«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмірі 1-жолда:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
1191 |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
1075 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
1507 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
1338 |
»;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Орталық мемлекеттік мұрағат |
63 |
|
Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағаты |
16 |
|
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты |
16 |
|
Мемлекеттік мұрағаттардағы деректі материалдардың микрофото көшірмелерін жасау және қалпына келтіру орталық зертханасы |
16 |
|
Құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығы |
9 |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы |
51 |
|
Ұлттық археография және мәліметтану орталығы |
22 |
|
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты |
70 |
»;
реттік нөмірі 8-жолда:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «1322» сандар «1487» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 15-жолда:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «1126» сандар «1171» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 17-жолда:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
976 |
|
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
832 |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
931 |
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: |
832 |
»;
реттік нөмірі 18-жол алып тасталсын.
2. Орталық мемлекеттік органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов