Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 20-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 511 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне электр энергиясы құнының «Шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 392 қаулысымен айқындалған шекті тарифтен жоғары өсуіне жол бермеу мақсатында «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аудандық электр станциясы» акционерлік қоғамына белгіленген тәртіппен аудару үшін 2012 жылдың ақпан-наурыз айларына отын сатып алу үшін 2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 864 828 948 (сегіз жүз алпыс төрт миллион сегіз жүз жиырма сегіз мың тоғыз жүз қырық сегіз) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов