"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 384 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.05.2015 № 384 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18) тармақшасына және 53-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жоғары оку орнының үздік оқытушысы» атағын беру бағыттары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу  бағыттары бекітілсін.
      2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 872 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 33,455-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2012 жылға 17 ақпандағы
№ 235 қаулысымен
бекітілген   

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру
қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың
жұмсалу бағыттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - жоо) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын (бұдан әрі - атақ) беру және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары тәртібін айқындайды.
      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік грант — «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсында (бұдан әрі - Конкурс) жеңіп шыққан жоо-ның оқытушысына осы Қағидаларда белгіленген нормалар сақталған кезде өтеусіз берілетін ақшалай сыйақы;
      2) республикалық конкурстық комиссия - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия);
      3) Конкурстың қатысушысы - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған жоо-ның штаттағы оқытушысы.
      4. Атақтың иегеріне республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді.
      5. Атақ бір адамға келесі бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібі

      6. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:
      1) жоо-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар;
      2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы барлар.
      7. Конкурс жыл сайын екі кезеңде өткізіледі:
      1) I кезең - жоо-ның ішінде, ол ағымдағы жылдың қазанында өткізіледі.
      Конкурсты жоо-ның ішінде өткізу тәртібін жоо дербес айқындайды, бұл ретте білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жыл ішіндегі сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады.
      Жоо-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын жоо-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін жоо-да 1 үміткер айқындалады.
      2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылдың желтоқсанында
өткізіледі.
      Конкурстың республикалық кезеңін Комиссия өткізеді, білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы оның төрағасы (бұдан әрі - Комиссия төрағасы) болып табылады.
      8. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, баска да мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлері арасынан, жетекші ғалымдар мен мамандар, сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс (19-дан аспайды). Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
      9. Комиссияның дербес құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі.
      10. Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс туралы ақпарат жарияланған, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап ол жарияланған деп саналады.
      11. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы қарашада үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша өтінім, сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер, жылдық жұмыс жоспар-кестесі;
      2) жоо ғылыми кеңесінің ұсынымы;
      3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
      4) жеке куәліктің көшірмесі;
      5) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
      12. Конкурсқа ұсынылған құжаттар жетекші ғалымдар, жоо-лардың профессор-оқытушылар құрамының арасынан құрылған сараптама тобы жүзеге асыратын сараптаудан өтеді.
      Сараптама тобының дербес құрамы және Конкурсқа ұсынылған құжаттарға сараптау жүргізу мерзімі білім беру саласындағы уәкілетті органның шешімімен бекітіледі. Бұл ретте сараптама тобының дербес құрамы Комиссия құрамымен сәйкес болмауы тиіс.
      Сараптама тобы конкурсқа ұсынылған әрбір құжат бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес қорытынды береді.
      13. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сараптама тобы оны қатысушылардың тізімінен шығару туралы ұсынысты жазбаша негіздемемен Комиссияға ұсынады.
      14. Сараптама тобының қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және қарау үшін Комиссияға беріледі, бұл ретте сараптама тобының әрбір мүшесі ерекше пікірге құқылы.
      15. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді.
      16. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жарияланады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
      17. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

3. Берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттары

      18. Атақ иегері берілген мемлекеттік грантты мынадай бағыттар бойынша жұмсайды: ғылыми зерттеулер жүргізу, шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтар мен зертханаларда тағылымдамадан өтуді қоса алғанда, біліктілігін арттыру.
      19. Берілген мемлекеттік грант атақ иегерінің ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.
      20. Есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтарында атақ иегері білім беру саласындағы уәкілетті органға жылдық жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес берілген мемлекеттік гранттың жұмсалуы туралы есеп ұсынады. Есепке растайтын құжаттар қоса беріледі.
      21. Атақ иегері:
      1) жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамаған;
      2) атақты бергеннен кейін жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға шыққан жағдайларда берілген мемлекеттік грантты толық көлемде қайтарады.
      22. Егер атақ иегерінің жылдық жұмыс жоспар-кестесінде көзделген іс-шараларды орындамауына:
      1) атақ иегерінің қайтыс болуы;
      2) атақ иегерінің еңбекке қабілеттілігін жоғалтуы негіз болған жағдайда берілген мемлекеттік грант қайтарылмайды.

Об утверждении Правил присвоения звания "Лучший преподаватель вуза" и направлений расходования присвоенного государственного гранта

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2012 года № 235. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 384

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.05.2015 № 384 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 4 и подпунктом 2) пункта 3 статьи 53 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила присвоения звания «Лучший преподаватель вуза» и направления расходования присвоенного государственного гранта.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2005 года № 872 «Об утверждении Правил присуждения государственного гранта «Лучший преподаватель вуза» (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 33, ст. 455).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 17 февраля 2012 года № 235

Правила
присвоения звания «Лучший преподаватель вуза» и направлений
расходования присвоенного государственного гранта

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения звания «Лучший преподаватель вуза» и направления расходования присвоенного государственного гранта (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года «Об образовании».
      2. Правила определяют порядок присвоения звания «Лучший преподаватель вуза» (далее – звание) и направления расходования присвоенного государственного гранта преподавателям высших учебных заведений (далее – вузы) независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности, имеющим высокие достижения в педагогической и научной деятельности в целях их поощрения и поддержки.
      3. В Правилах используются следующие основные понятия:
      1) государственный грант – денежное вознаграждение, безвозмездно предоставляемое преподавателю вуза, победившему в конкурсе на присвоение звания «Лучший преподаватель вуза» (далее – Конкурс) при соблюдении норм, установленных настоящими Правилами;
      2) республиканская конкурсная комиссия – комиссия, создаваемая уполномоченным органом в области образования для присвоения звания «Лучший преподаватель вуза» (далее – Комиссия);
      3) участник Конкурса – штатный преподаватель вуза, предоставивший в соответствии с настоящими Правилами документы на участие в Конкурсе.
      4. Обладателю звания выплачивается за счет средств республиканского бюджета государственный грант в размере 2000-кратного месячного расчетного показателя, установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      5. Звание не может присваиваться одному и тому же лицу более одного раза в течение пяти последующих лет.

2. Порядок присвоения звания «Лучший преподаватель вуза»

      6. В Конкурсе на присвоение звания «Лучший преподаватель вуза» могут участвовать граждане Республики Казахстан, соответствующие следующим требованиям:
      1) являющиеся штатными преподавателями вузов;
      2) имеющие непрерывный научно-педагогический стаж не менее пяти лет на момент представления документов на Конкурс.
      7. Конкурс проводится ежегодно в два этапа:
      1) I этап – внутривузовский, проводимый в октябре текущего года.
      Порядок проведения внутривузовского конкурса определяется вузом самостоятельно, при этом за основу берутся качественные и количественные показатели за последние пять лет, утвержденные уполномоченным органом в области образования.
      По результатам внутривузовского конкурса решением ученого совета из расчета на 50 штатных преподавателей не более 1 претендента, определяются лучшие преподаватели вуза, рекомендуемые к участию во II этапе Конкурса. В вузах, где штатное количество преподавателей не достигает 50 человек, определяется 1 претендент.
      2) II этап – республиканский, проводимый в декабре текущего года.
      Республиканский этап Конкурса проводится Комиссией, председателем которой является руководитель уполномоченного органа в области образования (далее – Председатель комиссии).
      8. Комиссия формируется из числа сотрудников уполномоченного органа в области образования, других заинтересованных государственных органов, ведущих ученых и специалистов, а также представителей политических партий, общественных объединений.
      Количество членов Комиссии должно составлять нечетное число (не более 19 человек). Заседания Комиссии считаются правомочными при наличии не менее двух третей его членов.
      9. Персональный состав Комиссии утверждается решением уполномоченного органа в области образования.
      10. Конкурс считается объявленным со дня опубликования информации о нем в средствах массовой информации, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, а также его размещения на интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования.
      11. Для участия в Конкурсе претенденты в ноябре текущего года представляют в уполномоченный орган в области образования следующие документы:
      1) заявку, сведения в соответствии с качественными и количественными показателями, годовой план-график работ по формам, утвержденным уполномоченным органом в области образования;
      2) рекомендацию ученого совета вуза;
      3) личный листок по учету кадров, заверенный по месту работы;
      4) копию удостоверения личности;
      5) уведомление о действующем 20-значном текущем счете в карточной базе.
      12. Документы, представленные на Конкурс проходят экспертизу, осуществляемую экспертной группой из числа ведущих ученых, профессорско-преподавательского состава вузов (далее – экспертная группа).
      Персональный состав экспертной группы и сроки проведения экспертизы документов, представленных на Конкурс, утверждаются решением уполномоченного органа в области образования. При этом персональный состав экспертной группы не должен совпадать с составом Комиссии.
      Экспертная группа дает заключение по каждому документу в соответствии с качественными и количественными показателями, утвержденными уполномоченным органом в области образования.
      13. В случае представления участником Конкурса недостоверных или неполных сведений, экспертная группа представляет в Комиссию предложение об исключении его из списка участников с письменным обоснованием.
      14. Заключения экспертной группы оформляются протоколом и передаются на рассмотрение в Комиссию, при этом любой член экспертной группы имеет право на особое мнение.
      15. Решение Комиссии о присвоении звания «Лучший преподаватель вуза» принимается простым большинством голосов от участвовавших членов. При равенстве голосов членов Комиссии, голос Председателя Комиссии является решающим.
      Решение Комиссии оформляется протоколом.
      16. Итоги Конкурса публикуются в средствах массовой информации, распространяемых на всей территории Республики Казахстан, в течение десяти календарных дней после подведения итогов Конкурса, а также размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа в области образования.
      17. Решение Комиссии может быть обжаловано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

3. Направления расходования присвоенного
государственного гранта

      18. Присвоенный государственный грант обладателем звания расходуется по следующим направлениям: проведение научных исследований, повышение квалификации, включая стажировку в ведущих зарубежных вузах, научных центрах и лабораториях.
      19. Присвоенный государственный грант единовременно перечисляется на текущий счет обладателя звания.
      20. Обладатель звания в январе года, следующего за отчетным, представляет в уполномоченный орган в области образования отчет о расходовании присвоенного государственного гранта, в соответствии с годовым планом-графиком работ. К отчету прилагаются подтверждающие документы.
      21. Обладатель звания возвращает присвоенный государственный грант в полном объеме в случаях:
      1) невыполнения мероприятий, предусмотренных в годовом плане-графике работ;
      2) выезда на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан в течение года после присвоения звания.
      22. Присвоенный государственный грант не возвращается в случае, если невыполнение обладателем звания мероприятий, предусмотренных в годовом плане-графике работ, обусловлено:
      1) смертью обладателя звания;
      2) утратой обладателем звания трудоспособности.