Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 511 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабының 2-тармағына, «2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне электр энергиясы құнының «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысымен айқындалған шекті тарифтен жоғары өсуіне жол бермеу мақсатында «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы» акционерлік қоғамына белгіленген тәртіппен аудару үшін 2012 жылдың ақпан-наурыз айларына отын сатып алу үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 864 828 948 (сегіз жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз жиырма сегіз мың тоғыз жүз қырық сегіз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.01 № 1251 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2012 года № 511

      В соответствии с пунктом 2 статьи 20 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 24 ноября 2011 года «О республиканском бюджете на 2012 - 2014 годы», постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 «Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Выделить Министерству индустрии и новых технологий Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2012 год на неотложные затраты, денежные средства в сумме 864 828 948 (восемьсот шестьдесят четыре миллиона восемьсот двадцать восемь тысяч девятьсот сорок восемь) тенге для перечисления в установленном порядке акционерному обществу «Жамбылская государственная районная электрическая станция имени Т.И. Батурова» для закупа топлива на февраль-март 2012 года в целях недопущения роста стоимости электроэнергии выше предельного тарифа, определенного постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2009 года № 392 «Об утверждении предельных тарифов».
      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 01.10.2012 № 1251.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов