Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
"Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi" деген 4-бөлімде:
"Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар" деген 4.5-кіші бөлімде:
екінші бөліктегі "Инфракос-Экос" ЕМК" деген сөздер "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде:
"Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру" деген 6-кіші бөлімде:
реттік нөмірі 6.10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "ҰҒА, "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК";
ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
"Инфракос-Экос" ЕМК" – "Инфракос-Экос" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК" – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |