Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:
Әбілқасымова - Қазақстан Республикасының
Мәдина Ерасылқызы Экономикалық даму және сауда
вице-министрі,
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі,
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Мұнай
Болат Оралұлы және газ вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Андар Мәулешұлы Шоқпытов, Ләззат Кетебайұлы Қиынов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов