Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қант өндiретiн кәсiпорындардың тiзбесi*
Р/с |
Қант өндiретiн кәсiпорындардың атауы |
1 |
«Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
* Кәсiпорындардың тiзбесi кәсiпорындарды шикi қант құрағынан қант өндiретiн зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдерiне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсiпорынның шикi қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикi қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндiрiсiнiң болуы;
3) кәсiпорындардың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған жобалық қуаты.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов