"Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 560 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 92 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«

Қант өндiретiн кәсiпорындардың тiзбесi*

Р/с

Қант өндiретiн кәсiпорындардың атауы

1

«Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

      * Кәсiпорындардың тiзбесi кәсiпорындарды шикi қант құрағынан қант өндiретiн зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдерiне сәйкес қалыптастырылады:
      1) кәсiпорынның шикi қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
      2) шикi қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндiрiсiнiң болуы;
      3) кәсiпорындардың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған жобалық қуаты.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады