«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі – шикі қант) (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) 2012 жылға арналған көлемі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға немесе әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті белгіленген тәртіппен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну
үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж
төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп,
иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ
қантының (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14)
2012 жылға арналған көлемі
СЭҚ ТН коды |
Атауы |
Көлемі (тонна) |
1701 13 |
Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты |
434 736,8 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 92 қаулысына
қосымша
Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.28 № 560 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Р/с |
Қант өндiретiн кәсiпорындардың атауы |
1 |
«Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
* Кәсiпорындардың тiзбесi кәсiпорындарды шикi қант құрағынан қант өндiретiн зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдерiне сәйкес қалыптастырылады:
1) кәсiпорынның шикi қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
2) шикi қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндiрiсiнiң болуы;
3) кәсiпорындардың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған жобалық қуаты.