЖКС-ның Кредитінің/Лизингінің субсидияланатын төлем тәртібінің мониторингін;
3) жоба және/немесе кәсіпкердің Қағидалар шарттарына сәйкестігі мониторингін.
Банк және Өзге де қаржы-ұйымдары беретін деректер негізінде ЖКС-ның Банктік қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша субсидияланатын Кредиттерінің/субсидияланатын лизингінің мерзімінен бұрын өтелу мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентінің жазбаша талабы бойынша мониторинг мақсатында шарттардың, төлем құжаттарының және Қаржы агенті сұрататын өзге де құжаттардың Банк және Өзге де қаржы ұйымдары (Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен) растаған көшірмелерін беруге міндетті.
3. Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша субсидияланатын кредит мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда Банк Кредиттің/Лизингтің мерзімінен бұрын өтелгені туралы ақпаратты Қаржы агентіне мерзімінен бұрын толық өтелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде береді.
4. Мақсатсыз пайдалануы анықталған ЖКС-ның жаңа Кредиті/Лизингі бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентіне Кредитті/Лизингті мақсатсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттарды қоса беріп, құжаттарды береді.
5. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі ЖКС Жобасының өңірлік деңгейде іске асырылу барысына, оның ішінде мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күн бұрын мониторингтің мерзімін және шекараларын көрсете отырып, жүргізілетін мониторинг туралы ЖКС-ға, Қаржы агентіне, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына алдын ала хабарлап, оның жедел қызметіне араласпай, ЖКС-ның жобасы іске асырылатын жерге бару жолымен визуалды мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
10. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Келісімде Тараптардың әрбірі осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
2. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені, ақпаратты/есептілікті толық, дұрыс және уақтылы бермегені үшін Қаржы агентінің алдында жауапты болады.
11. Хабарлама
1. Тараптар осы Келісімнің шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу олар Тараптардың уәкілеттік берілген өкіліне жеке тапсырылғанда, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы, факсимиле және телекс арқылы жеткізілген жағдайларда кез келгенінде тиісінше берілген немесе жіберілген деп қаралатын болады.
2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен — қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (почта кәсіпорнының жөнелту кезінде берілген құжатының күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
3) жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы факсимил аппараты растауының болуы шартымен жөнелту күні - факсимиле және телекс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хатты немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуді міндеттеріне алады.
3. Көзделген есептілік қол қойылған материалдарды электрондық почта арқылы жөнелту жолымен Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының кейіннен Қаржы агентіне құжаттардың түпнұсқаларын бере отырып, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық почта растауының болуы шартымен жөнелту күні берілуі мүмкін.
12. Құпиялылық
1. Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат банктік құпия, сондай-ақ өздері осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды деп келіседі.
2. Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруі, жариялауы немесе оны өзгеше жария етуі осы Келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда мүмкін болады.
3. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
4. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария етсе не таратқан жағдайда кінәлі Тарап, осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тараптың тартуы мүмкін болатын зияндарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.
13. Еңсерілмес күш жағдайлары
1. Еңсерілмес күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) жағдайлары. Бұл ретте, еңсерілмес күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
2. Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін, егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмес күш жағдайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады.
3. Еңсерілмес күш жағдайлары басталған кезде өзі үшін осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап ол басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды уақтылы хабардар етуі тиіс.
4. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды басқа Тарапқа өтеуге міндетті.
5. Еңсерілмес күш жағдайларының басталуы осы Келісімнің орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға әкеп соқтырады.
6. Егер мұндай жағдайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы болады.
14. Дауларды шешу
1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
15. Келісім шарттарының өзгеруі
1. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті деп танылады.
16. Қорытынды ережелер
1. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер де Тараптардың құқықтық мирасқорларына өтеді.
2. Осы Келісім, осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісімнің мәніне байланысты Тараптардың өзара толық түсіністігін білдіреді және олардың арасында осы Келісімнің мәніне қатысты болған алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
3. Осы Келісімде қамтылған Баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және қандай да бір шектеулерді, осы Келісімнің қандай да бір ережелерінің сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай-ақ осы Келісім Баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын растамайды.
4. Осы Келісім, бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде, Тараптардың әрқайсысы үшін әрқайсысының заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
5. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Осы Келісім Тараптарының кез келгені осы Келісімнің барлық Тараптарын күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар еткен жағдайда осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының осы Келісімді бір жақты бұзуы ЖКС-ны Субсидиялауды тоқтатуға әкеліп соқпайды. Осы Келісімге (жаңа) Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын қосу Уәкілетті органмен және Қаржы агентімен қосымша келісім жасасу жолымен мүмкін болады.
6. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Жаңаөзен қаласында өз қызметін
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде
ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
1-қосымша
_______________
Өтініш
Жоспарға қатысу және _________ ж. № ________ Қарыз шарты
негізінде мынадай шарттарда берілген Кредит/Лизинг бойынша сыйақы
ставкасының бір бөлігін субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу
мақсатында:
Кредиттің/Лизингтің нысаналы мақсаты |
|
Кредиттің/Лизингтің сомасы |
|
Сыйақы ставкасы |
|
Кредит/Лизинг валютасы |
|
Кредит/Лизинг мерзімі |
Сізден Субсидиялау мақұлданған жағдайда Жоспарға қатысуға
мүмкіндік беретін деңгейге дейін Кредит бойынша сыйақының тиімді
ставкасын төмендету мүмкіндігін қарастыруды өтінемін.
________________ (Т.А.Ә.)
(қолы) Күні м.о.
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде
ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
2-қосымша
Қайда ________________________ әкімдігі
(бұдан әрі - ЖКС)
Кімнен _______________________
№ ________ Анықтама-өтініш
Жаңаөзен қаласында өз қызметін ____________ шеңберінде
«____________ » бағытында жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне берілетін банктердің және өзге қаржы ұйымдарының
кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау қағидаларына
(бұдан әрі - Субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден жөніндегі
өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегілерге сәйкес
Кредит/Лизинг бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау
туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:
2. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы |
|
Құрылтайшы(лар) туралы деректер |
|
Заңды мекенжайы |
|
Іс жүзіндегі мекенжайы |
|
Почталық мекенжайы |
|
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні |
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік № |
|
Қызмет түрлері |
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе бас компания |
|
СТН |
|
Жұмыс тәжірибесі |
3. Басшылық
Бірінші басшы
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәлік №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (іс жүзінде) |
|
Тіркелуі |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Т.А.Ә. |
|
Жұмыс/үй телефоны |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәлік №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (іс жүзінде) |
|
Тіркелуі |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Байланысатын адам
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны) |
4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акциялардың 5% және одан астамына иелік ететін акционерлер)
Атауы/Т.А.Ә. |
% |
Деректемелері |
5. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері |
|
Жылдық айналымы |
|
Соңғы есепті күнге пайдасы немесе шығыны |
|
Қызметкерлерінің іс жүзіндегі саны |
____________оныңішінде________ әйел |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) |
|
Жобаны іске асыру мерзімі (облыс, қала) |
|
Жұмыс орындарының саны |
6. Банк шоттары туралы ақпарат
Банк деректемелері (барлық қызмет көрсетілетін банктердегі
ағымдағы және жинақ шоттарын көрсету):
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
7. Кредит тарихы
ЖКС жұмыс істеу процесінде пайдаланылған, бүгінгі таңда
өтелген, өтелмеген барлық банк несиелері көрсетіледі.
Кредитор |
Сомасы |
Берілген күні |
Сыйақыны |
Негізгі борышты өтеу шарттары |
ҚШбойынша өтеу мерзімі |
Ісжүзінде өтеу күні |
1. |
||||||
2. |
8. Қолданыстағы Кредиттер/қолданыстағы Лизинг туралы ақпарат
Валюта күні мен бағамы:___/___
№ |
Банк |
БҚШ/ҚЛШ деректемелері |
Сыйақы ставкасы, % |
Кредит/Лизинг |
Кредит/ |
Көрсетілген |
Кредит/ Лизингмерзімінің аяқталу |
Кредиттің/Лизингтіңмақсаты(қысқашасипаттамасы) |
1 |
||||||||
2 |
9. Кепілдіктер және келісім
ЖКС жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне осы өтінішпен бірлесіп не жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің сұрау салуы бойынша берілген (табыс етілген) немесе берілетін барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісін дереу хабар етуге міндеттенемін.
2. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген кез келген ақпаратты және банктік және коммерциялық құпияны қамтитын құжаттарды беруге және ашуға міндеттенеді.
3. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. ЖКС жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. ЖКС жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын тұлғаға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін ЖКС растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде жойылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі жою себептерін хабарламауға құқылы.
ЖКС осымен жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне:
1. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және ЖКС берген құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі талап еткен құжаттар Бағдарлама шеңберінде Субсидиялау үшін ғана берілді.
3. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ЖКС берген құжаттар мен өтініштердің түпнұсқасы егер тіпті Субсидиялау берілмесе де, жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінде сақталатын болады.
4. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (Субсидиялауды алу үшін қажет құжаттарды ресімдеуге және т.б.) Бағдарлама Үйлестірушісінің жергілікті деңгейдегі Субсидиялауды ұсыну немесе ЖКС шеккен шығынның орынын толтыру міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын, кейіннен жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісіне талап-тілектерім жоқ.
_________________________________________________________________
11. Қосымшалар
(бірінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
_________________________________________________________________
(үшінші бағыт бойынша көзделген құжаттар)
______________ (Т.А.Ә.)
(қолы) Күні
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде
ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
3-қосымша
____________________бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ _______ хаттамасы
Өткізілген орны |
|
Өткізілген күні |
|
Кеңес төрағасы |
|
Кеңес мүшелерінің қатысқаны |
|
Кеңес мүшелерінің қатыспағаны |
|
Шақырылғандар |
|
Кеңес хатшысы |
Күн тәртібі
№ |
Мәселелер атауы |
1 |
|
2 |
|
... |
Кеңес қарады
№ |
1-мәселенің атауы |
1 |
|
Кеңес шешті
1. Мыналарға:
- іске асырылатын жобалардың Жоспардың өлшемдеріне сәйкестігіне;
- жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
№ |
Атауы |
БҚШ/ҚЛШ |
Кредит/Лизинг сомасы |
Кредит/Лизинг валютасы |
Кредит/Лизинг мерзімі |
Нысаналы мақсаты |
Жобаның атауы (сипаты) |
|||
ЖКС |
жоба |
Банктің/Өзге де қаржы ұйымының |
№ |
күні |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
кестенің жалғасы
ГЭС % |
Сыйақының тиімді ставкасы |
Сыйақыставкасыныңсубсидияланатын бөлігі |
Сыйақыставкасыныңсубсидияланбайтын бөлігі |
Субсидиялау мерзімі |
Ескертпе |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін Банктерге және Өзге де
қаржы ұйымдарына жобалардың мақұлданған тізімі жіберілсін.
3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға мақұлданған жобалардың тізімі жіберілсін.
4. Мыналар себептер бойынша бас тартылсын:
- ______________________________________________________;
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесінің ТАӘ және мәртебесі |
«Иә» |
«Қарсы» |
Түсіндірмелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңес төрағасының орынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
Кеңес қарады
№ |
2-мәселенің атауы |
1 |
|
Кеңес шешті
1.
2.
3.
...
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі |
«Иә» |
«Қарсы» |
Түсіндірмелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңес төрағасының орынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
|||
... |
Кеңес хатшысы Т.А.Ә.
Егер кеңес мүшесі «Қарсы» дауыс берсе, түсіндірмелер бағанында
қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде
ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
4-қосымша
_____________бастап ____________қоса алғандағы кезеңде
Банктен және Өзге қаржы ұйымдарынан алынған
субсидиялау туралы есеп
Банктің атауы |
ЖКС айналым орны |
ЖКС атауы |
Банктік қарыз шартының (транш) нөмірі |
Банктік қарыз шартының (транш) күні |
Кредит (транш) сомасы |
Кредит |
Субсидия |
Субсидия |
Қаржы агенті |
Кезең үшін |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау шеңберінде
ынтымақтастық туралы үлгі келісімге
5-қосымша
___________бастап_____________ қоса алғандағы кезеңде
Бағдарлама Үйлестірушісіне субсидиялау туралы есеп
Банктің атауы |
ЖКС айналым |
ЖКС атауы |
ҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі |
ҚІП/ҚЛШ |
Кредит/Лизинг (транш) сомасы |
Кредит |
Субсидиялау шартының |
Субсидиялау |
Қаржы агенті |
Кезең үшін |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша
Субсидиялау туралы шарт
_____________ қаласы 201 __ ж. «___» ________
Осы Субсидиялау шарты (бұдан әрі — Шарт) мыналар арасында
жасалды:
1. «Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі»:
___________________________________________________________
___________________________________________________________
______ атынан, ____________________________________________
негізінде әрекет ететін _______________________________және
2. «Қаржы агенті»:
_____________ атынан ____________ негізінде әрекет ететін
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы, және
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп не жоғарыда
көрсетілгендей аталатындар, өз қызметін Жаңаөзен қаласында (бұдан әрі
- Өңір) жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау
мақсаттарын басшылыққа ала отырып, мыналардың негізінде және оларды
орындау үшін:
1) Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтері бойынша пайыздық ставканы
субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) ____________________________________ арасында жасалған
(бұдан әрі - Келісім)
______________№ ___________ Жаңаөзен қаласының өз қызметтерін
жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне банктер мен өзге де
қаржы ұйымдары кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау
шеңберіндегі ынтымақтастық туралы келісім.
1. Терминдер мен қысқартулар
Банк Келісім жасасқан екінші деңгейдегі банк;
Келісім жасасқан Банктерді қоспағанда, қаржы
ұйымдары;
Субсидиялау шарты Қаржы агенті, ЖКС, Банк және Өзге де қаржы
(СШ) ұйымдары арасында жасалатын үшжақты жазбаша
келісім, оның шарттары бойынша Қаржы агенті
Банк немесе Өзге де қаржы ұйымдары берген
ЖКС-ның Кредит/Лизинг бойынша сыйақы
ставкасын ішінара субсидиялайды;
Өзге де қаржы Келісім жасасқан Банктерді қоспағанда, қаржы
ұйымдары ұйымдары;
Кредит Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қарыз шарты
негізінде жеделдік, ақылы, қайтарымдылық,
қамтамасыз eтілгендік және мақсатты пайдалану
шарттары негізінде ЖКС-ге беретін ақша
қаражатының сомасы;
Лизингтік мүлік сатып алу және оны Қаржы лизингі шарты
мәмілелер негізінде белгілі бір ақыға белгілі бір
(бұдан әрі мерзімге және лизинг алушының мүлікті сатып
- Лизинг) алу құқығымен не онсыз Қаржы лизингі шартында
негізделген белгілі бір шарттармен үшінші
тұлғаларға беру жөніндегі инвестициялық
қызмет түрі;
Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
тіркелген және өз қызметін экономиканың
секторларында жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектісі;
Жоспар қағидаларда көзделген 2012-2014 жылдарға
арналған Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму
проблемаларын шешу мақсатында әзірленген
іс-шаралар жиынтығы;
Өңірлік үйлестіру жергілікті атқарушы органдар, Банктер және
кеңесі (бұдан әрі - Өзге қаржы ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар
ӨҮК) өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың
қатысуымен Маңғыстау облысының әкімі
басқаратын консультативтік-кеңесші орган;
Субсидиялау ЖКС-ны мемлекеттік қаржылық қолдаудың ЖКС-ның
Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына
кредиттер/лизингтер бойынша сыйақы ретінде,
болашақта ЖКС-ның операциялық қызметіне
жататын белгілі бір шарттарды орындауға
айырбасқа төлейтін шығыстарын ішінара өтеу
үшін пайдаланылатын нысаны;
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
сауда министрлігі.
1. Шарттың мәні
1. Уәкілетті орган Жоспарды іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады және Өңір үшін жалпы қаржыландыру лимитін анықтайды.
2. Уәкілетті орган мен облыстың әкімі арасында Келісім жасалады.
3. Жоспардың шеңберінде субсидиялауға бөлінген және қаржы жылының қорытындысы бойынша Қаржы агенті пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды субсидиялауға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға пайдаланылуы мүмкін.
4. Қаржы агентінің субсидиялау жөніндегі қызметтеріне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Уәкілетті орган ақы төлейді.
5. Кредиттер/Лизинг бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялау түрінде Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету шарттары, тетігі мен тәртібі Қағидалармен және Келісіммен реттеледі.
2. Субсидиялау қаражатын аудару тетігі
6. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі сыйақы ставкасын субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылында Жоспарды іске асыруға бөлінген соманың 30%-ы мөлшеріндегі қаражатты Қаржы агенті көрсеткен шотқа қаржы агентіне аударуды жүзеге асырады. Келесі төлемдер Қаржы агентінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
7. Қаржы агенті жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінен алынған қаражат есебінен ол, Банктер мен Өзге де қаржы ұйымдары және Кәсіпкерлер арасында жасалатын субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлердің Кредиттері/Лизингі бойынша сыйақы ставкасының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады.
8. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі мен Қаржы агенті арасында тоқсан сайын есептелген қаражат және субсидиялау көлемі жөніндегі салыстыру актілеріне қол қойылады.
9. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі субсидиялау үшін есептеген қаражатты Қаржы агенті толық пайдаланбаған жағдайда Қаржы агенті________ жылға дейін пайдаланылмаған қаражатты қайтарады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
10. Қаржы агенті:
1) осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
2) жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің осы Шарт бойынша ақша қаражатын уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
3) Келісімде көзделген жағдайларда субсидиялар төлеуді тоқтатуға құқылы.
11. Қаржы агенті:
1) субсидиялар сомасын Банкте ашылған арнайы ағымдағы шотқа аударуға;
2) Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге міндеттенеді.
12. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі:
1) Кәсіпкерлерге субсидиялардың төленуін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
13. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі:
1) Қаржы агентіне субсидиялау үшін қаражат аударуға міндеттенеді.
4. Тараптардың жауапкершілігі
14. Осы Шартта Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмауына және/немесе тиісінше орындалмауына жауаптылықта болады.
5. Еңсерілмес күш жағдайлары
15. Еңсерілмес күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің Шарт бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындай алмауының жағдайлары (мыналарды. қоса алғанда, бірақ шектелмей: су басу, жер сілкіну, жарылыстар, дауылдар, эпидемиялар, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтеріліс, мемлекеттік органдардың ресми актілері). Бұл ретте тежеусіз күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
16. Егер орындай алмау Еңсерілмес күш жағдайларының салдары болып табылса, Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмаған не тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
17. Еңсерілмес күш жағдайлары басталған кезде Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған Тарап ол басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды уақтылы хабардар етуі тиіс.
18. Уақтылы хабардар ету болмаған кезде Тарап хабардар етпеумен немесе уақтылы хабардар етпеумен келтірілген зиянды екінші Тарапқа өтеуге міндетті.
19. Еңсерілмес күш жағдайларының басталуы әрекет ету кезеңіне Шарттың орындалу мерзімінің ұлғаюын туындатады.
20. Егер мұндай жағдайлар 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
6. Дауларды шешу
21. Шартқа байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
22. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
7. Шарт талаптарын өзгерту
23. Шарт талаптары өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған фирмалық мөрмен расталған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып табылады.
8. Қорытынды ережелер
24. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда Шарт бойынша және Шартты орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты құқықтар мен міндеттер Тараптардың құқық мирасқорларына өтеді.
25. Осы Шарттың құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшалармен бірге осы Шарт осы Шарттың мәніне сәйкес Тараптардың. толық өзара түсіністігін білдіреді және алдыңғы барлық жазбаша немесе ауызша келісімдердің және Шарттың мәніне қатысты олардың арасында бар уағдаластықтардың орнын басады.
26. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде ______(_______) данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде
(______) ұқсас даналарда жасалды, олардың әрқайсысының бірдей заң күші бар. Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында түрліше оқу туындаған жағдайда, Шарттың орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
27. Осы Шарт Тараптардың барлығы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
28. Осы Шартта көзделмеген өзге барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
9. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері мен қолдары
Бағдарламаны Үйлестіруші |
Қаржы агенті |
________N___________
Субсидиялау шартына
N 1 қосымша
Негізгі |
Негізгі |
Негізгі |
Қаржы агенті төлейтін сыйақының сомасы |
Кәсіпкер |
Есептелген |
Қаржы агенті |
Банк/Өзге де қаржы |
Кәсіпкер |
_____________ |
________________ |
_____________ |
Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге
асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілеріне
берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері/лизингтік мәмілелері
бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау
қағидаларына 3-қосымша
№ __ субсидиялау шарты
________ қаласы 20 __ ж. «____» _________
Бұдан әрі «Қаржы агенті» деп аталатын, «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» акционерлік қоғамының атынан ______________________
негізінде әрекет ететін ____________ бір тараптан және бұдан әрі
«Банк/Өзге де қаржы ұйымдары» деп аталатын, ______________ атынан
____________ негізінде әрекет ететін______________________ екінші
тараптан және «Кәсіпкер» деп аталатын, __________________________
негізінде әрекет ететін______________, бірлесіп Тараптар, ал жеке
Тарап не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар, төмендегілер туралы
осы Субсидиялау шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Жалпы ережелер
Осы Шартты жасасу үшін жасасу үшін мыналар негіздер болып табылады:
1) Жаңаөзен қаласында өз қызметін жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін банктердің және өзге де қаржы
ұйымдарының кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар);
2) ____________________________________ арасында жасалған
Жаңаөзен қаласының өз қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне банктер мен өзге де қаржы ұйымдары кредиттері/
лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау шеңберіндегі ынтымақтастық
туралы келісім _____________ № ___, _________;
3) _____________ жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
20___ жылғы_______ № _____ хаттамасы.
2. Терминдер мен анықтамалар
Лизингтік мәмілелер (бұдан әрі - Лизинг) |
мүлік сатып алу және оны Қаржы лизингі шарты негізінде |
Кредит |
Банк Банктік қарыз шартының негізінде Кәсіпкерге мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз ету және нысаналы пайдалану шарттарында беретін ақша қаражатының сомасы; |
Бағдарламаны үйлестіруші |
Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен анықталатын, «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жергілікті жерде жоспарды іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі; |
Жоспар |
Қағидаларда көзделген Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында әзірленген 2012 - 2014 жылдарға арналған іс-шаралар жиынтығы; |
Жоба |
Кәсіпкер бизнестің әр түрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы; |
Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) |
жергілікті атқарушы органдар, Банктер және Өзге қаржы ұйымдары, бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Маңғыстау облысының әкімі басқаратын консультативтік-кеңесші орган; |
Субсидиялау |
Кәсіпкер кредиттер бойынша сыйақы ретінде Банкке және өзге Қаржы ұйымдарына төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын Кәсіпкерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны; |
Субсидиялар |
өтеусіз және қайтарымсыз негізде Қаржы агенті Субсидиялау шарттарының негізінде Кәсіпкерлерді Субсидиялау шеңберінде Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына төлейтін кезеңді төлемдер. |
3. Шарттың мәні
1. Осы Шарттың талаптары бойынша Қаржы агенті мынадай
шарттарда ____________(Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының атауы)
алынған Кредит/Лизинг бойынша Кәсіпкердің сыйақы ставкасының бір
бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады:
Қарыз шарты (ҚШ)/Қаржы лизингі шарты (ҚЛШ) |
__________ж. № _________ |
Нысаналы мақсаты |
|
Осы Шарт/Лизинг жасалған күнге Кредит сомасы |
|
Сыйақы ставкасы |
|
Кредит/Лизинг мерзімі |
2. Субсидиялау Қағидаларға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен жүргізіледі.
3. Осы Шарт жасалғаннан кейін Банк және Өзге де қаржы ұйымдары осы Шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне Кәсіпкердің Кредиті/Лизингі бойынша сыйақы ставкасын ұлғайтпауға міндеттенеді.
4. Осы Шарт жасалғаннан кейін Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентіне мынадай құжаттарды ұсынады:
- Кәсіпкермен жасалған өтеу кестесін қоса бере отырып, Қарыз
шарты/Қаржы лизингі шарты (лауазымды тұлғаның қолымен және Банктің
және Өзге де қаржы ұйымдарының мөрімен расталған көшірме);
- Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының жаңа Кредит/Лизинг беру туралы анықтамасы не Кәсіпкердің жаңа Кредит/Лизинг алу фактісін растайтын құжат.
4. Субсидиялар беру шарттары
1. Кредит/Лизинг бойынша_________ мөлшеріндегі сыйақының бір
бөлігі субсидиялауға жатады, бұл ретте _________ мөлшеріндегі сыйақы
ставкасының бір бөлігін Кәсіпкер төлейді, ал_______ мөлшеріндегі
сыйақы ставкасының қалған бөлігін осы Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес
Қаржы агенті төлейді.
2. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары есептеген және мерзімі
өткен несие берешегі бойынша Кәсіпкер төлемеген пайыздар
субсидиялауға жатпайды.
3. Субсидиялау мерзімін есептеу_____________ ж басталады.
4. Барлық операциялар ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі.
5. Кредитті/Лизингті уақтылы және толық өтеу және сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу жөніндегі міндеттемелерді
тиісінше орындамағаны үшін Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдында
барлық жауаптылық Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
және Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына сәйкес Кәсіпкерде болады.
Бұл ретте мұндай жауапкершілік ешқандай жағдайларда Қаржы агентіне
қайта жүктелмейді.
5. Шарт бойынша субсидиялау тәртібі
1. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды осы Шартқа төлемдер кестесін есепке ала отырып, тоқсан сайын аванстық төлемдермен Банктегі ағымдағы шотқа Қаржы агенті жүзеге асырады.
2. Субсидиялау мерзімі осы Шартқа Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған сәттен бастап басталады. Сыйақы ставкасының субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары дербес анықтайды. Егер Кредит/Лизинг бойынша сыйақы есептеу Кәсіпкер, Банк және Өзге қаржы ұйымдары Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейінгі келесі күннен басталған жағдайда, субсидиялау кезеңіне Субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қол қойған күн енгізілмейді.
3. Кәсіпкер Қарыз шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақының субсидияланбайтын ставкасы бөлігінде Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына сыйақы төлеуді жүргізеді.
4. Кәсіпкердің сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентінің ағымдағы шотынан Кәсіпкердің Кредиті/Лизингі бойынша сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу есебіне ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
5. Кәсіпкер Кредит/Лизинг бойынша, оның ішінде сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы ставкасының субсидияланбайтын белігін өтеу үшін Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде (Қаржы агенті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдамаған жағдайда) бұл туралы Қаржы агентін хабардар етеді.
6. Қаржы агенті Субсидиялау шартына қол қойғанға дейін субсидиялау төлеу күні басталған жағдайда:
1) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Кәсіпкер Қаржы агентінің төленген соманы одан әрі өтеуімен төлеуді дербес жүргізеді;
2) Қаржы агентінің ағымдағы шотында қаражат болған немесе жеткілікті болған кезде Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентінің ағымдағы шотынан қаражатты осы Кәсіпкердің Кредиті/Лизингі бойынша сыйақының субсидияланатын ставкасын өтеу шотына есептен шығаруды жүргізеді.
7. Тараптар осы Шарттың шеңберінде, егер төлеу күні жұмыс күні істемейтін немесе мереке күніне келсе, төлеу одан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі.
6. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату
және қалпына келтіру негіздері
1. Субсидиялауды тоқтату және қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агентінің қолдаухаттары (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
2. Қаржы агентінің мынадай жағдайлар:
1) Субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа Кредит/Лизинг мақсатсыз пайдаланылу;
2) жоба және/немесе Кәсіпкер Жоспардың шарттарына сәйкес келмеу;
3) Жоспар қатысушысының шоттары тұтқындалу және/немесе сот
талқылауларынан өту;
4) Қарыз шартына/Қаржы лизингі шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес Кәсіпкер Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамау фактілері анықталған кезде Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұруға құқығы бар.
3. Субсидиялар төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда Қаржы агенті Банк және Өзге қаржы ұйымдары Кәсіпкерді, жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісін осындай шешім қабылдаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
4. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі Қаржы агентінен Кәсіпкерді Субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатын алғаннан кейін күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысын өткізетін күнді, уақыты мен орнын анықтайды, бұл туралы барлық мүшелерге хабарлайды.
5. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынаны жүзеге асырады:
1) Қаржы агенті берген ақпаратпен бірге күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) Субсидиялауды тоқтату не қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
6. Жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны Қаржы агентіне, Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына мәлімет үшін жібереді.
7. Қаржы агенті отырыстың нәтижелері бойынша:
1) Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім келісілгенде;
Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын және Кәсіпкерді субсидиялау төлемдерінің қайта жаңартылуы туралы хабардар етеді;
тоқтата тұру кезеңінде өзіне төлемеген субсидияларды төлеуді жүргізеді;
2) Кәсіпкерді субсидиялауты тоқтату туралы шешім келісілген жағдайда Кәсіпкерге, Банкке және Өзге Де қаржы ұйымдарына осы Шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда Шартты бұзу күні және бұзу себебі көрсетіледі.
8. Мынадай жағдайларда:
Кәсіпкер Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша Кредитті/Лизингті толық өтегенде. Кәсіпкердің Кредитті/Лизингті Банкке жэне Өзге де қаржы ұйымдарына толық өтеген күн Субсидиялауды тоқтату күні болып саналатын болады;
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдау;
Субсидиялар төлеу тоқтатылады, ал осы Шарт бұзылды деп танылады.
9. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары қолданыстағы Кредит/Лизинг бойынша Шарт жасалған дейін Кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде сыйақы ставкасын, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге төлемдерді және басқа да талаптарды) белгілеуге құқылы.
10. Кәсіпкер Кредит/Лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентін Кредит/Лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы хабардар етеді.
Сонымен бір мезгілде, Кәсіпкердің кредиті/лизингі бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын өтелген жағдайда Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қарыз шартына/ Қаржы лизингі шартына қосымша келісім жасасқан кезде Қаржы агентіне төлемдерді өтеудің өзгертілген кестесімен бірге Субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып Қарыз шартына/ Қаржы лизингі шартына қосымша келісімнің көшірмесін жібереді.
11. Мақсатсыз пайдалануы анықталған ЖКС-ның жаңа Кредиті/Лизингі бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары Қаржы агентіне Кредитті/Лизингті мақсатсыз пайдалану фактілерін растайтын құжаттарды қоса беріп, құжаттарды береді.
7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Қаржы агенті:
1) Қаржы агентіне жүгінген Кәсіпкерлерге Жоспарға қатысу талаптары мен тәртібі туралы консультациялар беруді жүзеге асыруға;
2) осы Шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) жергілікті деңгейде Бағдарлама Үйлестірушісінің Кәсіпкерлердің Жобалар бойынша ақшалай қаражатты уақтылы аударуын бақылауға және талап етуге;
4) осы Шарттың іске асырылу мониторингін, оның ішінде Банктің және Өзге де қаржы ұйымдарының міндеттемелерін орындау бөлігінде жүзеге асыруға;
5) Банк және Өзге де қаржы ұйымдары орналасқан жерде оның жедел қызметіне араласпай, осы Шарттың іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
6) Кәсіпкер, Банк және Өзге де қаржы ұйымдары арасындағы Қарыз шартында/Қаржы лизингі шартында көзделген құқықтар шеңберінде жарты жылда кемінде 1 (бір) рет Жобаны іске асыру орнына шыға отырып, Субсидиялау жүзеге асырылатын Банкті және Өзге де қаржы ұйымдарын алдын ала жазбаша хабардар етумен Кәсіпкердің жаңа Кредиттің/Лизингтің мақсатты пайдаланылу мониторингін жүзеге асыруға;
7) Жобаны іске асыру туралы ақпаратты өзінің ресми веб-сайтында орналастыруға;
8) Банктен және Өзге де қаржы ұйымдарынан Кәсіпкердің төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерді орындау барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;
9) осы Шартта көзделген жағдайларда Субсидиялар төлеуді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) Субсидиялар сомасын Банкте ашылған ағымдағы шотқа аударуға;
2) осы Шартта көзделген мониторингті жүргізуге;
3) ӨҮК-ге осы Шартта көзделген ақпаратты беруге міндеттенеді.
3. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары:
1) өзінің қалауы бойынша өз тәуекелі үшін Кәсіпкерлерге кредит беру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
2) Қаржы агентінен осы Шарттың шеңберінде көзделген Субсидияларды уақтылы аударуды талап етуге;
3) Қаржы агентіне ағымдағы тоқсанда Кәсіпкерлерді Субсидиялау үшін қаражаттың жеткіліксіздігі туралы хабардар етуге құқылы.
4. Банк және Өзге де қаржы ұйымдары:
1) осы Шартта көзделген мерзімде және нысан бойынша мониторингтік есептер беруге;
2) Кәсіпкер Банкке және Өзге қаржы ұйымдарына сыйақы ставкасының субсидияланбайтын бөлігіне қатарынан 3 (үш) ай бойы ақы төлемеген жағдайда 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне бұл туралы хабарлауға. Бұл жағдайда Субсидиялау Қаржы агентіне көрсетілген жағдайлардың басталғаны туралы белгілі болған сәттен бастап тоқтатыла тұрады;
3) Қаржы агентіне осы Шарттың талаптарын орындауға ықпал етуге қабілетті барлық жағдайлар туралы уақтылы хабарлауға;
4) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Кредиттің/Лизингтің сомасын және/немесе Кредит/Лизинг бойынша сыйақының тиімді ставкасын өзгертпеуге міндетті.
5. Кәсіпкер:
1) Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша өзінің міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) Қаржы агентіне кредиттің мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізу құқығын беруге;
3) Қарыз шартының/Қаржы лизингі шартының және осы Шарттың орындалуына байланысты құжаттар мен ақпаратты Қаржы агентінің сұратуы бойынша беруге;
4) Қаржы агентін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банк және Өзге де қаржы ұйымдары алдындағы Қарыз шарты/Қаржы лизингі шарты бойынша кредитті мерзімінен бұрын толық/ішінара өтеу фактісі туралы хабардар етуге;
5) осы Шарттың талаптары мен іске асырылуы туралы ақпаратты Тараптардың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге және ашпауға міндетті.
6. Кәсіпкер Қаржы агентінен Банкке және Өзге де қаржы ұйымдарына сыйақының субсидияланатын ставкасы бөлігінде Субсидиялар төлеуді талап етуге құқылы.
8. Шарттың қолданылу мерзімі
1. Осы Шарт 20___ж. _______ бастап күшіне енеді және 20__ж.
_________ дейін қолданылады.
2. Осы Шартты Қаржы агенті осы Шарттың 6-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен біржақты тәртіппен бұзуы мүмкін.
9. Жауапкершілік
Осы Шарт бойынша Тараптар осы Шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалмағаны және/немесе тиісінше орындалмағаны үшін осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
10. Форс-мажор
1. Тараптар, егер орындаудың мүмкін еместігі форс-мажор жағдайларының салдары болып табылса, осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
2. Форс-мажор жағдайлары басталған кезде осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігі қалыптасқан Тарап жағдай басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде басқа Тарапқа осындай жағдайлар туралы уақтылы хабардар етуге тиіс. Бұл ретте форс-мажор жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
3. Уақтылы хабардар ету болмаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянды өтеуге міндетті.
4. Форс-мажор жағдайларының басталуы осы Шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуды тудырады.
5. Егер осындай жағдайлар қатарынан үш айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы Шарт бойынша міндеттемелерді одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.
11. Дауларды шешу
1. Осы Шартты орындауға байланысты туындаған қандай да бір дау жағдайында Тараптардың кез келгені барлық дауларды келіссөздер жолымен реттеу үшін күш-жігер салады.
2. Егер туындаған дауды келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаса, осы дау және оған қатысты өзге мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі және реттеледі.
12. Хат-хабар алмасу
1. Тараптар осы Шарт шеңберінде бір-біріне жөнелтетін кез келген хат-хабар жазбаша нысанда беріледі және Тараптар қарау үшін осы Шартқа сәйкес ерекше тәртіп көзделген хат-хабарды қоспағанда, табыс ету туралы белгісі бар хат-хабарды алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаралатын болады.
2. Хат-хабар тиісті түрде ресімделген (хат-хабар бланкіде берілген немесе мөрмен бекітілген, басшы қол қойған және тіркеу нөмірі, күні болған кезде тиісті түрде ресімделген болып саналады), жеке өзіне тапсырылған, пошта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе қатысушы Тараптың мекенжайына курьерлік байланыспен жеткізілген кезде тиісті түрде берілген немесе жіберілген болып саналады.
3. Осы Шарттың қолданылу барысында Тараптардың жауапты адамдары ақпараттық сипаты бар хат-хабарды факсимильдік байланыс және/немесе электрондық почта арқылы басқа Тарапқа жөнелтуді жүзеге асыра алады.
4. Бұл ретте жөнелтуші Тарап басқа Тарапқа хат-хабардың жөнелтілгенін растауға міндетті. Қабылдаушы тараптың қабылдау туралы белгісі бар бүкіл хат-хабардың мәтінін қоса беру жолымен факспен жөнелтілген кезде не жөнелтудің сәтті аяқталғаны туралы факсимильдік аппараттың үзінді көшірмесі болған кезде растама тиісті түрде жүзеге асырылды дап саналады.
13. Құпиялылық
1. Осымен Тараптар осы Шарттың талаптарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ өздері осы Шартты жасасу және орындау барысында алған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
2. Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тараптың құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруіне, жариялауына немесе өзге де жария етуіне болады.
3. Тараптар осы Шарттың құпиялылығын және талаптарын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне осы Шартты іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
4. Тараптардың кез келгені осы Шарттың талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тараптың шеккен ықтимал зиянын өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
5. Кәсіпкер осы Шартқа қол қоюымен Қаржы агентіне Кәсіпкер туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға, сондай-ақ осы Шарттың шеңберінде Кәсіпкер туралы алынған кез келген мәліметтерді (оның ішінде банк құпиясын) Кәсіпкердің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге келісім береді.
14. Мәлімдемелер, кепілдіктер мен келісімдер
1. Кәсіпкер Қаржы агентіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:
1) Кәсіпкер осы Шартта көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктер шын және шындыққа сәйкес келетінін растайды;
2) Қаржы агенті көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес.
2. Кәсіпкер мыналарды:
1) Кәсіпкерге өзінің бизнесіне, оның қаржылық жағдайына, активтеріне және өзінің міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетіне келеңсіз әсер етуі мүмкін қандай да бір жағдайлар туралы белгісіз екендігін мәлімдейді және оған кепілдік береді;
2) сондай-ақ, Кәсіпкер Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы Шартқа қол қоятын адамның осы Шартты жасасуына мүмкіндік беретінін растайды.
3. Кәсіпкер осы Шартты жасасу сәтінде осы Шартты бұзуға, оны жарамсыз деп тануға себеп болуы мүмкін негіздердің жоқтығын растайды.
4. Кәсіпкер барлық ақпарат, сондай-ақ Қаржы агентіне берген (ұсынған) немесе беретін барлық құжаттама дәл екендігін және шындыққа сәйкес келетінін растайды. Қаржы агенті берілген немесе берілетін құжаттаманың дұрыстығы мен дәлдігін тексеруге міндетті емес. Кәсіпкерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауаптылық туралы ескертілді.
5. Кәсіпкер осы Шартта қамтылған барлық талаптар, ол жасайтын іс-әрекеттердің құқықтық мәні белгілі және түсінікті екенін мәлімдейді.
15. Қорытынды ережелер
1. Осы Шартқа қол қоюымен Кәсіпкер Қаржы агентіне мыналарға:
1) Қаржы агентінің мүдделі үшінші тұлғаларға Субсидиялау жүзеге асырылатын осы Кредит жөніндегі шарттың шеңберінде алынған ақпарат пен құжаттарды, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны беруге;
2) Қаржы агентінің бұқаралық ақпарат құралдарында Кәсіпкердің атауын, Жоба іске асырылатын өңірдің атауын, Кәсіпкердің Жобасының атауы мен сипатын, сондай-ақ саланы жария етуіне келісім береді.
2. Осы Шарттың ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісуі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана жарамды және міндетті болып танылады.
3. Осы Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данадан жасалды. Осы Шарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.
4. Осы Шартта көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
16. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Қаржы агенті |
Банк/Өзге де қаржы ұйымдары |
Кәсіпкер |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 15 қаулысымен
бекітілген
Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және. Кәсіпкер міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.
2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы « » ________ № ___ қаулысының шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау құралы болып табылады және Кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарға қол жеткізуін кеңейту әрі қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
4. Жергілікті атқарушы орган, Қаржы агенті мен банктер арасындағы өзара қатынастарды реттеу үшін осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Ынтымақтастық туралы келісім) жасалады.
2. Терминдер мен анықтамалар
Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Банк Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші
деңгейдегі банк;
Кәсіпкер жеке кәсіпкерлік субъектісі;
Мемлекеттік ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер,
даму акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы
институттары холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі,
экономиканың түрлі секторларында мемлекеттік
қолдау шараларын көрсететін акционерлік қоғамдар;
Жоспар осы Қағидаларда көзделген Өңірдің
әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу
мақсатында әзірленген 2012 - 2014 жылдарға арналған
іс-шаралар жиынтығы;
Жергілікті жергілікті атқарушы органның Маңғыстау облысы
деңгейдегі әкімінің шешімімен айқындалатын, Кәсіпкерлер үшін
үйлестіруші Бағдарламаны жергілікті жерлерде «бір терезе»
қағидаты бойынша іске асыруға жауапты құрылымдық
бөлімшесі;
Уәкілетті «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
орган министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
Банктің ішкі Банктің кредит беруді басқару үшін жауап беретін және
кредит Банктің ішкі кредит саясатының ұйымдастырылуы мен
саясатын іске іске асырылуын, Банктегі кредит үдерісінің кредит
асыратын саясатына сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі
жұмыс органы органы болып табылатын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы
органы;
Өңірлік Маңғыстау облысының әкімі басқаратын, жергілікті
үйлестіру атқарушы органдардың, Банктердің, кеңесі кеңесі
кеңесі бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және тәуелсіз
(бұдан әрі - сарапшылар қатысатын консультативтік кеңесші орган;
ӨҮК)
Қаржы агенті жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық
қолдау көрсету үшін тартылатын «Даму» кәсіпкерлікті
дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
Кепілдік беру Бағдарламада, осы Қағидаларда және Кепілдік шартында
айқындалған шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде
ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын
Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
Кепілдік шарты Қаржы агенті, Банк және Кәсіпкер арасында жасалған
кепілдік беру туралы жазбаша келісім;
Жоба бизнестің әртүрлі бағыттарында Кәсіпкер табыс алуға
бағытталған және Қазақстан Республикасының
заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет
ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар
жиынтығы.
3. Кепілдіктер беру шарттары
5. Мынадай:
1) акцизделетін тауарларды шығару көзделетін Жобаларға берілген;
2) тікелей кредиторы Мемлекеттік даму институттары болып табылатын;
3) мұнай-газ өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер және қару-жарақ шығаратын кәсіпорындар алған кредиттер кепілдік беруге жатпайды.
6. Кәсіпкерге барлық құралдар шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
7. Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде Банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілетін Кәсіпкерлер де Бағдарламаға қатысушы бола алады.
8. Банктер жаңа Жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттер бойынша ғана, сондай-ақ қызметін Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын Кәсіпкерлердің іске асырылатын, негізгі құралдарды жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге және/немесе айналым қаражатын толықтыруға бағытталған Жобалары бойынша кепілдік беріледі.
9. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер)дің сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке жобасы бойынша 750,0 млн. теңгеден аспауы керек. Бұл ретте кредит(тер) сомасы олармен аффилиирленген тұлғалардың/компаниялардың кредит(тер)і бойынша берешегін есепке алмай, Кәсіпкердің әрбір жобасына жеке есептеледі. Егер Кәсіпкердің жекелеген Жобасына берілген кредит(тер)тің жалпы сомасы 750,0 млн. теңгеден асса, Кәсіпкердің бір Жоба бойынша 750,0 млн. теңге шегінде Кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау алуға құқығы бар.
10. Кепілдіктің ең жоғарғы мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспауы керек, бұл ретте кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит бойынша қамтамасыз етуді ұсынған Кәсіпкерлер кепілдік ала алады.
11. Кепілдік беру мерзімі 7 (жеті) жылдан аспауы тиіс.
12. Кәсіпкер үшін кепілдік тегін ұсынылады.
13. Тиімді сыйақы ставкасы жылдық 14 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте, Банк:
1) Кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер өндіріп алмайды.
14. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Бұл ретте Қаржы агенті алынған қаражатты өз қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.
4. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
15. Кәсіпкер кредит алуға және кепілдіктің қажетті сомасының есебін беруге арналған өтінішпен Банкке жүгінеді.
16. Банк Кәсіпкер ұсынған кепілдік мүлікті бағалау туралы қорытындының негізінде Кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және Қаржы агентінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Жобаны Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын Жұмыс органының қарауына шығарады.
17. Оң шешім қабылданған жағдайда Банк Кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебі көрсетілген тиісті хат береді.
18. Банктен хат алғаннан кейін Кәсіпкер Жергілікті деңгейде үйлестірушіге өтінішпен жүгінеді, оған төмендегі құжаттарды қоса береді:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса - лицензия (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);
3) жарғы, құрылтай құжаты (құрылтайшы біреу болған жағдайда құрылтай құжаты қажет емес). Акционерлік қоғаммен шарт жасасқан кезде акциялар эмиссиясының проспектісі және акционерлер тізілімінен үзінді көшірме (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) қосымша ұсынылады;
4) салық органынан бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ/бар екендігі туралы жүгінген күнге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілген анықтама;
5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесімен қоса қаржы есептерінің көшірмесі және/немесе интернет-ресурстарға орналастырылған, дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған, қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін, оның басшылары растаған ақпарат;
6) кепілдік сомасының есептерімен қоса, Кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;
7) Жобаны іске асырудың болжамды мерзімдерін, шарттарын қамтитын Кәсіпкердің Жобасын іске асырудың бизнес-жоспары.
19. Жергілікті деңгейде үйлестіруші Кәсіпкерден өтініш алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтінішпен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексеру, құжаттар пакеті толық тапсырылмаса не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар тапсырылған жағдайда, Жергілікті деңгейде үйлестіруші 5 жұмыс күні ішінде тапсырылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, тапсырылған құжаттарды пысықтау үшін Кәсіпкерге қайтарып бере алады;
2) Жобаны алдын ала қарау және Жоба бойынша ӨҮК үшін ұсынымдар тұжырымдау;
3) ұсыныстар, ӨҮК отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру, оларды өткізу күнін, уақытын және орнын айқындау, бұл туралы ӨҮК-нің барлық мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптастырылуына қарай ай сайын өткізіледі;
4) Кәсіпкердің басқа да мемлекеттік бағдарламаға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы өзге де мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануын тексеру;
5) ӨҮК қарауы үшін Кәсіпкерлер Жобаларының тізімін құжаттардың толық пакетін қоса беріп қарауға шығару.
20. Жергілікті деңгейде үйлестіруші барлық құжаттар мен ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кәсіпкердің материалдарын ӨҮК қарауына шығарады.
21. Өткізілетін отырыс аясында ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкерлердің және олардың Жобаларының Қағидалардың өлшемдеріне сәйкестігін тексеру;
2) осы Қағидаларда көрсетілген салалық шектеулерді қоспағанда, Кәсіпкерлердің кез келген салада іске асырылатын Жобаларын, сондай-ақ Кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір Кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар пакетін зерделейді;
3) Кәсіпкердің Жобасы мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылау;
4) Кәсіпкердің Жобасын қарау кезінде ӨҮК одан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпараттар мен құжаттарды сұратуға құқылы, бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Жергілікті деңгейде үйлестірушіге пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
5) талқылау нәтижесі бойынша Кәсіпкерлердің Жобаларын іріктеу жүргізеді және Кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі /мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген Кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
22. Жергілікті деңгейде үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) ӨҮК хаттамасын Банк пен Қаржы агентіне;
2) Кәсіпкерге жобаларды ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарламаны жібереді.
23. Мақұлданған Жоба бойынша ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді. Банктің жоба бойынша қажетті құжаттар пакетін Қаржы агентіне оны Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын Жұмыс органы бекіткеннен кейін, Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін ұсынуына рұқсат етіледі.
24. Қаржы агенті Банктен құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны Қаржы агентінің уәкілетті органның қарауына шығарады.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда орын алған ескертулерді және/немесе ақпарат ұсыну туралы сұрауды 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін Қаржы агенті Банкке жібереді. Бұл ретте Қаржы агенті үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылатын болады.
Қаржы агенті кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті Банкке кепілдікті алдын ала кепілдік беру хатын жібереді.
25. Қаржы агенті кепілдік беру туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті хабардар ету мақсатында Бағдарламаны Үйлестіруші мен Банкке Кепілдік шартын жасасудан бас тарта отырып, хат жібереді.
26. Алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер Банктік қарыз шарты мен кепіл шарт(-тар)ын жасасады, олардың Банктің мөрімен расталған көшірмелерін Қаржы агентіне жолдайды.
27. Банктік қарыз шартының, кепіл шарт(-тар)ының көшірмелерін алғаннан кейін Қаржы агенті Кепілдік шартының жобасын ресімдейді және қол қояды да оны Банкке жібереді.
28. Банк Кепілдік шартына қол қояды, Кәсіпкердің оған қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған Кепілдік шартын Қаржы агентіне жолдайды.
29. Банк Қаржы агентінен қол қойылған Кепілдік шартын алғаннан кейін Кәсіпкерге нақты кредит беруді жүзеге асырады. Алдын ала кепілдік беру хатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Кепілдік шартын жасасу талабымен алдын ала кепілдік беру хатының шарттары сақталған жағдайда Банктің кредит сомасының 30 %-нан аспайтын мөлшерде ішінара кредит беруіне рұқсат етіледі.
30. Кепілдік беру шарты жасалғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде Қаржы агенті Жергілікті деңгейде үйлестірушіге тиісті хабарландыру жібереді.
31. Жергілікті деңгейде үйлестіруші Қаржы агентінен Кепілдік беру шартының жасалғаны туралы хат алған сәттен бастап Қаржы агентінің ағымдағы шотына кепілді төлеу бойынша қаражат аударуды жүзеге асырады.
32. Іске асыру мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) Банк және/немесе Кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде Кепілдік шартын жасасқан Кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингі;
2) Банк ұсынған деректер негізінде Кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі;
3) Кәсіпкердің бизнес-жоспарды іске асыруының (Жобаны іске асыруының) мониторингі;
4) Банк ұсынған деректер негізінде Банктік қарыз шарты бойынша Кәсіпкердің кепілдік берілген кредитті мерзімінен бұрын өтеуінің мониторингі.
33. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін Қаржы агенті Кәсіпкер мен Банктен барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын ақпаратты сұратуға, жергілікті жерге барып, Жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
34. Мониторингтің тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ есептілік нысандары Ынтымақтастық туралы келісімде көзделеді.
Жаңаөзен қаласындағы жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері
бойынша ішінара кепілдік беру
қағидаларына 1-қосымша
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім (ұсынымдық нысан)
Осы Кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы ________ № __ қаулысын (бұдан әрі — Қаулы) іске асыру үшін бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке-жеке «Тарап» деп аталатын Банк, қаржы агенті, жергілікті атқарушы орган арасында не жоғарыда көрсетілгендей жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсаттарын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы жасалды:
1. Терминдер мен қысқартылған сөздер
Бағдарламаның жергілікті атқарушы органның Маңғыстау
жергілікті деңгейдегі облысы әкімінің шешімімен айқындалатын,
үйлестірушісі Бағдарламаны жергілікті жерлерде «бір
терезе» қағидаты бойынша іске асыруға
жауапты құрылымдық бөлімшесі;
Жоспар Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму
проблемаларын шешу мақсатында әзірленген
2012 — 2014 жылдарға арналған іс-шаралар
жиынтығы;
Банктік қарыз шарты Банк пен ЖКС арасында жасалатын жазбаша
келісім, оның шарттары бойынша Банк
ЖКС-ге кредит береді;
ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес тіркелген және өз қызметін
Жаңаөзен қаласында жүзеге асыратын жеке
кәсіпкерлік субъектісі;
Жоба бизнестің әртүрлі бағыттарында ЖКС
Қазақстан Республикасының заңнамасына
қайшы келмейтін табыс алуға бағытталған
бастамашылық қызмет ретінде жүзеге
асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралар
жиынтығы;
Кредит Банктік қарыз шарты негізінде
мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық,
қамтамасыз етілу және мақсатты пайдалану
шарттарында Банк ЖКС-ге беретін ақшалай
қаражат сомасы;
Банктің ішкі кредит Банктің тұрақты жұмыс істейтін, кредит
саясатын іске асыратын беруді басқаруға жауапты және Банктің
жұмыс органы ішкі кредит саясатының ұйымдастырылуы мен
іске асырылуын, Банктегі кредит
үдерісінің кредит саясатына сәйкестігін
қамтамасыз ететін Банктің негізгі органы
болып табылатын алқалы жұмыс органы;
Өңірлік үйлестіру Маңғыстау облысының әкімі басқаратын,
кеңесі (бұдан әрі - ӨҮК) жергілікті атқарушы органдардың,
Банктердің, бизнес-қоғамдастықтардың
өкілдері және тәуелсіз сарапшылар
қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
Кепілдік беру Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік
қағидалары субъектілерінің екінші деңгейдегі
банктердің кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидалары;
Кепілдік беру Бағдарламада, Кепілдік беру қағидаларында
және Кепілдік шартында айқындалған
шарттарда ЖКС-ның кредиті бойынша
міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз
ету ретінде Қаржы агентінің ішінара
кепілдік беруі түріндегі мемлекеттік
қолдау нысаны;
Кепілдік шарты Банк, ЖКС мен Қаржы агенті арасында
жасалатын кепілдік беру туралы жазбаша
келісім.
2. Келісім нысаны
1. Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асыру мақсатында Маңғыстау
облысының Жаңаөзен қаласы үшін өңір халқының санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
2. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі қаржыландырудың жалпы лимитін Бағдарламаны іске асыру жөніндегі мемлекеттік қолдау нысандары бойынша бөледі.
Келіскеннен кейін Уәкілетті орган жергілікті бюджетке нысаналы трансфертті жүзеге асырады.
3. Осы Келісімге сәйкес Қаржы агенті осы Келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда ӨҮК бекіткен, Банк пен Қаржы агенті мақұлдаған ЖКС-ның Жобалары бойынша ЖКС-ның Банк алдындағы кредиттеріне Кепілдік беруді жүзеге асырады.
4. Бағдарлама шеңберінде кепілдік беру республикалық бюджеттің ақшалай қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Кепілдік беру шарттары
Бағдарламаға қатысушылар: ЖКС;
ЖКС-ның Кепілдік беруге Банктердің жаңа Жобаларды
жататын кредиттері: іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті
жаңғыртуға және кеңейтуге және/немесе
айналым қаражатын толықтыруға бағытталған,
іске асырылып жатқан Жобалар бойынша
беретін жаңа кредиттер;
ЖКС-ның субсидиялауға акцизделетін тауарларды шығару
жатпайтын кредиттері: көзделетін Жобаларға берілетін;
тікелей кредиторы Мемлекеттік даму
институттары болып табылатын кредиттер;
мұнай-газ өнеркәсібінде жұмыс
істейтін кәсіпорындарға және қару
шығаратын кәсіпорындарға жатқызылған
ЖКС кредиттері;
Кепілдіктің ең жоғары кредит сомасының 50 %-ынан аспайды,
мөлшері: бұл ретте кредит сомасының кемінде
50%-ы мөлшерінде кредит бойынша
қамтамасыз етуді ұсынған Кәсіпкерлер
кепілдік ала алады;
Кредиттің Кепілдік Кепілдік беру жүзеге асырылатын
беруге жататын сомасы: кредит(тер)дің сомасы ЖКС-ның әрбір
жеке Жобасы бойынша 750,0 млн.
теңгеден аспауы керек.
Бұл ретте кредит(тер) сомасы олармен
аффилиирленген тұлғалардың/
компаниялардың кредит(тер)і бойынша
берешегін есепке алмай, ЖСК-нің әрбір
Жобасына жеке есептеледі. Егер
ЖСК-нің жекелеген Жобасына берілген
кредит(тер)тің жалпы сомасы 750,0
млн. теңгеден асса, ЖСК бір Жоба
бойынша 750,0 млн. теңге шегінде
Кепілдік беру нысанында мемлекеттік
қолдау алуға құқылы;
Кепілдік берудің 7 (жеті) жылдан аспайды;
ең жоғары мерзімі:
Бағдарламаға қатысу үшін соңғы есепті кезеңде салықтық
ЖКС-ге қойылатын міндетті берешегінің, міндетті зейнетақы
талаптар: жарналары мен бюджетке әлеуметтік
аударымдар бойынша берешегінің
болмауы; ЖКС жобасы Жаңаөзен
қаласының аумағында іске асырылуға
тиіс.
4. Тараптардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1. ЖКС кредит алуға және кепілдіктің қажетті сомасының есебін беру үшін өтінішпен Банкке жүгінеді.
2. Банк кепілдік мүлкін бағалау туралы ЖКС берген қорытынды негізінде ЖКС қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалауды жүргізеді және Жобаны Қаржы агентінің ішінара кепілдігімен кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін Банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын Жұмыс органының қарауына енгізеді.
3. Оң шешім қабылданған жағдайда Банк осы Келісімге № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдіктің қажетті сомасының есептеулерін көрсете отырып, ЖКС-ге тиісті хат береді.
4. ЖКС Банктен хат алғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне осы Келісімге № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді, оған төмендегі құжаттарды қоса береді:
№ |
Құжаттың атауы |
1. |
ЖКС-ні мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) |
2. |
Бгер қызмет түрі лицензияланатын болса - лицензия (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) |
3. |
Жарғы, құрылтай шарты (құрылтайшы біреу болған жағдайда құрылтай шарты қажет емес). Акционерлік қоғамдар акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді көшірмені (ЖКС-ның мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) береді. |
4. |
Салық органынан өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген салықтық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама. |
5. |
Басшылары растаған ЖКС-ның салық декларацияның көшірмесі қоса берілген соңғы қаржы жылындағы қаржылық есебінің көшірмесі және/немесе web-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржылық жай-күйі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат. |
6. |
Жобаны іске асырудың болжамды мерзімін, талаптары мен Қағидаларын қамтитын ЖКС Жобасын іске асырудың бизнес-жоспары. |
7. |
Кепілдік беру есептемесімен бірге Банктің Кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты |
5. ЖКС-ден өтініш алғаннан кейін Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) өтінішпен қоса берілген міндетті құжаттардың толықтығын тексереді, құжаттар пакеті толық тапсырылмаған немесе ұсынылған құжаттар белгіленген нысандарға сәйкес келмеген жағдайда Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ЖКС-ге пысықтау үшін кері қайтаруға құқылы;
2) Жобаны алдын ала қарайды және ӨҮК үшін Жоба бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырыстарының өткізілетін күнін, уақытын және өтетін орнын айқындайды, бұл туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді. ӨҮК отырысы Жобалардың қалыптастырылуына қарай өткізіледі;
4) ЖКС-ның басқа да мемлекеттік бағдарламаларға қатысуын, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануын тексереді;
5) құжаттардың толық пакетін бере отырып, осы Келісімге № 3
қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖКС жобаларының тізімін ӨҮК-нің қарауы
үшін енгізеді.
6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі барлық құжаттарды және ақпаратты алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖКС материалдарын ӨҮК-нің қарауына шығарады.
7. Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) ЖКС-ның және олардың Жобаларының Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігін тексереді;
2) осы Қағидаларда көрсетілген салалық шектеулерді қоспағанда, ЖКС-ның кез келген салада іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ ЖКС-ның өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір ЖКС бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар пакетін зерделейді;
3) ЖКС-ның Жобалары мен ұсынылған құжаттарды ӨҮК мүшелерінің арасында талқылайды;
4) ЖКС-ның Жобасын қарау кезінде ӨҮК одан Жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратуға құқылы, бұл жағдайда ЖКС-ның құжаттары Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне пысықтауға қайтарылады және ӨҮК-нің кезекті отырысында қайта қарауға жатады;
5) талқылау нәтижесі бойынша ЖКС Жобаларына іріктеу жүргізеді және ЖКС-ның кредиті бойынша осы Келісімге № 4 қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделетін кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, бұл ретте хаттамада жекелеген ЖКС-ның Бағдарламаға қатысудан бас тарту себептері міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
8. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
1) Банк пен Қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын;
2) ЖКС-ге жобаларды ӨҮК-де қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді.
9. ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін Банк 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қаржы агентіне осы Келісімге № 5 қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды жібереді. Банктің жоба бойынша қажетті құжаттар пакетін Қаржы агентіне оны Банктің ішкі кредиттік саясатын іске асыратын Жұмыс органы бекіткеннен кейін, Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін ұсынуына рұқсат етіледі.
10. Қаржы агенті Кепілдік беру туралы теріс шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті хабарлау мақсатында Кепілдік шартын жасаудан бас тартып, Бағдарламаны үйлестіруші мен Банкке хат жібереді.
11. Қаржы агенті Кредитке кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Қаржы агенті Банкке осы Келісімге № 6 қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала кепілдік беру хатын жібереді.
12. Қаржы агентінің алдын ала кепілдік беру хатын алғаннан кейін Банк ЖКС-мен Банктік қарыз шарты мен кепіл шартын жасасады, олардың Банктің мөрімен расталған көшірмелерін Қаржы агентіне жолдайды.
13. Осы Келісімнің 4.12-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде және ұсынылған құжаттарға ескертулер болмаған жағдайда Қаржы агенті осы Келісімге № 7 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдік шартының жобасын ресімдейді және өз тарапынан қол қояды да оны Банкке жібереді.
14. Банк Кепілдік шартын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды және оған ЖКС-ның қол қоюын қамтамасыз етеді.
15. Банк Кепілдік шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасалған Кепілдік шартының нұсқаларын Қаржы агентіне жібереді.
16. Банк Кепілдік шарты жасалғаннан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ЖКС-ге кредит беруді іс жүзінде жүзеге асырады және Қаржы агентіне ЖКС-ның кредитті іс жүзінде алғанын растайтын құжаттың Банктің мөрімен расталған көшірмесін жібереді. Егер кредит ЖКС-ге кредит желісі нысанында берілген жағдайда, Банк Қаржы агентіне тиісті транш берілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ЖКС-ның кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын құжаттың Банктің мөрімен расталған көшірмесін беруге міндетті. Алдын ала кепілдік беру хатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Кепілдік шартын жасасу талабымен алдын ала кепілдік беру хатының шарттары сақталған жағдайда Банктің кредит сомасының 30 %-нан аспайтын мөлшерде ішінара кредит беруіне рұқсат етіледі.
17. Кепілдік шарты жасалғаннан кейін Қаржы агенті Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне тиісті жазбаша хабарлама жібереді.
18. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі Қаржы агентінен Кепілдік шартының жасалғаны туралы хатты алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепілдікке ақы төлеу бойынша Қаржы агентінің ағымдағы шотына берілген кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.
5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган:
1) Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы үшін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындауға;
2) Қаржы агентінен және Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісінен осы Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
2. Қаржы агенті:
1) кепілдік беруден бас тартуға;
2) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
3) Қаржы агентіне жүгінген ЖКС-ге Бағдарламаға қатысу шарттары мен тәртібі туралы консультацияны жүзеге асыруға;
4) Тараптар үшін осы Келісімде белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
5) осы Келісімнің іске асырылу, оның ішінде Банктің міндеттемелерді орындау бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға;
6) Банктің жедел қызметіне араласпай, оның орналасқан жерінде Келісімнің іске асырылуын тексеруді жүзеге асыруға;
7) өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыруға;
8) Банктен кепілдік беру туралы шешім қабылдау, кредитті ЖКС-ның мақсатқа сай пайдалануына бақылауды және осы Келісімді және/немесе Банктік қарыз шартын Банк пен ЖКС-ның орындауын мониторингілеуді жүзеге. асыру үшін қажетті толық және шынайы ақпаратты, өзге де қажетті ақпаратты алуға құқылы.
3. Қаржы агенті:
1) ЖКС Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда Банктің кепілдікті Кепілдік шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындау туралы талабын орындауға;
2) осы Келісімде көзделген мониторингті жүргізуге міндеттенеді.
4. Банк:
1) ЖКС Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда Қаржы агентіне кепілдікті Кепілдік шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындау туралы жазбаша нысанда талап қоюға;
2) өз қалауы бойынша және өзі тәуекелге барып, ЖКС-ден берілген өтініш негізінде ЖКС-ге кредит беру мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
3) ЖКС жоба(лар)сын іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
5. Банк:
1) мыналарды:
ЖКС бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді ЖКС-ның бұзуы себептері бойынша өндіріп алынатындарды қоспағанда, ЖКС үшін комиссиялар, алымдар және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді өндіріп алмауға және белгілемеуге;
2) Жаңаөзен қаласындағы өз филиалдарының ақпараттық тақталарында Бағдарлама туралы, өтініштерді толтыру үлгілері және Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі бар ақпаратты орналастыруға;
3) Банкке жүгінген ЖКС-ге Бағдарламаға қатысу шарттары мен қатысу тәртібі туралы білікті консультация беруге;
4) осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Қаржы агентінің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бермеуге және қайта бермеуге. Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үмітсіздер санатына көшкен қарызды қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында Банктің үшінші тұлғаларға Банктік қарыз шарты бойынша ЖКС-ге талап ету құқықтарын беру жағдайларына таратылмайды;
5) Қаржы агентіне Кепілдік шартында көрсетілген тәртіппен және мерзімде ЖКС-ның кредитті мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттарды беруге;
6) Қаржы агентінің бірінші талабы бойынша Қаржы агентінің талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Банктік қарыз шарты мен осы Келісімді іске асыру, сондай-ақ ЖКС-ның Қаржы агенті тарапынан кепілдік берілген кредитінің мониторингі бойынша қажетті ақпаратты оның ішінде банктік /коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты негіздеп беруге;
7) Кепілдік беру шартын жасасқан ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асыруға;
8) Қаржы агентін осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде резидент-банктердегі қолда бар барлық корреспонденттік және өзге де шоттар, сондай-ақ резидент-банктерде осы Келісімге қол қойылғаннан кейін ашылған шоттар туралы - ашылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жазбаша хабардар етуге;
9) Банктің заңды мекенжайы, почталық және банктік деректемелері, сондай-ақ нақты мекенжайы өзгерген жағдайда мұндай өзгерістер туралы Қаржы агентіне күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жазбаша хабарлауға. Хабарламаған және /немесе уақтылы хабарламаған жағдайда болуы мүмкін салдарлар үшін Банк жауапты болады;
10) Банктің қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулердің немесе тыйымдардың басталғаны туралы, сондай-ақ Банк акцияларының 10%-дан астамына қатысты меншік құқығын біржолғы сату немесе өзгеше біржолғы көшуі және/немесе иелік ету және пайдалану құқтарының көшуі туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
6. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі:
1) іске асырылатын Бағдарламаның жарнамалық науқанын жүргізуге;
2) Тараптар үшін көзделген осы Келісімде белгіленген міндеттемелердің орындалу мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;
3) ЖКС жоба(лар)сының өңірлік деңгейде іске асырылу барысын, оның ішінде мониторинг басталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын ЖКС мен Қаржы агентін жүргізілетін мониторинг туралы алдын ала хабардар етіп, мониторингтің мерзімі мен шекаралары көрсетілген мониторинг жоспарын бере отырып, хабарлап, оның жедел қызметіне араласпай, ЖКС Жобасы іске асырылып жатқан жерлерге бару жолымен визуалды мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
7. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі:
1) ЖКС-ның өтінішін ӨҮК-ге уақтылы жіберуге;
2) ӨҮК шақыруды осы Келісімде белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға және ӨҮК шешімдерінің осы Келісімде белгіленген талаптарға сәйкес ресімделуін қамтамасыз етуге;
3) ӨҮК хаттамасын Қаржы агенті мен Банкке уақтылы беруді қамтамасыз етуге;
4) Қаржы агентінің кепілдік бергені үшін төленетін ақыны оған уақтылы және толық көлемде жүргізуге міндеттенеді.
6. Мониторинг
1. Осы Келісімнің іске асырылу мониторингін Қаржы агенті жүзеге асырады.
2. Қаржы агенті мониторинг шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Кепілдік шартын жасасқан ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына Банкпен бірлесіп мониторинг жүргізу;
2) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат беру.
3. Банк ЖКС Жобасына мониторингті жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды:
1) ай сайын осы Келісімге № 8 қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;
2) жарты жылда бір рет Банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен ЖКС жоба(лар)сының іске асырылу барысына, бірақ міндетті түрде Жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты қамтитын (бизнес-жоспарға сәйкес) кеңейтілген мониторинг.
4. Банк Қаржы агентіне есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысына ағымдағы мониторинг туралы есепті жазбаша түрде ұсынады және оны Қаржы агенті айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша жібереді.
5. Банк есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей ЖКС Жоба(лар)сының іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті жазбаша түрде Қаржы агентіне ұсынады және оны Қаржы агенті айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына қосымша. жібереді.
6. Қаржы агенті ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне осы Келісімге № 9 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілдік беру туралы есеп береді.
7. Тараптардың жауапкершілігі
1. Осы Келісімдегі Тараптардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.
2. Банк осы Келісім шеңберінде ақпаратты/есептілікті бермегені үшін, ақпаратты/есептілікті толық, шынайы, уақтылы бермегені үшін Қаржы агентінің алдында жауапты болады.
8. Хабарламалар
1. Тараптар осы Келісім шеңберінде талап етілетін немесе жасалған кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу жазбаша нысанда беріледі деп келіседі. Мұндай хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу Тараптық уәкілетті өкіліне қолма қол табыс етілген, қатысушы Тараптың осы Келісімде көрсетілген мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы, факсимиле және телексті байланыс арқылы жеткізілген жағдайлардың кез келгенінде олар тиісінше табыс етілді немесе жіберілді деп қаралатын болады.
2. Кез келген хабарлама, хабар, хат немесе сұрау салу:
1) алынған күні қойылған тиісті белгісімен - қолма-қол (курьермен) жөнелтілген;
2) жөнелтілгеннен кейінгі үшінші күні (пошта кәсіпорны жөнелту кезінде берген құжат күнінен) - тапсырысты хатпен, жеделхатпен жөнелтілген;
3) факсимиле аппаратының жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы растауының болуы шартымен жөнелту күнінде - факсимиле және телекс арқылы жөнелтілген жағдайда алынған болып есептеледі. Бұл ретте Тараптар мұндай хабарламаны, хабарды, хатты немесе сұрау салуды 2 (екі) жұмыс күнінен кешікпейтін мерзімде қолма-қол (курьермен) немесе тапсырысты хатпен жөнелтуге міндеттенеді.
3. Көзделген есептілік - Банк құжаттардың түпнұсқаларын кейіннен Қаржы агентіне беріп, жөнелтудің табысты аяқталғаны туралы электрондық пошта растауының болуы шартымен қол қойылған материалдарды электрондық пошта арқылы жөнелту жолымен берілуі мүмкін.
9. Құпиялылық
1. Осы арқылы Тараптар осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, өздері осы Келісімді жасасу және орындау барысында алған, банктік құпия, сондай-ақ қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және осы Келісім мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды деп келіседі.
2. Осы Келісімде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда Тарап құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бере, жариялай немесе оны өзгеше жария ете алады.
3. Тараптар осы Келісімнің болуы мен шарттарының құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді үшінші тұлғаларға жария етуге не беруге тыйым салынады.
4. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жария еткен не таратқан жағдайда кінәлі Тарап осындай ақпаратты жария ету салдарынан басқа Тарап шегетін ықтимал зиянды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті көтереді.
10. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
1. Еңсерілмейтін күш жағдайлары - Тараптардың кез келгенінің осы Келісім бойынша міндеттемелерін толық немесе ішінара орындауы мүмкін болмайтын (мыналарды қамтитын, бірақ бұлармен шектелмейтін: су тасқыны, жер сілкінісі, жарылыстар, дауылдар, індеттер, эпизоотиялар, апатты өрттер, ереуілдер, соғыс, көтерілістер, мемлекеттік органдардың ресми актілері) мән-жайлар. Бұл ретте еңсерілмейтін күш жағдайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуға тиіс.
2. Егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Келісім бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
3. Еңсерілмейтін күш жағдайлары басталған кезде осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмауы туындаған Тарап мұндай жағдайлар туралы басқа Тараптарды олар басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уақтылы хабардар етуі тиіс.
4. Уақтылы хабарлау болмаған кезде Тарап басқа Тарапқа хабарламау немесе уақтылы хабарламаудан келтірілген залалды өтеуге міндетті.
5. Еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуы осы Келісімнің орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұзартуға әкеп соғады. Егер мұндай жағдайлары 2 (екі) айдан астам жалғасатын болса, онда Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өзінің міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы болады.
11. Дауларды шешу
1. Осы Келісімге байланысты немесе одан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
12. Қорытынды ережелер
1. Тараптардың құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда осы Келісім бойынша және осы Келісімді орындау үшін барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді реттеуге байланысты туындаған құқықтар мен міндеттер де, Тараптардың құқықтық мирасқорларына етеді.
2. Осы Келісімнің құрамдас бөлігі болып табылатын қосымшаларымен бірге осы Келісім осы Келісімнің нысанына байланысты Тараптардың өзара толық түсіністіктерін білдіреді және олардың арасында Келісімнің нысанына қатысты алдыңғы жазбаша немесе ауызша келісімдер мен уағдаластықтардың барлығының орнын алмастырады.
3. Осы Келісімде қамтылған Баптардың атаулары мен басқа да тақырыптар қолайлылық үшін пайдаланылған және осы Келісімнің қандай да бір ережелерінің қандай да бір шектеулерін, сипаттамаларын немесе түсіндірмелерін қамтымайды, сондай- ақ осы Келісім Баптарының орналасу тәртібі де біреуінің басқаларға қатысты басымдығын растамайды.
4. Осы Келісімнің ережелері өзгертілуі және/немесе толықтырылуы мүмкін. Тараптар үшін осы Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған және фирмалық мөрмен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар ғана нақты және міндетті болып танылады.
5. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды, олардың әрқайсысының бірдей заңды күші бар. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі оқылулар туындаған жағдайда осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы басым мәнге ие болады.
6. Осы Келісім барлық Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20 ___ жылғы ________ желтоқсанға дейін қолданылады. Осы Келісім Тараптарының кез келгені осы Келісімнің барлық тараптарын күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабардар ету шартымен осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Банктің осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуы Борышкерге кепілдік беруді тоқтатуға әкеліп соқпайды. Қаржы агентімен қосымша келісім жасасу жолымен осы Келісімге Банкті (жаңа) қосуға болады.
7. Осы Келісімде көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
1-қосымша
(ЖКС атауы) Жобасы бойынша кепілдіктің қажетті сомасының есебі
№ |
Жобаның атауы |
Кредит сомасы, мың теңге |
Кредит мерзімі, ай |
Кепілдікті қамтамасыз ету |
Бағалау құны, мың теңге |
Кепілдік құны, мың теңге |
Кепілдіктің қажетті сомасы, мың теңге |
Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Лауазымды тұлға _______________________ ТАӘ
қолы, мөрі
Жауапты қызметкер _______________________ТАӘ
қолы
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
2-қосымша
Кімге Маңғыстау облысының әкімдігі
Кімнен ______________________
Өтініш № __________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің _____ жылғы________ №____
қаулысымен бекітілген Жаңаөзен қаласындағы жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру қағидаларына
сәйкес Сізден төмендегілерге сәйкес «________ » АҚ алдындағы кредитке
ішінара Кепілдік беру мүмкіндігін қарау туралы мәселені ____________
__________________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына
шығаруға бастама жасауыңызды сұраймын:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ЖКС атауы |
|
Құрылтайшы(лар) туралы деректер |
|
Заңды мекенжайы |
|
Нақты мекенжайы |
|
Почталық мекенжайы |
|
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні |
|
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің № |
|
Қызмет түрлері |
|
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания |
|
СТН |
|
Жұмыс тәжірибесі |
2. Басшылық
Бірінші басшы
Т.А.Ә. |
|
Лауазымы |
|
Жұмыс/үй тел. |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәліктің №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (нақты) |
|
Тіркелген жері |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Т.А.Ә. |
|
Жұмыс/үй тел. |
|
Туған жылы және жері |
|
Жеке куәліктің №, сериясы |
|
Тұрғылықты жері (нақты) |
|
Тіркелген жері |
|
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасаушы тұлға
(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны |
3. Меншік иелері (құрылтайшы, қатысушылар, АҚ үшін - акцияларының 5 және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер)
Атауы/ Т.А.Ә. |
% |
Деректемелері |
4. Ағымдағы қызметі туралы ақпарат
Сала |
|
Кіші сала |
|
Өнімдер мен қызметтердің түрлері |
|
Жылдық айналым |
|
Соңғы есепті күнге пайда немесе зиян |
|
Қызметкерлердің нақты саны |
оның ішінде әйелдер |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) |
|
Жұмыс орындарының саны |
5. Банк шоттары туралы ақпарат
Банктік деректемелері (қызмет көрсететін барлық банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету):
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
6. Кредит тарихы
Заңды тұлғаның жұмыс барысында пайдаланылған осы уақытқа дейін өтелген, сондай-ақ өтелмеген барлық банктік несиелері көрсетіледі.
Кредитор |
Сомасы |
Берілген күні |
Сыйақыны өтеу шарттары |
Негізгі борышты өтеу шарттары |
Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі |
Іс жүзінде өтеген күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. |
||||||
2. |
7. Қазіргі кредиттері туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: _____/_____
№ |
Банк |
Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні) |
Сыйақы ставкасы, % |
Кредит сомасы, теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
||||
2. |
Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге |
Кредит валютасы |
Кредит мерзімі аяқталатын күн |
Кредиттің мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
6 |
7 |
8 |
9 |
8. Басқа да мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысуы туралы ақпарат
№ |
Мемлекеттік бағдарламаның/ мемлекеттік қолдау шараларының атауы |
Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы |
Қосымша ақпарат |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
|||
2. |
9. Кепілдіктер мен келісімдер
Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпараттың шынайы екендігіне және шындыққа толық сәйкес келетіндігіне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпаратта сәйкессіздік анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің шынайы еместігін растайтын мәліметтер анықталған болса, осы өтініштің кез келген сатыда кері қайтарылатынымен келісемін.
Жергілікті атқарушы органның осы өтініште көрсетілген деректер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруіне қайтып алынбайтын келісімімді беремін.
Қосымшалар:
Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.
_____________________(Т.А.Ә.)
(қолы) күні
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік
беру жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі
келісімге (ұсынымдық нысан)
3-қосымша
_____________бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін
ЖКС жобаларының тізімі
№ |
ЖСК атауы |
Жобаның атауы (сипаты) |
Заңды мекенжайы |
Жоба іске асырылатын жер |
Өнімдер мен қызметтердің түрлері |
Жобаның іске асырылу сатысы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
ЖИЫНЫ: |
кестенің жалғасы
Бағдарлама бойынша бағыты |
ЭҚЖЖ коды |
ЭҚЖЖ секторының атауы |
Қаржыландыру сомасы, теңге |
Жұмыс орындарының саны |
БЖДҮ-ге өтініш берілген күн |
Банктің атауы |
|
факт |
жоспар |
||||||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Қосымшалар: (ЖКС - БЖДҮ-ге ұсынған өтініш пен құжаттар пакеті)
1).
2).
...
Қысқартылған сөздер мен анықтамалар |
|
ЖСК |
Жеке кәсіпкерлік субъектісі |
БЖДҮ |
Бағдарламаны жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі |
Лауазымды тұлға __________________ ТАӘ
қолы, мөрі
Жауапты қызметкер _________________ ТАӘ
қолы
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру женіндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
4-қосымша
_____________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының № ___________ хаттамасы
Өткізілген орны |
|
Өткізілген күні |
|
Кеңес төрағасы |
|
Қатысқан кеңес мүшелері |
|
Қатыспаған кеңес мүшелері |
|
Шақырылғандар |
|
Кеңес хатшысы |
|
Күн тәртібі |
№ |
Мәселелердің атауы |
1 |
|
2 |
|
... |
Кеңес қарады
№ |
1-мәселенің атауы |
1 |
|
Кеңес шешті
1. Мынаған:
Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012 - 2014 жылдарға арналған арнайы жоспарының өлшемдеріне сәйкестігіне;
Мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылмауына
жеке меншік кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысанын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
№ |
Атауы |
Кредит сомасы |
Кредит мерзімі |
Сыйақының номиналды ставкасы |
Кепілдіктің қажетті сомасы |
Кредит сомасына қажетті кепілдік сомасы (%) |
Жобаның сипаттамасы |
Ескертпе |
|||
ЖКС |
Жоба |
Сала |
Банк |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
3. Мақұлданған жобалардың тізімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберілсін.
4. Мынаған:
Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012 - 2014 жылдарға арналған арнайы жоспарының өлшемдеріне сәйкес келмеуіне;
Мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларының қолданылуына
жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне байланысты кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысанын қолдану мүмкіндігін мақұлдаудан бас тартылсын:
№ |
Атауы |
Бас тарту себептері |
|||
ЖСК |
Жоба |
Сала |
Банк |
||
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесініңТ.А.Ә. жәнемәртебесі |
«Иә» |
«Қарсы» |
Түсініктемелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңестөрағасыныңорынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
Кеңес қарады
№ |
2-мәселенің атауы |
Кеңес шешті
1.
2.
3.
...
Кеңес мүшелерінің қолдары
№ |
Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі |
«Иә» |
«Қарсы» |
Түсініктемелер |
1 |
Кеңес төрағасы |
|||
2 |
Кеңестөрағасыныңорынбасары |
|||
3 |
Кеңес мүшесі |
|||
4 |
Кеңес мүшесі |
|||
5 |
Кеңес мүшесі |
|||
Кеңес хатшысы __________________ТАӘ
Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген жағдайда, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
5-қосымша
ЖКС сараптамасын жүргізу үшін Банктің Қаржы агентіне
беретін құжаттарының тізбесі
1. Банктен сұратылатын жалпы құжаттар:
№ |
Құжаттың атауы |
Нысаны |
1 |
Құжаттар тізбесіне ілеспе хат |
Түпнұсқа |
2 |
Құжаттар пакетінде бар құжаттардың барлығының тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі |
Банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және Банктің мөртабанымен расталған түпнұсқа |
3 |
Банктен кредит алуға өтінім |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
4 |
Банктің уәкілетті органының Қаржы агентінің Кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, Банктің кредит, кепілдік әрі заң басқармаларының және тәуекелдер басқармасының сараптамалық қорытындылары (қосымшаларымен бірге) |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
5 |
Соңғы 2 (екі) жылдағы жэне соңғы есепті күнгі ағымдағы жылдың басына және соңғы есепті күнге кредиторлық және дебиторлық берешектің таратылып жазылуын ұсына отырып, берешек туындаған күн, берешекті болжамды өтеу күні мен нысаны, негізгі құралдардың, ТМҚ ЖСК мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін) таратылып жазылуы көрсетілген қаржылық есептілік (баланс, кірістер мен шығыстар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп) |
Банк мөрімен расталған көшірмелер |
6 |
ЖКС-ның қаржылық құжаттары - соңғы есепті күнге баланс (кредиторлық және дебиторлық берешектің таратылып жазылуын ұсына отырып, берешек туындаған күн, берешекті болжамды өтеу күні мен нысаны, негізгі құралдардың, ТМҚ ЖСК мөрімен расталған (ДК үшін) таратылып жазылуы көрсетілген) |
Банк мөрімен расталған көшірмелер |
7 |
Қаржылық есептілік баптарын таратып жазу (кірістер мен шығыстар туралы есеп) - соңғы жылы және соңғы есепті күні - сатудың түскен кіріс, өзіндік құн, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, сатылған өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі, ЖКС мөрімен расталған (егер сұралып отырған кепілдік сомасы 30 000 АЕК-тен артық болса) |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген кешірме немесе түпнұсқа |
8 |
Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша соңғы 12 айдағы ЖКС-нің қаржылық жағдайы туралы, несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар (жоқ) екендігі, сондай-ақ деректемелерін қоса алғанда мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп құжаттары туралы анықтама |
Түпнұсқа |
9 |
Несиелік берешектің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің бар екендігі туралы басқа қаржы ұйымдарының анықтамасы (банктерден басқа кредиттер бар болса) |
Түпнұсқа |
10 |
Екінші деңгейдегі банктерде бар барлық шоттар туралы мәліметтер |
Түпнұсқа |
11 |
Лицензиялар, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын жағдайда немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын болса) |
Нотариалды куәландырылған көшірме |
12 |
Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса) |
Түпнұсқа |
13 |
Бизнес-жоспар |
Түпнұсқа |
14 |
Банктің атынан Банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасасқан тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар. |
Банктің мөрімен расталған көшірмелер (Кепілдік беру шартын жасасу кезінде Банктің ұсынуына болады) |
15 |
Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және іске асырылып болған келісімшарттар (бар болса) |
Көшірмелер |
16 |
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ (бар) екені туралы анықтама |
Нотариалды расталған көшірме немесе түпнұсқа немесе Банктің мөрімен расталған көшірме |
17 |
Кредиттік келісімдер/банктік қарыз шарттары (қолданыстағы кредиттер бар болса) |
Көшірмелер |
2. ЖКС-ның құқықтық мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын, Банктен сұратылатын құжаттар
1. Егер ЖКС дара кәсіпкер болған жағдайда:
№ |
Құжаттың атауы |
Нысаны |
1 |
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
2 |
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі немесе ЖКС-ның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжат |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
3 |
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда -патент |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
4 |
Қолының және мөрінің бедері бар үлгілерімен құжат |
нотариалды расталған көшірме |
5 |
ЖКС-ның кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі |
Түпнұсқа, Қордың атына ұсынылады |
2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда
№ |
Құжаттың атауы |
Нысаны |
1 |
Жарғы |
нотариалды расталған көшірме |
2 |
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені /қайта тіркелгені туралы куәлік |
нотариалды расталған көшірме |
3 |
Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі |
нотариалды расталған көшірме |
4 |
ЖКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі |
Түпнұсқа не Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
5 |
ЖКС атынан Банкте және Қаржы агентінде құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар |
Банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме |
6 |
Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі |
Қаржы агенті бекіткен нысан бойынша түпнұсқа |
7 |
Кредит тарту туралы шешім қабылдаған ЖКС уәкілетті органының шешімі |
Банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа |
8 |
Бірінші басшы, бас бухгалтер қолдарының және ЖКС мөрі бедерлерінің үлгісі бар құжат |
нотариалды расталған көшірме |
9 |
ЖКС-нің кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі |
Түпнұсқа Қордың атына ұсынылады |
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
6-қосымша
« ____________ » АҚ-на
Алдын ала кепілдік хат
_______ жылғы «___» ______ № _____ Маңғыстау облысы Жаңаөзен
қаласының жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі -
Келісім) іске асыру шеңберінде осы хатпен мынаны хабарлаймыз, «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі — Қаржы агенті):_______
«_________ » Жобасы бойынша Қаржы агентінің кепілдігін беру туралы
«________» ДК/ЖШС/АҚ өтінімін қарады және мақұлдады.
Қаржы агенті______: «____________ » жобасы бойынша мынадай
шарттармен «________ » ДК/ЖШС/АҚ үшін кепілдік беруге дайын:
- кепілдік сомасы:________ (__________ ) теңге, бұл кредит
сомасының %-ын құрайды;
- кепілдік мерзімі:__________;
- кепілдік берудің өзге де жағдайлары Келісім талаптарына сәйкес жасалуға тиіс Кепілдік шартымен реттеледі.
Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі ол берілген күннен бастап _____ (_______) айды құрайды.
Құрметпен,
____________ _____________ _____________
(лауазымы) (қолы, м.о.) (Т.А.Ә.)
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
7-қосымша
№ Кепілдік шарты
__________қаласы 20___ жылғы «___» _________
Бұдан әрі «Кепілгер» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
қоры» акционерлік қоғамының атынан ___________негізінде әрекет ететін
__________бір тараптан,
бұдан әрі «Банк» деп аталатын «_________» акционерлік қоғамының
атынан___________ негізінде әрекет ететін ___________________________
екінші тараптан және бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, __________
атынан ____________ (Қарыз алушының толық атауы) негізінде әрекет
ететін_________ үшінші тараптан,
бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп, ал жеке-жеке Тарап деп не
жоғарыда көрсетілгендей аталатындар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 ___ жылғы «__» ___ №_____
қаулысын іске асыру шеңберінде Кепілгер мен Банктің арасында жасалған
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының жеке меншік кәсіпкерлік
субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық
туралы келісім шеңберінде,
төмендегілер туралы осы Кепілдік шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Анықтамалар
«Кредит шарты» - Қарыз алушы мен Банк арасында жасалатын қалпына келтірілетін/келтірілмейтін кредит желісін беру туралы Банктік қарыз шарты/келісімі;
«Кредит» - Банк Кредит шартының талаптарымен Қарыз алушыға беретін қарыз;
«Кредитті мақсатты пайдалану» - Қарыз алушының Кредит қаражатын Банкке растайтын құжаттарды бере отырып, Кредит шартында белгіленген мақсаттарға пайдалануы;
«Негізгі борыш» - Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және/немесе тиісінше орындамауынан туындаған, есептелген сыйақы сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойыншасот шығындарын, Банктің басқа да шығындарын есепке алмағанда,
Кредит шарты бойынша негізгі борыштың сомасы;
«Кепілдік» — Кепілдік Сомасы шегінде осы Шарттан туындайтын Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беретін Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі;
«Кепілдік сомасы» - шегінде Кепілгердің Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша Қарыз алушы міндеттемелерінің орындалуы үшін жауап беруге міндеттенетін осы Шартта белгіленген сома;
«Қамтамасыз ету» - Қарыз алушының және/немесе үшінші тұлғаның Қарыз алушының Кредит шарты бойынша беретін кез келген мүлкі және/немесе мүліктік құқығы, сондай-ақ Кепілдікті қоспағанда, Қарыз алушының Кредит шарты бойынша Банк алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін берілген кепілдіктер, кепілгерліктер.
«Талап» - осы Шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған Кепілдік Сомасы шеңберінде Кепілдіктер бойынша міндеттемелерінің орындалуы туралы Банктің Кепілгерге талабы;
«Жұмыс күні» - екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыруы үшін ашық күн (сенбіні немесе жексенбіні немесе ресми мерекелер мен демалыс күндерін қоспағанда);
«Қатысу мөлшері» - Кепілдік Сомасының Негізгі борыш сомасына пайыздық мәндегі қатынасы.
2. Шарттың нысаны
1. Осы Шарттың талаптары бойынша Кепілгер Қарыз алушының Кепілгер мен Банктің арасында жасалған Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындауы үшін Банк алдында жауап беруге міндеттеме алады:
1) Кредит шартының атауы және нөмірі:___________________;
2) Кредит шартының жасалған күні:_______________________;
3) Кредит сомасы:_____________________;
4) Кредит бойынша сыйақы ставкасы:___________________;
5) Кредиттің мерзімі:___________________;
6) Кредиттің нысаналы бағыты: _____________________________
______________;
Кредит шартының көшірмесі Шартқа қоса беріледі (Шартқа № 1 қосымша).
Осы тармақтағы мәліметтер Кредит шартының талаптарына сәйкес көрсетіледі.
2. Осы Шарт бойынша Кепілгердің Банк алдындағы міндеттемесі ____________(____________) теңге ___________________________ тиын
мөлшеріндегі Кепілдік сомасымен шектелген, бұл Негізгі борыш
сомасының _________ %-ын құрайды.
1) Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер
орындаған Талап сомасына азаяды.
2) Негізгі борышты өтелген/ішінара өтелген жағдайда Кепілдік сомасы Қатысу мөлшеріне кебейтілген Негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азаяды.
3) Кепілдік Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады. Талап қою және Кепілдікті орындау тәртібі осы Шартта белгіленеді.
4) Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Банкке Кепілгерге Қарыз алушыға, Кредит шарты мен оның орындалуына қатысты кез келген ақпаратты, оның ішінде Кредит бойынша өтелген сомалар туралы, Кредит шарты бойынша несиелік берешектің қалдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ банктік, коммерциялық және өзге де құпияны құрайтын өзге мәліметтерді беру құқығын ұсынады;
5) Осы Шартқа қол қою арқылы Қарыз алушы Кепілгердің Кепілгер акционеріне және мемлекеттік органдарға келесі мәліметтерді ұсынуға
келісімін береді: Қарыз алушының фирмалық атауы, Қарыз алушы Жобасының атауы, Қарыз алушының Жобасы іске асырылатын сала, Кредиттің сомасы және мерзімі, Кепілдік сомасы, Кредит бойынша сыйақы ставкасы, Кепілдік бойынша комиссияның мөлшері. Қарыз алушы Кепілгерге осы тармақта көрсетілген мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Кепілгердің веб-сайтында жариялау құқығын да береді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
1. Кепілгер:
1) Осы Шарттың талаптары бойынша Банктің Талаптарын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Банкке төлем жүргізуге міндетті.
2. Кепілгер:
1) Банктен және Қарыз алушыдан осы Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
2) Банктен Қарыз алушының Кредитті мақсатты пайдалануын бақылауды және Банк пен Қарыз алушының осы Шартты және/немесе Кредит шартын орындауын мониторингілеуді жүзеге асыру үшін қажетті толық және шынайы ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа байланысты өзге де қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және коммерциялық құпияны сақтау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Кепілгердің өкілдерінің Банкке баруы жолымен де ақпарат алуға;
3) Кредит шарты бойынша қаржыландырылған Жобаның іске асырылу барысын тексеру мақсатында Қарыз алушының Жобасы іске асырылып жатқан жерге баруды жүзеге асыруға;
4) Егер Банк Талапты осы Шарттың талаптарын бұза отырып қойған болса, Банкке жазбаша дәлелді жауап жіберу жолымен Талапты орындаудан
бас тартуға;
5) Қарыз алушы беруі мүмкін, тіпті Қарыз алушы борышын таныған және/немесе Қарыз алушы Банкке қарсылығынан бас тартқан жағдайда да Банктің талаптарына қарсылық білдіруге;
6) Қарыз алушыдан және Банктен Кепілгердің сұранысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындауы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзушылықтары туралы ақпарат беруді талап етуге;
7) Банктен (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Банктің Қарыз алушыға талаптарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруді және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруді талап етуге;
8) Қарыз алушыдан (Кепілгер Кепілдік шарты бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда) Кепілгерге Кепілдік бойынша жүргізілген төлемдердің сомасын толық көлемде өтеуді, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төленген сомаға сыйақы төлеуді және Қарыз алушы үшін жауапкершілікке байланысты келген өзге де зияндарды өтеуді талап етуге;
9) Қарыз алушының кез келген шоттарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен осы Шарт бойынша туындаған берешек сомасын акцептсіз тәртіппен алуға (есептен шығаруға);
10) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
3. Қарыз алушы:
1) Кредитті оның Нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;
2) Банктің және/немесе Кепілгердің бірінші талабы бойынша оның өкілдеріне Кредиттің мақсатты пайдалануын, оның қамтамасыз етілуін және Қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметін оның өндірістік (сауда) объектілерін тікелей қарау және/немесе Банкке және/немесе Кепілгерге қажетті шарттарда (мерзімі, көлемі) қаржы-шаруашылық қызметі туралы құжаттар мен ақпаратты тексеруге беру жолымен тексеруге мүмкіндік беруге;
3) Дереу, алайда Кредит шартының талаптары бұзылған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей кез келген жағдайда Кепілгерді орын алған барлық бұзушылықтар туралы, оның ішінде Негізгі борышты және кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы сомасын төлеу (қайтару) мерзімі өткен туралы, сондай-ақ Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттерін орындауға әсер ететін басқа да барлық жағдайлар туралы жазбаша хабарлауға;
4) Банк Кредит шарты бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап қойған жағдайда, өз міндеттемелерін тиісінше орындау үшін қалыптасып отырған жағдайда ақылға қонымды және қолжетімді шаралардың бәрін қабылдауға;
5) Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда Кепілгерге Кепілдік бойынша Кепілгер жүргізген төлемдер сомасын толық көлемде өтеуге, оның ішінде Банкке Кепілдік бойынша төлеген сомасына Кредит шартында көрсетілген ставка бойынша сыйақы төлеуге (Кепілгердің тиісті талабы болған жағдайда) және Кепілгердің талаптарында көрсетілген тәртіппен және мерзімде Кепілгердің Қарыз алушы үшін жауапкершілігіне байланысты келген өзге де зияндарын өтеуге;
6) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының жол берілген бұзылуы туралы ақпаратты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрауда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда беруге;
7) банктік деректемелері және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы Банкті және Кепілгерді хабардар етуге;
8) осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда Кепілгердің алдында өзінің бүкіл мүлкімен жауапты болуға міндетті.
4. Банк:
1) Кредит шартының талаптары өзгерген (Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін) жағдайда дереу, алайда кез келген жағдайда Кредит шартына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, Кепілгерге бұл туралы жазбаша хабарлауға.
Кредит шартына Кепілгер жауапкершілігінің ұлғаюына немесе Кепілгер үшін өзге де қолайсыз салдарларға әкелетін өзгерістер енгізілген жағдайда Банк Кепілгерден осындай өзгерістердің бәріне алдын ала жазбаша келісімін алуға тиіс.
Шарттың осы тармағының екінші абзацында көрсетілген өзгерістер Кредит шартына Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз енгізілген жағдайда, Кепілдік тоқтатылады;
2) Кепілгерден Кредит шарты бойынша міндеттемелердің орындалуы, оның ішінде жасалған Кредит шарты талаптарының бұзылуына жол берілгені туралы жазбаша сұрау алған жағдайда, оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге сұрауда көрсетілген ақпаратты жазбаша нысанда ұсынуға;
3) Қарыз алушының Кредит шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде (оның ішінде міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындаған жағдайда) орындағаны туралы 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерді жазбаша хабардар етуге;
4) осы Шартта белгіленген жағдайларда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде ақшаны қайтаруды жүзеге асыруға;
5) Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындаған жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Кепілгерге Банктің Қарыз алушыға Талап ету құқықтарын растайтын құжаттар мен ақпаратты беруге және осы талаптарды қамтамасыз ететін құқықтарды Кепілгерге осы Шартта белгіленген көлемде беруге. Банктің құжаттары Кепілгерге түпнұсқада беріледі, ал мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда - нотариалды куәландырылған көшірмелер түрінде беріледі. Құжаттарды Банктен Кепілгерге беру құжаттарды қабылдау-тапсыру актілерін жасау арқылы жүзеге асырылады;
6) Кепілгерге Кредит берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредит сомасын іс жүзінде алғанын растайтын құжаттың кешірмесін беруге. Егер Кредит Қарыз алушыға қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысанында берілген жағдайда, Банк Кепілгерге тиісті транш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының қалпына келтірілетін/қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын Банктің мөрімен расталған құжаттың көшірмесін беруге;
7) Кепілгердің Кепілдікті орындау нәтижесінде алған құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;
8) Қарыз алушының Кредит сомасын іс жүзінде алған күнінен бастап _____(___) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының Кредитті Мақсатты пайдалануын растайтын құжаттарды Кепілгерге беруге. Егер Кредит Қарыз алушыға қалпына келтірілетін/ қалпына келтірілмейтін кредит желісі нысаныңда берілген жағдайда Банк Кепілгерге тиісті транш берілген күннен бастап ______(___) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қарыз алушының қалпына келтірілетін/ қалпына келтірілмейтін кредит желісі шеңберінде әрбір траншты алғанын растайтын құжаттарды беруге;
9) осы Шартта белгіленген өзге де міндеттемелерді тиісінше орындауға міндетті.
5. Банк:
1) Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде Талап қоюға;
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.
4. Кепілдікті орындау тәртібі
1. Қарыз алушы Негізгі борыш сомасын және /немесе Кредит шарты бойынша сыйақы сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Банк (бұл туралы Кепілгерді Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және Банктің Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша талабының көшірмесін қоса беріп хабардар етеді.
2. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде Банк Қарыз алушыдан және Қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі еткен берешекті алу мақсатында ақылға қонымды және қалыптасып отырған жағдайда барлық қолжетімді шараларды қабылдауға құқылы (оның ішінде өндіріп алуды Қамтамасыз етуге айналдыру, банктік кепілдік, үшінші тұлғалардың кепілдіктер/кепілгерліктері (Кепілдікті қоспағанда) бойынша талаптар қою, Қарыз алушының шоттарына төлем талап-тапсырмалар қою және т.б. жолмен).
3. Берешекті өндіріп алу жөнінде қабылданған шаралардың нәтижесінде Банк Қарыз алушыдан алған сомалар Кепілгерге Талап қойылғанға дейін төмендегідей кезектілікпен Қарыз алушының берешегін өтеуге жіберіледі:
1) Кредит шарты бойынша сыйақыны және тұрақсыздық айыбын өтеу;
2) Кредит шарты бойынша мерзімі өткен Негізгі борышты өтеу;
3) Кредит шарты бойынша Негізгі борышты өтеу;
4) Кредит шарты бойынша өзге де берешектерді өтеу.
Қарыз алушының берешегін өтеуді Банк ақшаны алған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүргізуі тиіс. Бұл ретте Кепілдік Сомасы Негізгі борышты өтеудің Қатысу мөлшеріне көбейтілген сомасына (оның ішінде мерзімі өткен) тең сомаға азаяды.
4. Қарыз алушы Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап Кредит шарты бойынша Негізгі борыштың сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді 90 (тоқсан) күн ішінде орындамаған жағдайда Банк Кепілгерге талап қоюға құқылы.
5. Талапта мыналар көрсетілуге тиіс:
1) Кепілдік шартының деректемелері;
2) Кредит шартының деректемелері;
3) Қарыз алушының атауы;
4) Кепілгердің Кепілдік бойынша төлемінің есептеулері;
5) ақша қаражаты есепке алынуға жатқызылатын Банк шотының деректемелері.
6. Талапқа:
1) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
2) Қарыз алушының Банк алдындағы берешегін (бар болса) растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) Банктің Қарыз алушыға жолдаған талабының (қарсылығы) көшірмесі;
4) Қарыз алушының Банктің талабына (шағымына) жауабының көшірмесі (бар болса);
5) Банктің Кредит шарты бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі қолданған шаралары және растайтын құжаттарды қоса бере отырып (бар болса), қабылданған шаралардың нәтижесінде алынған сомалар туралы ақпарат қоса беріледі.
7. Талапта көрсетілген сома Кепілдік шартының талаптарына сәйкес болуы тиіс, алайда ол кез келген жағдайда осы Шарттың 2.2-тармағында белгіленген Кепілдіктің шекті Сомасынан аспауы тиіс.
8. Банк Талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай бойынша тапсырысты хат жіберу жолымен жібереді немесе қолма-қол береді.
9. Кепілгерге Талапты ағымдағы жұмыс күні Алматы уақыты бойынша 16.00-ге дейін қоюға болады. Алматы уақыты бойынша сағат 16-00-ден кейін қойылған Талап келесі Жұмыс күні қойылған деп саналады.
10. Банктің Талабын алғаннан кейін, алайда кез келген жағдайда, ол қанағаттандырылғанға дейін Кепілгер Қарыз алушыны Банк қойған Талаптар туралы осы Шартта көрсетілген қарыз алушының мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен хабар жіберу жолымен немесе Қарыз алушының қолын қойғызып қолма-қол беру жолымен жазбаша нысанда хабардар етеді. Хабарлама тапсырысты хатпен жіберілген кезде почта мекемесі берген құжатта көрсетілген күннен кейін 3 (үшінші) күні хабарлама алынды деп саналады.
11. Кепілгер Банктің Талаптарын және осы Шартта көзделген барлық құжаттарды алған сәттен бастап, сондай-ақ Талаптарға және ұсынылған құжаттарға қарсылығы болмаған кезде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде Талапта көрсетілген сомалар мөлшерінде төлем жүргізеді не Банкке барлық қарсылықтарын көрсетіп хат жібереді.
12. Кепілдік бойынша міндеттемесін орындаған Кепілгерге Кредит шарты бойынша Банктің барлық құқықтары және Банкке қамтамасыз ету шарттары бойынша кепіл ұстаушы ретінде тиесілі құқықтары Кепілгер Банктің Талаптарын қанағаттандыру көлемінде етеді. Кепілгер Талапты орындағаннан кейін Банк Кепілгерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша келесі құжаттарды беруге міндетті:
1) қосымша келісімдерімен бірге Кредит шартының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмесі;
2) қосымша келісімдерімен бірге қамтамасыз ету шарттарының түпнұсқасы немесе нотариалды расталған көшірмелері;
3) Кепілгердің талабы бойынша Кепілгердің құқығын растайтын өзге де құжаттар.
13. Кепілгер Кепілдік бойынша міндеттемелерді орындағаннан кейін Банк Қарыз алушыдан өндіріп алу бойынша шаралардың, оның ішінде қамтамасыз етуді іске асыру жолымен алған барлық сомалар Кепілгер мен Банк арасында мынадай кезектілікпен бөлінеді:
1) Кредит шарты бойынша Банктің алдында сыйақылар мен тұрақсыздық айыбын өтеу;
2) Қарыз алушының Банк алдындағы Негізгі борышы қалдығының сомасын өтеу;
3) Қарыз алушының Кепілгердің алдындағы берешекті өтеуі.
5. Кепілдіктің қолданылу мерзімі
1. Кепілдік _____ жылғы « » қоса алғанға дейінгі мерзімге беріледі.
2. Мынадай мән-жайлардың кез келгені басталған кезде Кепілдіктің қолданысы тоқтатылады:
1) Кредит шарты бойынша Кепілдікпен қамтамасыз етілген Негізгі борыштың сомасын толық өтеу;
2) осы Шартта көрсетілген Кепілдік мерзімі өткен соң;
3) егер Кепілгер жаңа борышкер үшін жауапты болуға келісімін бермесе, Кредит шартының Кепілдікпен қамтамасыз етілуі бойынша борышының басқа тұлғаға ауысуы;
4) егер Кепілдікпен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімі басталғаннан кейін Банк Қарыз алушы немесе Кепілгер ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартса;
5) Кепілгердің алдын ала жазбаша келісімінсіз Кредит шартының кез келген талаптарының Кепілгер үшін жауапкершілікті ұлғайтуға немесе басқа да қолайсыз салдарларға әкеліп соғатын өзгеруі;
6) шынайы емес мәліметтер (ақпарат) және /немесе құжаттардың берілуі Қарыз алушының тарапынан алаяқтық әрекеттерден туындаған жағдайларды қоспағанда, Банктің Кепілгерге шынайы емес мәліметтер (ақпарат) және /немесе Кепілгердің Кепілдік беру туралы шешім қабылдауы үшін қажетті құжаттар берген жағдайда;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Келісімде және/немесе осы Шартта көзделген өзге де негіздер бойынша.
6. Жауапкершілік
1. Кепілгер Банкке Талапта көрсетілген соманы уақтылы төлемеген жағдайда, Кепілгер Банкке мерзімі өткен әрбір күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
2. Банк Кепілгерге осы Шарттың талаптарына сәйкес Кепілгерге тиесілі кез келген соманы уақтылы қайтармаған жағдайда Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін уақтылы төленбеген соманың 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
3. Банк осы Шарттың 3.4.1., 3.4.2., 3.4.З., 3.4.5., 3.4.6., 3.4.8-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Банк Кепілгерге мерзімі өткен әр күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
4. Қарыз алушы осы Шарттың 3.3.3., 3.3.5., 3.3.6., 3.3.7-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған жағдайда, Қарыз алушы Кепілгерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
5. Тұрақсыздық айыбын төлеу талабы кінәлі Тарап құқығын бұзған
Тараптың құқығы болып табылады. Тұрақсыздық айыбын төлеу кінәлі Тарапты осы Шарттың талаптарын тиісінше орындаудан босатпайды.
7. Қорытынды ережелер
1. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда ресімделуі, Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолдары қойылуы және Тараптардың мөрлерінің бедерлерімен бекітілуі тиіс.
2. Осы Шартты өзгертуге, бұзуға және орындауға байланысты барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер және талқылаулар жолымен шешетін болады, егер келіссөздер нәтижесінде Тараптар келісімге келмеген жағдайда, онда мұндай дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралатын болады.
3. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар үш данада жасалды.
4. Осы Шартта көзделмеген өзге жағдайлардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
5. Кредит шартының көшірмесі осы Шартқа № 1 қосымша болып табылады.
8. Тараптардың орналасқан жері, деректемелері және қолдары
Қарыз алушы: |
Кепілгер: |
Банк: |
________________ |
________________/________/ |
Жаңаөзен қаласындағы жеке меншік
кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне
кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы
үлгі келісімге (ұсынымдық нысан)
8-қосымша
«____________» АҚ-ның
____________бастап____________ жыл аралығындағы кезеңде
ЖКС Жобаларын іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есеп
№ |
Банктің атауы |
ЖКС өтініш берген жер (облыс, өңір) |
Қарыз алушының атауы |
Қарыз алушының СТН |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК) |
Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/Келісімнің № |
Кредит желісін ашу туралы Банктік қарыз шартының/Келісімнің күні |
Кредит мерзімі |
|
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Кредит сомасы |
Кредит бойынша сыйақы ставкасы |
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі |
Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең |
|
10 |
11 |
12 |
13 |
|
Кредит бойынша берілген күні (транш) |
Нақты берілген қаражат сомасы |
Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы |
Кепілдік шартының нөмірі |
|
14 |
15 |
16 |
17 |
|
Кепілдік |
Қаржы агентінің кепілдік сомасы |
Қаржы агентінің кепілдік бойынша міндеттемесінің орындалу сомасы |
НБ бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы |
|
18 |
19 |
20 |
21 |
|
НБ бойынша мерзімі өткен күндердің саны |
Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндердің саны |
Кредит беруобъектісі(инвестициялық кредит/айналым) қаражатын толтыру) |
Жоба бойыншабизнес (бастапқы/қолданыстағы) |
|
22 |
23 |
24 |
25 |
|
Жобаны іске асыру есебінен жасалатын жаңа жұмыс орындары |
Банктің уәкілетті органы шешімнің күні |
ККА әдістемесі бойынша сыныптамалық санат |
||
26 |
27 |
28 |
||