Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 286 қаулысымен
бекітілген
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай
өнімдерінің тізбесі
1) Аи-80 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
2) Аи-92 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
3) Аи-93 маркалы бензинді бөлшек саудада сату;
4) дизель отынын (жазғы, маусымаралық) бөлшек саудада сату.