"Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 508 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының
Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және
әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы
есеп айырысу шарттары туралы келiсiмді ратификациялау туралы

      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеуде жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Өзара қаржылық мәселелердi реттеу және әскери бiлiм беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келiсiм ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының
Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және
әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану
саласындағы есеп айырысу шарттары туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1994 жылғы 28 наурыздағы Әскери ынтымақтастық туралы шартты басшылыққа ала отырып,
      қатысушылары бір мезгілде Тараптар болып табылатын әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес өзара қаржылық міндеттемелерді реттеудің қажеттілігін тани отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар:
      Ресей Тарапынан - осы шарттардың 4-бабына сәйкес жалға алынған мүлік пен жер учаскелері бөлігін жалдаудан алынатын қорытындыны ескере отырып 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тіршілігін қамтамасыз ету шарттары туралы келісімге, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілері мен әскери алаңдарын жалдау туралы шартқа, 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа сәйкес Приозерск қаласының инфрақұрылымын ұстаумен және тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен байланысты Ресей Тарапының шығыстарын ескере отырып 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бойынша берешекті;
      Қазақстан Тарапынан - Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы келісімшарттар мен шарттардың негізінде 1998 жылғы 6 наурыздағы Әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге, оқыту үшін келісімшарттарда белгіленген өтеу ставкаларына және 2005 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында оқыту және ұстау үшін өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшілерді оқыту жөніндегі берешекті қамтитын өзара қаржылық міндеттемелердің болуын таниды.

2-бап

      Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген өзара қаржылық міндеттемелерді бір жолғы өтеуді 135,73 млн. АҚШ доллары сомасына жүргізеді.
      Қазақстан Тарапы бұдан әрі 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Сарышаған, Ембі сынақ полигондарын, Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының және Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 4 Мемлекеттік орталық полигонының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын пайдаланумен байланысты Ресей Тарапына кінәраттар қоймайды.
      Ресей Тарапы бұдан әрі Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін оқыту және ұстау үшін өзара есеп айырысуларды салыстырудың 2005 жылғы 30 наурыздағы кесіміне сәйкес 1999 жылдан бастап 2004 жылды қоса алғанда Ресей Федерациясында қазақстандық әскери қызметшілерді оқыту жөніндегі шығындармен байланысты Қазақстан Тарапына кінәраттар қоймайды.

3-бап

      2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Тарапы Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан сынақ полигондарын пайдаланғаны үшін жыл сайынғы жалдау ақысы АҚШ долларымен жүзеге асырылатын болады.
      Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді дайындау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді Қазақстан Тарапы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚШ долларымен жүзеге асырады.
      Тараптар осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген сынақ полигондарын жалдау туралы шарттарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

4-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындауы туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
      2005 жылы «25» қарашада Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ           РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
            ҮКІМЕТІ ҮШІН                     ҮКІМЕТІ ҮШІН

      2005 жылғы 25 қарашада Мәскеу қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара қаржылық мәселелерді реттеу және әскери білім беру мен сынақ полигондарын пайдалану саласындағы есеп айырысу шарттары туралы келісімнің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                           Н. Сәкенов
 

О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об урегулировании взаимных финансовых вопросов и условиях расчетов в области военного образования и использования испытательных полигонов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 508

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об урегулировании взаимных финансовых вопросов и условиях расчетов в области военного образования и использования испытательных полигонов».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект

Закон Республики Казахстан О ратификации Соглашения между Правительством Республики
Казахстан и Правительством Российской Федерации об
урегулировании взаимных финансовых вопросов и условиях расчетов
в области военного образования и использования
испытательных полигонов

      Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об урегулировании взаимных финансовых вопросов и условиях расчетов в области военного образования и использования испытательных полигонов, совершенное в Москве 25 ноября 2005 года.

      Президент
      Республики Казахстан

СОГЛАШЕНИЕ
между Правительством Республики Казахстан и Правительством
Российской Федерации об урегулировании взаимных финансовых
вопросов И условиях расчетов в области военного образования и
использования испытательных полигонов

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, в дальнейшем именуемые Сторонами,
      руководствуясь Договором между Республикой Казахстан и Российской Федерацией о военном сотрудничестве от 28 марта 1994 года, признавая необходимость урегулирования взаимных финансовых обязательств в соответствии с международными договорами, участниками которых одновременно являются Стороны в области военного и военно-технического сотрудничества,
      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Стороны признают наличие взаимных финансовых обязательств, включающих:
      с Российской Стороны - задолженность по арендной плате за использование испытательных полигонов, расположенных на территории Республики Казахстан, с 1999 по 2004 год в соответствии с Договором между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Сары-Шаган от 18 октября 1996 года с учетом расходов Российской Стороны, связанных с содержанием инфраструктуры и обеспечением жизнедеятельности города Приозерска, в соответствии с Соглашением между Республикой Казахстан и Российской Федерацией об условиях использования и аренды испытательного полигона Сары-Шаган и обеспечения жизнедеятельности города Приозерска от 20 января 1995 года, Договором между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде испытательного полигона Эмба от 18 октября 1996 года, Договором между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года, Договором между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об аренде объектов и боевых полей 4 Государственного центрального полигона Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, от 18 октября 1996 года с учетом вывода из аренды части арендованного имущества и земельных участков согласно статье 4 данных договоров;
      с Казахстанской Стороны - задолженность по обучению казахстанских военнослужащих в Российской Федерации с 1996 по 2004 год на основе контрактов и договоров между Министерством обороны Республики Казахстан и Министерством обороны Российской Федерации в соответствии с Соглашением о развитии сотрудничества в области подготовки военных кадров от 6 марта 1998 года, установленными в контрактах ставками возмещения за обучение и актом сверки взаиморасчетов за обучение и содержание военнослужащих Республики Казахстан в вузах Министерства обороны Российской Федерации от 30 марта 2005 года.

Статья 2

      Стороны производят разовое погашение взаимных финансовых обязательств, перечисленных в статье 1 настоящего Соглашения, на сумму 135,73 млн. долларов США.
      Казахстанская Сторона не предъявляет в дальнейшем претензий Российской Стороне, связанных с использованием испытательных полигонов Сары-Шаган, Эмба, объектов и боевых полей 929 Государственного летно-испытательного центра Российской Федерации и 4 Государственного центрального полигона Российской Федерации, расположенных на территории Республики Казахстан, с 1999 по 2004 год.
      Российская Сторона не предъявляет в дальнейшем претензий Казахстанской Стороне, связанных с затратами по обучению казахстанских военнослужащих в Российской Федерации с 1996 по 2004 год в соответствии с актом сверки взаиморасчетов за обучение и содержание военнослужащих Республики Казахстан в вузах Министерства обороны Российской Федерации от 30 марта 2005 года.

Статья 3

      С 1 января 2005 года, ежегодная арендная плата за использование Российской Стороной испытательных полигонов, расположенных на территории Республики Казахстан, осуществляется в долларах США.
      С 1 января 2005 года оплата услуг по подготовке казахстанских военнослужащих в военно-учебных заведениях Министерства обороны Российской Федерации осуществляется Казахстанской Стороной в долларах США.
      Стороны внесут соответствующие изменения и дополнения в договоры об аренде испытательных полигонов, указанные в статье 1 настоящего Соглашения.

Статья 4

      Настоящее Соглашение вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Совершено в городе Москве 25 ноября 2005 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

        ЗА ПРАВИТЕЛЬСТВО                      ЗА ПРАВИТЕЛЬСТВО
      РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН                  РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ