Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 286 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 286 қаулысымен 
бекітілген    

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай
өнімдерінің тізбесі

      1) Аи-80 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      2) Аи-92 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      3) Аи-93 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
      4) дизель отынын (жазғы, маусымаралық) бөлшек саудада сату.

Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2012 года № 286. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 196 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен.
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 2 марта 2012 года № 286

Перечень нефтепродуктов,
на которые устанавливается государственное регулирование цен

      1) бензин марки Аи-80, розничная реализация;
      2) бензин марки Аи-92, розничная реализация;
      3) бензин марки Аи-93, розничная реализация;
      4) дизельное топливо (летнее, межсезонное), розничная реализация.