Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 837 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1125 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламада:

      "Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi" деген 4-бөлімде:

      "Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, мiндеттерге, нәтижелер көрсеткiштерiне қол жеткiзуге жауапты мемлекеттiк және өзге де органдар" деген 4.5-кіші бөлімде:

      екінші бөліктегі "Инфракос-Экос" ЕМК" деген сөздер "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту жөнiндегi 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде:

      "Ғарыш саласының шарттық, құқықтық және нормативтiк-техникалық базасын құру" деген 6-кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 6.10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "ҰҒА, "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК";

      ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "Инфракос-Экос" ЕМК" – "Инфракос-Экос" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорыны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғарыш-Экология" ҒЗО" РМК" – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";

      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады