Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 579 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 193 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.04.2015 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 7 мамырдағы
№ 579 қаулысымен 
бекітілген     

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар қолданылады:
      1) газ желісі ұйымы – аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалануды, сондай-ақ Заңда белгіленген жағдайларда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган – газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені.
      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен ұғымдар Заңға сәйкес қолданылады.
      3. Аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді, аккредиттелетін субъектінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады және аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.
      4. Аккредиттеу мынадай негізгі кезеңдерді көздейді:
      1) аккредиттелетін субъектілердің құжаттарын қарау;
      2) аккредиттеу туралы шешімдер қабылдау;
      3) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру, не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.
      5. Аккредиттелетін субъектілер мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
      1) меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның болуы:
      мамандандырылған өндірістік ғимараттар (баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллон жөндеу цехы, баллондарды техникалық куәландыру учаскесі, көлік учаскесі, автожөндеу боксы, тұрақ-бокстар, механикалық шеберханалар, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қойма);
      инженерлік құрылыстар (төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш бағандар, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар);
      газ сақтау объектілері (жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтау базалары);
      топтық резервуарлық қондырғылар паркі.
      Растаушы мәліметтер ретінде көрсетілген объектілерге меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері;
      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде:
      қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды;
      газ толтыру станциясын, топтық резервуарлық қондырғыларды, газ тұтыну жүйелерін пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді;
      сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды;
      вагон-цистерналарда келіп түсетін сұйытылған мұнай газының кірісін бақылау және өткізілетін (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды;
      еңбекті, қауіпсіздік техникасын қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды;
      метрологиялық бақылауды;
      өрт қауіпсіздігін;
      өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
      күзет қауіпсіздігін;
      авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің болуы.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші штат кестесінің көшірмесін тапсырады;
      3) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша (басшылар үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білімі, мамандар үшін – кем дегенде арнайы орта білімі) оқудан және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандардың техникалық басшыларының білікті құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының кемінде 70 %-ы) болуы.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші штат кестесін және қызметкерлердің әрқайсысы бойынша ақпаратты: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кестені тапсырады.
      4) бекітілген мыналардың:
      қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың;
      қолданыстағы өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
      негізгі және көмекші технологиялық жабдықтар мен көлік құралдарын жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесінің;
      аварияларды жою жоспарының;
      қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының;
      аварияға қарсы жаттығулар мен оқу-жаттығу дабылы жоспарларының болуы.
      Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші бекітілген құжаттардың көшірмелерін тапсырады;
      5) "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 314 Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган берген және тіркеген қауіпсіздік декларациясының болуы.
      Растаушы құжаттар ретінде өтініш беруші қауіпсіздік декларациясының көшірмесін тапсырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестатталған зертхананың немесе өнімдердің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау жөніндегі аккредиттелген зертханамен қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы.
      Зертханаға меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын тиісті құжаттардың көшірмелері немесе аккредиттелген зертханамен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарттың көшірмесі көрсетілген мәліметтерді растайтындар болып табылады;
      7) объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы.
      Растаушы құжат ретінде өтініш беруші көрсетілген шарттың көшірмесін тапсырады.
      Бүкіл техникалық құжаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде орындалуға тиіс.

2. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеуді жүргізу тәртібі

      6. Аккредиттеуді жүзеге асыру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
      3) ұйым жарғысының көшірмесі;
      4) осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері.
      Осы тармақта көзделмеген өзге де құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Аккредиттеу туралы құжаттарды осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарына сәйкестігіне қарау құжаттар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Уәкілетті орган екі жұмыс күнінің ішінде құжаттар пакетін оның толықтығы тұрғысында тексеру рәсімін жүзеге асырады және қандай да бір құжат болмаған жағдайда бұл туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді. Белгіленген мерзімде хабардар етпеу уәкілетті органды құжаттардың қандай да бірінің болмауы себебінен аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тарту құқығынан айырады.
      8. Құжаттарды қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдер қабылдайды.
      9. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда аккредиттелген субъектілердің тізіліміне тиісті жазба енгізеді және өтініш берушіге Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімнің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік беріледі.
      Аккредиттелген субъектілердің тізілімін уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді.
      10. Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды, мерзімі белгіленбеген, иеліктен шығарылмайтын болып табылады және оны басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге болмайды.
      11. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Аккредиттеуден бас тарту дәлелді негіздемемен жазбаша ресімделеді және осындай шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
      Егер уәкілетті орган осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өтініш берушіге аккредиттеу туралы куәлікті бермесе не оны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған болса, онда оларды беру мерзімдері біткен күнінен бастап аккредиттеу туралы куәлік берілген болып саналады.
      Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті беру мерзімі біткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны өтініш берушіге береді.
      Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті бермеген жағдайда бес жұмыс күні өткеннен кейін аккредиттеу туралы куәлік алынған болып саналады, ал аккредиттеу туралы куәлікті алғанға дейін уәкілетті органның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі қызметті жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат болып табылады.
      12. Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда аккредиттелетін субъект анықталған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қайта өтініш береді.

3. Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу, қайта
ресімдеу

      13. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтату:
      1) аккредиттеу туралы куәлікті өз еркімен қайтарған;
      2) газ толтыру станциясын және (немесе) топтық резервуарлық қондырғыларды меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiзде иелену тоқтатылған;
      3) заңды тұлға таратылған немесе ол бөлiну нысанында қайта ұйымдастырылған;
      4) осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптар бұзылған жағдайда сот шешімінің негізінде аккредиттеу туралы куәліктен айырған жағдайларда жүзеге асырылады.
      14. Газ толтыру станциясын меншік құқығында немесе өзге заңды негізде иелену тоқтатылған жағдайда газ желісі ұйымы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.
      15. Заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, аккредиттелген субъектілер уәкілетті органға осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоспағанда, көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қоса беріп және осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      16. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді.
      Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлік күші жойылды деп танылады және аккредиттелген субъектілердің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізе отырып, уәкілетті органға қайтарылады.
      17. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген субъектінің жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады және тізілімге тиісті жазба енгізіледі.
      18. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілерін жасауды, есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді.
      19. Уәкілетті органның газ желілері ұйымдарын аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша     

Газ желістері ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті беруге
өтініш

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

____________________________________________________________________
                        (заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның БСН, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)
____________________________________________________________________
(газ толтыру станциясының орналасқан жері, атауы)
___________________________ аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:
1. _________________________________
2. _________________________________

Ұйымның басшысы (лауазымы)
_______________ ________________
(қолы)             (Т.А.Ә.)

МО 20 __ ж. " __ " ______________

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша     

Нысаны

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Берілді
_____________________________________________________________________
                         заңды тұлғаның атауы
_____________________________________________________________________
             заңды тұлғаның мекенжайы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
   заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің*
                      көшірмесі немесе анықтама
БСН:
_____________________________________________________________________
         газ толтыру станциясының атауы және орналасқан жері
_____________________________________________________________________
                газ толтыру станцияны иеленуге негіз

Куәлікті берген орган:
Басшы (уәкілетті органның)
Куәліктің ресімделген күні __________________________________________
Куәліктің сериясы ___________________________________________________
Астана қаласы                            М.О.

      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды
тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта
тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін
жарамды болып табылады.

Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша     

Нысаны

Газ желістері ұйымдарының тізілімі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 671 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Күні

Аккредиттеу туралы куәліктің сериясы

Газ желісі ұйымының атауы

БСН

Газ толтыру станциясының атауы

Газ толтыру станциясының орналасқан жері

Байланысу деректері

1

2

3

4

5

6

7

8









Об утверждении Правил аккредитации газосетевых организаций

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 мая 2012 года № 579. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 193

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 03.04.2015 № 193 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила аккредитации газосетевых организаций.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 7 мая 2012 года № 579 

Правила
аккредитации газосетевых организаций

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аккредитации газосетевых организаций (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» (далее – Закон) и определяют порядок проведения аккредитации газосетевых организаций.
      2. В настоящих Правилах применяются следующие определения и понятия:
      1) газосетевая организация – юридическое лицо, имеющее свидетельство об аккредитации и осуществляющее эксплуатацию газонаполнительной станции, групповых резервуарных установок, а также оптовую и розничную реализацию сжиженного нефтяного газа на условиях, установленных Законом;
      2) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование производства, транспортировки (перевозки), хранения и оптовой реализации газа, а также розничной реализации и потребления товарного и сжиженного нефтяного газа вне пределов границ населенных пунктов;
      3) газонаполнительная станция – комплекс технологически взаимосвязанных производственных и иных объектов, предназначенных для хранения, слива и налива сжиженного нефтяного газа в железнодорожные цистерны, автогазовозы, бытовые баллоны, а также ремонта и утилизации бытовых баллонов.
      Иные определения и понятия, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с Законом.
      3. Аккредитация проводится уполномоченным органом, осуществляется за счет средств аккредитуемого субъекта и подтверждается свидетельством об аккредитации.
      4. Аккредитация предусматривает следующие основные этапы:
      1) рассмотрение документов аккредитуемых субъектов;
      2) принятие решения об аккредитации;
      3) оформление, регистрацию и выдачу свидетельства об аккредитации, либо направление мотивированного ответа об отказе.
      5. Аккредитуемые субъекты должны отвечать следующим требованиям:
      1) наличие на праве собственности или ином законном основании производственно-технической базы, соответствующей требованиям  промышленной безопасности:
      специализированные производственные здания (насосно-компрессорное отделение, сливо-наливное отделение баллонов, баллоно-ремонтный цех, участок по техническому освидетельствованию баллонов, транспортный участок, авторемонтный бокс, боксы-стоянки, механические мастерские, склад открытого или закрытого типа для хранения баллонов);
      инженерные сооружения (сливо-наливная железнодорожная эстакада, наполнительные колонки, противопожарные емкости с водой, оснащенные водонапорными насосами);
      объекты хранения газа (базы хранения сжиженного нефтяного газа общим объемом не менее 300 тонн);
      парк групповых резервуарных установок.
      В качестве подтверждающих сведений представляются копии соответствующих документов, подтверждающих право собственности или иное законное основание на указанные объекты;
      2) наличие служб, обеспечивающих соблюдение требованиям промышленной безопасности, в том числе:
      производственный контроль за опасными производственными объектами и техническими устройствами;
      эксплуатацию и техническое обслуживание газонаполнительной станции, групповых резервуарных установок, газопотребляющих систем;
      соблюдение технического процесса эксплуатации объектов хранения, перевозки и реализации сжиженного нефтяного газа;
      входной контроль поступающего в вагонах-цистернах сжиженного нефтяного газа и качества реализуемой (отпускной) продукции;
      охрану труда, технику безопасности и охрану окружающей среды;
      метрологический контроль;
      пожарную безопасность;
      промышленную безопасность;
      охранную безопасность;
      выполнение аварийно-диспетчерских и ремонтных заявок.
      В качестве подтверждающих сведений и документов заявителем представляется копия штатного расписания;
      3) наличие квалифицированного состава (не менее 70 % от общей численности производственного персонала), технических руководителей, специалистов, отвечающих соответствующему образовательному уровню, имеющих опыт практической работы не менее двух лет по специальности прошедших обучение, инструктаж, переподготовку, аттестацию по вопросам промышленной безопасности (для руководителей – высшее образование в нефтегазовой сфере, для специалистов – как минимум средне-специальное образование).
      В качестве подтверждающих сведений и документов заявителем представляются штатное расписание и сводная таблица, включающая информацию по каждому из работников: фамилию, имя, отчество, специальность по образованию, должность, стаж работы по специальности в данной области;
      4) наличие утвержденных:
      программ и мероприятий по охране окружающей среды, охране труда и технике безопасности, а также мероприятий по промышленной безопасности;
      программ по реконструкции, модернизации действующих и строительству новых производственных объектов;
      графика планово-предупредительного ремонта основного и вспомогательного технологического оборудования и транспортных средств;
      плана ликвидации аварий;
      плана взаимодействия служб города по ликвидации аварий;
      планов противоаварийных тренировок и учебных тревог.
      В качестве подтверждающих сведений и документов заявителем представляются копии утвержденных документов;
      5) наличие декларации безопасности, выданной и зарегистрированной уполномоченным органом в области промышленной безопасности в соответствии с Законом Республики Казахстан от 3 апреля 2002 года № 314 «О промышленной безопасности на опасных производственных объектах».
      В качестве подтверждающих документов заявителем представляется копия декларации безопасности;
      6) наличие лаборатории, аттестованной в установленном законодательством Республики Казахстан порядке или договора на обслуживание с аккредитованной лабораторией по контролю соответствия продукции стандартам, нормам и техническим условиям.
      Подтверждающими указанные сведения являются копии соответствующих документов, подтверждающих право собственности или иное законное основание на лабораторию, или копия договора на обслуживание, заключенного с аккредитованной лабораторией;
      7) наличие договора обязательного страхования ответственности владельцев объектов.
      В качестве подтверждающего документа заявителем представляется копия указанного договора.
      Вся техническая документация должна выполняться на государственном и русском языках.

2. Порядок проведения аккредитации газосетевых организаций

      6. В уполномоченный орган для осуществления аккредитации представляются следующие документы:
      1) заявление по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;
      2) копия свидетельства* или справка о государственной регистрации/перерегистрации юридического лица;
      3) копия устава организации;
      4) копии документов, подтверждающих соответствие требованиям, установленным пунктом 5 настоящих Правил.
      Запрещается требование иных документов, не предусмотренных настоящим пунктом.
      Примечание:* Свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств», является действительным до прекращения деятельности юридического лица.
      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 02.07.2013 № 671 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).
      7. Рассмотрение документов об аккредитации на соответствие пунктам 56 настоящих Правил осуществляется в течение пятнадцати рабочих дней со дня поступления документов в уполномоченный орган.
      Уполномоченный орган осуществляет процедуру проверки пакета документов на предмет полноты в течение двух рабочих дней и, в случае отсутствия какого-либо документа, письменно уведомляет об этом заявителя. Неуведомление в установленный срок лишает уполномоченный орган права отказать в выдаче свидетельства об аккредитации по причине отсутствия какого-либо из документов.
      8. По итогам рассмотрения документов уполномоченный орган принимает решения об аккредитации или отказе в аккредитации.
      9. В случае принятия положительного решения уполномоченным органом вносится соответствующая запись в реестр аккредитованных субъектов, и заявителю выдается свидетельство об аккредитации по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам, в течение срока, указанного в пункте 7 Правил.
      Реестр аккредитованных субъектов ведется уполномоченным органом по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.
      10. Свидетельство об аккредитации действительно на всей территории Республики Казахстан, является бессрочным, неотчуждаемым и не может быть передано другому физическому или юридическому лицу.
      11. Уполномоченный орган принимает решение об отказе в аккредитации в случаях несоответствия представленных документов требованиям пунктов 5 и 6 настоящих Правил.
      Отказ в аккредитации оформляется письменно с мотивированным обоснованием и направляется заявителю в течение пяти рабочих дней с момента принятия такого решения.
      В случае, если уполномоченный орган в установленные настоящими Правилами сроки не выдал заявителю свидетельство об аккредитации либо не предоставил мотивированный отказ в его выдаче, то с даты истечения сроков их выдачи свидетельство об аккредитации считается выданным.
      Уполномоченный орган не позднее пяти рабочих дней с момента истечения срока выдачи свидетельства об аккредитации выдает его заявителю.
      В случае невыдачи уполномоченным органом свидетельства об аккредитации по истечении пяти рабочих дней, свидетельство об аккредитации считается полученным, а документом, подтверждающим законность осуществления деятельности до получения свидетельства об аккредитации, является копия описи с отметкой о дате приема документов уполномоченным органом.
      12. В случае отказа в выдаче свидетельства об аккредитации, аккредитуемый субъект повторно подает заявление в соответствии с требованиями настоящих Правил после устранения выявленных несоответствий.

3. Отзыв, переоформление свидетельства об аккредитации

      13. Прекращение действия свидетельства об аккредитации осуществляется в случаях:
      1) добровольного возврата свидетельства об аккредитации;
      2) прекращения владения газонаполнительной станцией и (или) групповыми резервуарными установками на праве собственности или ином законном основании;
      3) ликвидации юридического лица или его реорганизации в форме разделения;
      4) лишения свидетельства об аккредитации на основании решения суда, при нарушении требований, установленных в пункте 5 настоящих Правил.
      14. В случае прекращения владением газонаполнительной станцией на праве собственности или ином законном основании, газосетевая организация уведомляет уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней.
      15. В случае изменения наименования, организационно-правовой формы юридического лица, аккредитованные субъекты подают заявление в уполномоченный орган о переоформлении свидетельства об аккредитации с приложением документов, подтверждающих указанные сведения, и соблюдением требований, указанных в пунктах 5 и 6 настоящих Правил, за исключением документов, указанных в подпункте 4) пункта 6 настоящих Правил.
      16. Уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней со дня регистрации соответствующего письменного заявления переоформляет свидетельство об аккредитации.
      При этом свидетельство об аккредитации, выданное ранее, признается утратившим силу и возвращается в уполномоченный орган с внесением соответствующей информации в реестр аккредитованных субъектов.
      17. В случае утери свидетельства об аккредитации, уполномоченный орган по письменному заявлению аккредитованного субъекта в срок до десяти рабочих дней выдает дубликат свидетельства об аккредитации.
      Оригинал свидетельства об аккредитации признается недействительным, и соответствующая запись вносится в реестр.
      18. Уполномоченный орган обеспечивает изготовление, учет и хранение бланков свидетельств об аккредитации.
      19. Решение уполномоченного органа об аккредитации либо об отказе в аккредитации газосетевых организаций может быть обжаловано в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Приложение 1   
к Правилам аккредитации
газосетевых организаций

Заявление
на выдачу свидетельства об аккредитации газосетевых организаций

      Сноска. Приложение 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 02.07.2013 № 671 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

____________________________________________________________________
                     (наименование юридического лица)
просит выдать свидетельство об аккредитации ________________________
____________________________________________________________________
    (БИН, номер и дата государственной регистрации/перерегистрации
                         юридического лица)
____________________________________________________________________
      (местонахождение, наименование газонаполнительной станции)

прилагаемый перечень документов:
1. _________________________________
2. _________________________________

Руководитель организации (должность)
_______________ ________________
   (подпись)       (Ф. И. О.)

МП « __ » ______________ 20 __ г.

Приложение 2   
к Правилам аккредитации
газосетевых организаций

Форма

СВИДЕТЕЛЬСТВО ОБ АККРЕДИТАЦИИ

      Сноска. Приложение 2 в редакции постановления Правительства РК от 02.07.2013 № 671 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

Выдано:
____________________________________________________________________
                    наименование юридического лица
____________________________________________________________________
                адрес, местонахождение юридического лица
____________________________________________________________________
 копия свидетельства* или справка о государственной регистрации/
                       перерегистрации юридического лица
БИН:
____________________________________________________________________
      наименование и местонахождение газонаполнительной станции
___________________________________________________________________
         основание на владение газонаполнительной станцией

Орган, выдавший свидетельство:
Руководитель (уполномоченного органа)
Дата оформления свидетельства ______________
Серия свидетельства _______________________
город Астана               М.П.

      Примечание:* Свидетельство о государственной (учетной)
регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала,
представительства), выданное до введения в действие Закона Республики
Казахстан от 24 декабря 2012 года «О внесении изменений и дополнений
в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам
государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации
филиалов и представительств», является действительным до прекращения
деятельности юридического лица.

Приложение 3    
к Правилам аккредитации
газосетевых организаций

Форма

Реестр газосетевых организаций

      Сноска. Приложение 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 02.07.2013 № 671 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).


п/п

Дата

Серия
свидетельства
об
аккредитации

Наименование
газосетевой
организаций

БИН

Наименова-
ние
газонапол-
нительной
станции

Местона-
хождение
газонапол-
нительной
станции

Контактные
данные

1

2

3

4

5

6

7

8