Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның:

      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;

      2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, таратылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайта құрылу жолымен;

      2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бере отырып, қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қайта ұйымдастырылсын.

      3. Мыналар:

      1) таратылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі – ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама;

      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі – байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;

      2) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің:

      Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – туристік қызмет;

      Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі – Дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесі саласындағы міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып анықталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай – өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі";

      мынадай жолдар алып тасталсын:

      "Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі":

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі".

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады