Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ 

      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2012 жылғы 2 наурыздағы
№ 237 қаулысымен   
бекітілген      

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары

      1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мұнайдың әлемдік бағасы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген ақпарат көзінің негізінде тиісті кезеңде «Датированный Брент» (Вrent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгіленуі;
      2) баррельдендіру коэффициенті - өндірілген шикі мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтірілген өлшем бірлігін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициенті.
      Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
      3. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшада келтірілген нысан бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мәндері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) негізінде, мынадай формуланың негізінде айқындалады:

      мұндағы:

      1) Р - мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек саудадағы шекті бағасының мәні;
      2) РBr - баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
      3) L - коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрі бағасының белгіленуіне мұнай бағасының белгіленуін ауыстыру коэффициенті;
      L=РВr
      Р - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көзінің негізінде Тізбеге енгізілген бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өніміне сәйкес келетін мұнай өніміне әлемдік бағасының белгіленуі;
      4) ТСЕх - өзіне жалдауды (Новороссийск портынан FОВ Италия-Августа Жерорта теңізіне дейін теңіз танкерімен мұнай өнімдерін тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнімдерін темір жол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнімдерін Еуропа нарықтарынан (ҒОВ Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу жөніндегі көліктік шығыстардың шартты орташа мәні;
      5) ЕСD - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түріне кедендік әкету бажының мәні;
      6) С - табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі — Уәкілетті орган) Кесте ұсынылған күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;
      7) Т - «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бекітілген мұнай өнімінің тиісті бір түріне акциз және қосымша құн салығы;
      8) ТСDom - Қазақстан Республикасы бойынша темір жол көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәні;
      9) S — мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау бойынша 3% мөлшеріндегі шығыстар;
      10) Орех - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшеріндегі операциялық шығыстарының жиынтығы;
      11) М - мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшеріндегі маржасы;
      12) Ki - осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес айқындалатын коэффнциент;
      13) D – қуаты шағын мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнімінің тиісті түрінің орташа тығыздығы.
      4. Ki коэффициентінің мәнін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түріне бағалардың тарихи серпініне байланысты бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне мынадай формула бойынша есептейді:

      мұндағы:

      1) Qmin – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәні;
      2) O – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ долларына тең келетін мұнай аралығының адымы;
      3) U – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
      4) F – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралыққа сәйкес келетін мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдік бағаның ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;
      5) PBri – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
      6) PBr min – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;
      7) N – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейі;
      8) PiKi коэффициентінің мәні есепке алынбай осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының шекті мәні;
      5. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға әзірленген Кестені есептерді, негіздемелер мен тиісті ақпарат көзінің деректерін қоса бере отырып:
      1) жыл сайын – жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасынан кешіктірмей;
      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5)6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер бұрын бекітілген көрсеткіштердің мәнінен 10%-дан астам өзгерген кезде – осындай өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.
      6. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға өткен күнтізбелік айдың он бесінші күнінен бастап ағымдағы күнтізбелік айдың он төртінші күні бойынша қалыптасқан мұнайға әлемдік бағаның мәліметтерін ай сайын он бесінші күннен кешіктірмей ұсынады.
      7. Уәкілетті орган шекті бағаны белгілеу үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады, ол мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган тиісті сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
      8. Уәкілетті орган Кестенің және мұнайдың әлемдік бағасы жөніндегі мәліметтердің негізінде бұйрық нысанында қабылданатын шешім қабылдау жолымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілейді.
      9. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданады.
      10. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрық (бұдан әрі - Бұйрық):
      1) жоспарланып отырған күнтізбелік жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың он бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей;
      2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5)6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кесте алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;
      3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдік бағасының бір шекті мәнінің шегінен асатын мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мұнайға әлемдік баға бойынша деректер алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.
      11. Мемлекеттік органдармен келісілген және Уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған бұйрық Уәкілетті органның және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурстарында келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс.
      12. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мәмілелерге қолданылмайды.

Бағаларына мемлекеттік реттеу
белгіленген бөлшек саудада
өткізілетін мұнай өнімдеріне
шекті бағаны айқындау
қағидаларына
қосымша

Мұнайдың әлемдік бағасына байланысты мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына өткізуге белгіленетін шекті баға мәндерінің кестесі

Р/с

Әлемдік бағаның шегі, $/бар

ДО-ға бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л

Аи-80-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л

Аи-92/93-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.





18.





19.





20





Об утверждении Правил определения предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2012 года № 287. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 196

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 196 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ
 
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 2 марта 2012 года № 287

Правила
определения предельной цены на розничную реализацию
нефтепродуктов, на которые установлено государственное
регулирование цен

      1. Настоящие Правила определения предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 20 июля 2011 года «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» и устанавливают порядок определения предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) мировая цена на нефть – средняя котировка цены в иностранной валюте стандартного сорта «Датированный Брент» (Brent Dtd) за соответствующий период на основании источника информации, включенного в Перечень официально признанных источников информации о рыночных ценах на сырую нефть и (или) газовый конденсат и нефтепродукты, утверждаемый постановлением Правительства Республики Казахстан;
      2) коэффициент баррелизации – коэффициент перевода единиц измерения из барреля в метрическую тонну с учетом фактической плотности и температуры добытой сырой нефти, приведенных к стандартным условиям измерения.
      Иные понятия и термины, используемые в Правилах, применяются в соответствии с действующим законодательством.
      3. Предельная цена на розничную реализацию нефтепродуктов, на которые установлено государственное регулирование цен, определяется на основе таблицы значений предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов в зависимости от мировой цены на нефть (далее - Таблица), которая разрабатывается уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов по форме, приведенной в приложении к настоящим Правилам, на основе следующей формулы:
      
      где:
      1) P – значение предельной розничной цены соответствующего вида нефтепродукта;
      2) PBr – котировка мировой цены на нефть, переведенная по коэффициенту баррелизации;
      3) L – коэффициент перевода котировки цены на нефть в котировку цены на соответствующий вид нефтепродукта, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента;
      L=PNp / PBr ,
      PNp – котировка мировой цены на нефтепродукт, соответствующая нефтепродукту на который установлено государственное регулирование цен на основании источника информации, включенного в Перечень официально признанных источников информации о рыночных ценах на сырую нефть и (или) газовый конденсат и нефтепродукты, утверждаемый постановлением Правительства Республики Казахстан;
      4) TCEx – условное среднее значение транспортных расходов по доставке нефтепродуктов от рынков Европы (FOB Италия) до границы Республики Казахстан, включающих в себя фрахт (стоимость перевозки нефтепродуктов морским танкером от порта Новороссийск до Средиземноморья FOB Италия-Августа), расходы по перевалке (стоимость слива нефтепродуктов с железнодорожных цистерн, налив в резервуары хранилища в порту и налив с хранилища в танкер), железнодорожную транспортировку до границы Республики Казахстан (стоимость железнодорожной транспортировки от порта Новороссийск до границы Республики Казахстан);
      5) ECD – значение вывозной таможенной пошлины на соответствующий вид нефтепродукта, рассчитанной по формуле, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан;
      6) С – курс доллара США к тенге по курсу Национального Банка Республики Казахстан, установленный на день предоставления Таблицы в уполномоченный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках (далее – Уполномоченный орган);
      7) Т – акциз на соответствующий вид нефтепродукта и налог на добавленную стоимость, утвержденные в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)» от 10 декабря 2008 года;
      8) TCDomсреднее арифметические значение стоимости перевозки нефтепродуктов железнодорожным транспортом по Республике Казахстан;
      9) S – расходы по хранению нефтепродуктов на нефтебазе в размере 3 %;
      10) Opex – сумма операционных расходов всех участников рынка нефтепродуктов в размере 10 %;
      11) М – маржа всех участников рынка нефтепродуктов в размере 15 %;
      12) Kiкоэффициент, определяемый в соответствии с пунктом 4 настоящих Правил;
      13) D – средняя плотность соответствующего вида нефтепродукта при стандартных условиях измерения, в соответствии с техническим паспортом завода-изготовителя Республики Казахстан, за исключением производителей нефтепродуктов малой мощности.
      4. Значение коэффициента Ki рассчитывается уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов в зависимости от исторической динамики цен на соответствующие виды нефтепродуктов, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента, на каждое пороговое значение мировой цены на нефть с интервалом пять долларов США за одну метрическую тонну, по следующей формуле:

      

      где:
      1) Qmin – минимальное значение розничной цены соответствующего вида нефтепродукта, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента;
      2) O – шаг интервала на нефть, равный пять долларов США за одну метрическую тонну;
      3) U – интервал между максимальным и минимальным значением розничной цены соответствующего вида нефтепродукта, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента;
      4) F – интервал между максимальным и минимальным значением мировой цены на нефть сорта Brent Dtd, соответствующий интервалу между максимальным и минимальным значением розничной цены соответствующего вида нефтепродукта, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента;
      5) PBri – котировка мировой цены на нефть, соответствующая каждому пороговому значению мировой цены на нефть, с интервалом пять долларов США за одну метрическую тонну;
      6) PBr min – котировка мировой цены на нефть, соответствующая минимальному значению розничной цены соответствующего вида нефтепродукта, сложившейся за два календарных года до периода расчета коэффициента;
      7) N – прогнозный уровень инфляции, определенный в прогнозе социально-экономического развития Республики Казахстан на пятилетний период, одобренного Правительством Республики Казахстан;
      8) Pi значение предельной розничной цены соответствующего вида нефтепродукта, рассчитанная по формуле в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил, без учета значения коэффициента Ki.
      5. Разработанная Таблица с приложением расчетов, обоснований и данных соответствующего источника информации представляется уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов в Уполномоченный орган:
      1) ежегодно – не позднее пятнадцатого ноября года, предшествующего планируемому;
      2) при изменении более чем на 10 % одного и более показателей, указанных в подпунктах 5)6) и 7) пункта 3 настоящих Правил, от соответствующих значений ранее утвержденных показателей – в течение десяти календарных дней с момента наступления таких изменений.
      6. Уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов, ежемесячно, не позднее пятнадцатого числа, представляет в Уполномоченный орган сведения по мировой цене на нефть, сложившейся в период с пятнадцатого числа предыдущего календарного месяца по четырнадцатое число текущего календарного месяца.
      7. Уполномоченный орган, запрашивает дополнительную информацию в письменной форме, необходимую для установления предельной цены, которая предоставляется в течение пяти рабочих дней с даты получения уполномоченным органом в области производства нефтепродуктов соответствующего запроса.
      8. На основании Таблицы и сведений по мировой цене на нефть Уполномоченный орган устанавливает предельные цены на розничную реализацию нефтепродуктов путем принятия решения, которое принимается в форме приказа.
      9. Проект приказа об установлении предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов в течение трех рабочих дней направляется для согласования в уполномоченный орган в области производства нефтепродуктов и Министерство экономического развития и торговли Республики Казахстан.
      10. Приказ об установлении предельной цены на розничную реализацию нефтепродуктов (далее – Приказ) утверждается:
      1) на планируемый календарный год - не позднее пятнадцатого декабря года, предшествующего планируемому;
      2) на срок, оставшийся до завершения текущего календарного года, при изменении более чем на 10 % одного и более показателей, указанных в подпунктах 5)6) и 7) пункта 3 настоящих Правил, не позднее пятнадцати рабочих дней с момента получения Таблицы в соответствии с подпунктом 2) пункта 5 настоящих Правил;
      3) на срок, оставшийся до завершения текущего календарного года, при изменении мировой цены на нефть, превышающем пределы одного порогового значения мировой цены на нефть в соответствии с Таблицей, - не позднее пятнадцати рабочих дней с момента получения данных по мировой цене на нефть в соответствии с пунктом 6 настоящих Правил.
      11. Приказ согласованный государственными органами и подписанный руководителем Уполномоченного органа, либо лицом его замещающим подлежит размещению на Интернет-ресурсах Уполномоченного органа и уполномоченного органа в области производства нефтепродуктов, в течение трех рабочих дней со дня согласования.
      12. Требования настоящих Правил не распространяются на сделки, подлежащие контролю при трансфертном ценообразовании, осуществляемому в соответствии с законодательством Республики Казахстан о трансфертном ценообразовании.

Приложение          
к Правилам определения предельной
цены на розничную реализацию 
нефтепродуктов, на которые  
установлено государственное  
регулирование цен     

Таблица значений предельной цены на розничную реализацию
нефтепродуктов в зависимости от мировой цены на нефть


п/п

Порог мировой цены,
$/бар

Предельная
розничная цена
на ДТ, тг/л

Предельная
розничная цена
на Аи-80, тг/л

Предельная
розничная цена
на Аи-92/93,
тг/л

1.





2.





3.





4.





5.





6.





7.





8.





9.





10.





11.





12.





13.





14.





15.





16.





17.





18.





19.





20.