«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 Қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі (бұдан әрі - МГМ) келісімі бойынша бірігіп Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тәртiпке сәйкес бағаларына мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге шектi бағаларды белгiлеу көзделген.
Заңды іске асыру мақсатында Агенттікпен, МГМ ұсыныстарын ескеріп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы № 287 қаулысымен Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
Қағидалармен әлемдік белгілену, бағаларға ресейлік факторлардың әсер етуі жәнемұнай өнімдері нарығының қазақстандық ерекшелігі бойынша мұнайға және мұнай өнімдеріне баға ескеріледі деп айқындалған.
Сонымен бірге, Қағидалармен бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы МГМ нысаны бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мәндері кестесінің (бұдан әрі - Кесте) негізінде айқындалу көзделген.
Сонымен, мұнайға әлемдік баға бойынша мәліметті және есеп қосылған Кестені МГМ ай сайын Агенттікке ұсынады.
Одан басқа, МГМ мұнай өнімдерін өндіру және сату мониторингінің деректері негізінде Агенттікке бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау үшін тиісті мәліметті ұсынады.
Бұл ретте, Заңға сәйкес, мұнай өнімдерін бөлшек сатушылар мұнай өнімдерін сатқанда бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағадан астырмауы міндетті.
Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі