Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 21 желтоқсан N 1305.

      Ескерту. Атауы мен мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 187 қаулысымен.

      Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі жөніндегі ұзақ мерзімді басымдықты жүзеге асыру, мемлекеттік органдар, республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестіктегі өзара байланыстар мен ынтымақтастықты күшейту үшін диалогтың ықтимал барлық нысанын көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

      1. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мынадай лауазымдық құрамда тағайындалсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 256; 22.07.2016 № 420; 14.02.2017 № 64; 14.06.2017 № 366; 26.01.2018 № 34; 22.05.2019 № 304 қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 21 желтоқсандағы
N 1305 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдерін тағайындау туралы" 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 545-құжат).

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 30 қыркүйектегі N 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 39, 373-құжат).

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1512 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 492-құжат).

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 12 тамыздағы N 1253 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 353-құжат).

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы N 1452 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 1, 4-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады