Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 716 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 370 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 716 қаулысымен
бекітілген

Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына
квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің
резервін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген және белгіленген мөлшер резерві мен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктiк газдар сiңiрулерiн ескере отырып, парниктiк газдар шығарындыларының жалпы көлемі;

      2) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктiк газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;

      3) белгіленген мөлшер резерві - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын, экологиялық (жасыл) инвестициялар схемасын іске асыру мақсаты үшін қажетті белгіленген мөлшер бірліктерінің көлемі;

      4) көмiртегi бiрлiктерi мемлекеттік тiзiлiмiнiң операторы - Қазақстан Республикасы көмiртегi бiрлiктерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асыратын ұйым;

      5) парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемі - парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарында белгілеген және оның қолданылу кезеңінде бөлу жоспарланып отырған парниктік газдар шығарындылары квоталарының жалпы көлемін анықтайтын шама;

      6) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резерві - тиісті кезеңге парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарын бекіту кезінде қарастырылған қондырғылар мен табиғат пайдаланушыларға бөлінген осындай квоталарға қосымша ретінде парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлуге арналған парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемі.

      3. Квота көлемі резервін қалыптастыру табиғат пайдаланушылардың парниктік газдар шығарындыларына квоталарға қажеттілігін жабу үшін жаңа және кеңейтілген қондырғылардың мынадай санаттары бойынша жүзеге асырылады:

      1) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қолданыстағы кезеңінде пайдалануға берілетін, бірақ оны бекіткен сәтте Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын экономиканың басым секторларында есепке алынбаған қондырғылар;

      2) парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің қолданыстағы кезеңінде қуатының артуы мен кеңейтілуі парниктік газдар шығарындылары көлемінің жыл сайынғы артуына әкеліп соқтыратын қондырғылар.

2. Белгіленген мөлшер резервін қалыптастыру тәртібі

      4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгіленген мөлшер резервін қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.

      5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның белгіленген мөлшер резервін қалыптастыру туралы шешімінде оның көлемі (көміртегі бірліктерінің мөлшері), сондай-ақ белгіленген мөлшер резервінің көміртегі бірліктерін шығару туралы көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі операторына қойылатын талаптар көрсетіледі.

      6. Белгіленген мөлшер резерві парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданыстағы кезеңіне қалыптастырылады.

      7. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған белгіленген мөлшер резерві қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымының басқаруына беріледі.

3. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін қалыптастыру тәртібі

      8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган квоталар көлемінің резервін парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолдану мерзімі басталғанға дейін төрт айдан кешіктірмей анықтайды.

      9. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін есептеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған ішкі жалпы өнімнің болжанатын жыл сайынғы өсу қарқынының орташа көрсеткіші бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемінде жаңа және кеңейтілген қондырғылардың үлесін айқындау негізінде жүргізді.

      10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының қолданылу кезеңінің барлық жылдары бойынша жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсу қарқынының көрсеткішін алуға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне сұраныс жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.04.2016 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       11. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының жобасын дайындаған және кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынған кезде квота көлемінің резерві парниктік газдар шығарындыларына квоталардың жалпы көлемінен бөлінеді және оны айқындау үшін қолданылған негізгі тәсілдер сипаттала отырып көрсетіледі.

      12. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары бекітілгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң арнайы шотқа парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының квоталар көлемі резервінен квоталар бірліктерінің санын шығаруды жүзеге асырады.

      13. Пайдаланудан толық шығарылған қондырғылар бойынша квоталарды жою есебінен парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервін толықтыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өзгерту және парниктік газдар шығарындыларына сертификатты қайта ресімдеу тәртібіне сәйкес табиғат пайдаланушы квоталарды жою рәсімінен өткеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      14. Көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінің операторы осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген квоталар бірліктерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиісті шешімі қабылданған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде квоталар көлемі резервінің шотына, егер осы мерзім ішінде табиғат пайдаланушы шағым жасамаса аударады.

Об утверждении Правил формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 716. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2017 года № 370

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 15.06.2017 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 9) статьи 16 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 мая 2012 года № 716

Правила формирования резерва установленного количества и
резерва объема квот национального плана распределения квот на
выбросы парниковых газов
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 9) статьи 16 Экологического кодекса Республики Казахстан и определяют порядок формирования резерва установленного количества и резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) установленное количество - общий объем выбросов парниковых газов с учетом поглощений парниковых газов, определенных в рамках обязательств по международным договорам Республики Казахстан;

      2) единица установленного количества - углеродная единица, используемая для определения объема выбросов парниковых газов для Республики Казахстан в соответствии с международными договорами Республики Казахстан в области изменения климата;

      3) резерв установленного количества - объем единиц установленного количества, формируемый уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, необходимый для целей реализации схемы экологических (зеленых) инвестиций;

      4) оператор государственного реестра углеродных единиц - организация, осуществляющая ведение государственного реестра углеродных единиц Республики Казахстан;

      5) общий объем квот на выбросы парниковых газов - величина, установленная национальным планом распределения квот на выбросы парниковых газов и определяющая общий объем квот на выбросы парниковых газов, который планируется распределить в период его действия;

      6) резерв объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов - объем квот на выбросы парниковых газов, предназначенный для распределения квот на выбросы парниковых газов в дополнение к распределению таких квот по природопользователям и установкам, предусмотренному на момент утверждения национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов на соответствующий период.

      3. Формирование резерва объема квот осуществляется для покрытия потребностей природопользователей в квотах на выбросы парниковых газов по следующим категориям новых и расширяемых установок:

      1) установки, которые вводятся в эксплуатацию в период действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов, но не были учтены на момент его утверждения, в приоритетных секторах экономики, определяемых Правительством Республики Казахстан;

      2) установки, расширение или увеличение мощности которых в период действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов приводят к ежегодному повышению объема выбросов парниковых газов.

2. Порядок формирования резерва установленного количества

      4. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды принимает решение о формировании резерва установленного количества.

      5. В решении уполномоченного органа в области охраны окружающей среды о формировании резерва установленного количества указываются его объем (количество углеродных единиц), а также требование к оператору государственного реестра углеродных единиц о выпуске углеродных единиц резерва установленного количества.

      6. Резерв установленного количества формируется на период действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.

      7. Сформированный уполномоченным органом в области охраны окружающей среды резерв установленного количества передается в управление подведомственной организации уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

3. Порядок формирования резерва объема квот национального плана
распределения квот на выбросы парниковых газов

      8. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды определяет резерв объема квот не позднее, чем за четыре месяца до даты начала срока действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.

      9. Расчет резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов производится уполномоченным органом в области охраны окружающей среды на основе определения доли новых и расширяемых установок в общем объеме квот на выбросы парниковых газов по среднему показателю прогнозируемого ежегодного темпа роста валового внутреннего продукта на соответствующий период.

      10. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды направляет запрос в Министерство национальной экономики Республики Казахстан на получение показателей ежегодного темпа роста валового внутреннего продукта по всем годам периода действия национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов.

      Сноска. Пункт 10 в редакции постановления Правительства РК от 15.04.2016 № 221 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

       11. При подготовке и последующем представлении уполномоченным органом в области охраны окружающей среды проекта национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов на утверждение в Правительство Республики Казахстан резерв объема квот выделяется из общего объема квот на выбросы парниковых газов и указывается с описанием основных подходов, использованных для его определения.

      12. По истечении 30 календарных дней после утверждения национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов оператором государственного реестра углеродных единиц осуществляется выпуск количества единиц квот из резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов на специальный счет.

      13. Пополнение резерва объема квот национального плана распределения квот на выбросы парниковых газов за счет отмены квот по установкам, эксплуатация которых полностью прекращена, осуществляется по решению уполномоченного органа в области охраны окружающей среды после прохождения природопользователем процедуры отмены квоты, в соответствии с порядком изменения квот на выбросы парниковых газов и переоформления сертификата на выбросы парниковых газов, предусмотренным действующим законодательством Республики Казахстан.

      14. Оператор государственного реестра углеродных единиц переводит единицы квот, указанные в пункте 13 настоящих Правил, на счет резерва объема квот в государственном реестре углеродных единиц по истечении 30 календарных дней со дня принятия соответствующего решения уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, если оно не было обжаловано природопользователем в данный срок.