"Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 592 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

      Әбілқасымова                - Қазақстан Республикасының
      Мәдина Ерасылқызы             Экономикалық даму және сауда
                                    вице-министрі,
      Дәленов                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Руслан Ерболатұлы             вице-министрі,
      Ақшолақов                   - Қазақстан Республикасының Мұнай
      Болат Оралұлы                 және газ вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан Марат Әпсеметұлы Құсайынов, Андар Мәулешұлы Шоқпытов, Ләззат Кетебайұлы Қиынов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады