Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 888 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 417 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 30 маусымдағы
888 қаулысымен   
бекітілген      

Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпиялар туралы заң) және «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Патент заңы) сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімді қарау үдерісінде оларды құпиялыға жатқызған кезде өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілері болып мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер түсініледі.

2. Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану тәртібі

      3. Өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама жасау ұйымына (бұдан әрі – сараптама жасау ұйымы) беріледі және Патент заңы мен осы Қағидаларға сәйкес қаралады.
      4. Сараптама жасау ұйымына түскен өтінім мемлекеттік органдар әзірлеген және қабылдаған құпияландырылуға тиіс мәліметтердің ведомстволық тізбесіне (бұдан әрі – құпияландырылуға тиіс ведомстволық мәліметтер тізбесі) сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуы тұрғысынан қаралады.
      5. Өтінімде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер анықталған жағдайда, сараптама жасау ұйымының ұсынысы бойынша өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығына сәйкес белгіленген, өздерінің құзыретіне өнеркәсіптік меншіктің тиісті объектісін құпияландыру жататын тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын шақыру арқылы өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      6. Комиссия бес жұмыс күні ішінде құзыретіне өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру жататын мемлекеттік органды айқындайды және өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей оған Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру туралы шешім қабылдау үшін өтінімнің тисті материалдарын жолдайды.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру туралы шешім қабылданған жағдайда, өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі.
      7. Құпияландыру қажеттілігі расталған өнеркәсіптік меншіктің құпия объектісіне қорғау құжатын беруге келіп түскен өтінім бойынша сараптаманы Патент заңына сәйкес белгіленген тәртіппен сараптама жасау ұйымы жүргізеді. Бұл ретте өтінім берілген күнді және басымдықты, сараптама жасау тәртібін белгілеуге қатысты құпия емес өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтінімдерге сараптама жүргізу бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары қолданылады.
      Өнеркәсіптік меншік объектілері Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес Нұсқаулықтың және Құпияландырылуы тиіс ведомстволық мәліметтер тізбесінің негізінде құпияландырылады.
      Өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерциялық құпияны немесе мемлекеттік құпияны сақтауға байланысты емес басқа себептер бойынша сақтау мақсатында құпияландыруға жол берілмейді.
      8. Өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландырған мемлекеттік орган уәкілетті органға осындай шешімнің қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.
      9. Өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, өтінім өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес қаралады. Бұл жағдайда қарау мерзімі тиісінше комиссияның жұмысы уақытына ұзартылады.
      10. Өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру жөніндегі құқыққа қайшы әрекеттер туралы даулар сот тәртібінде қаралады.
      11. Мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық қорғау берiлмейдi.
      Белгіленген өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілері Мемлекеттік құпиялар туралы заңының 3-бабының ережелеріне сәйкес мемлекеттік меншік болып табылады.
      Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін қорғауды және  пайдалану тәртібін мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар және ұйымдар жүзеге асырады.

3. Өнеркәсіптік меншік объектісінің құпиялылық дәрежесін өзгерту және құпиясыздандыру

      12. Өнеркәсіптік меншік объектісінің құпиялылық дәрежесін өзгерту және құпиясыздандыру, құпиялылық белгісін өзгерту және алып тастау, сондай-ақ өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілері туралы мәліметтерді беру Мемлекеттік құпиялар туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Өнеркәсіптік меншік объектісінің белгіленген құпиялылық дәрежесін өзгерту қажеттілігін қарауды өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру қажеттілігін растаған мемлекеттік орган бес жылда кемінде бір рет жүргізеді. Мұндай қарау өтінім берушінің бастамасы бойынша да жүргізіледі.
      14. Мәліметтерді құпиясыздандыру үшін:
      Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді ашық алмасу жөнінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер қабылдауы;
      объективті мән-жайлар өзгеріп, соның салдарынан мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді одан әрі қорғаудың мәні болмауы;
      осы Заңның 111213 және 14-баптарында белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын Мәліметтер тізбесінің өзгеруі;
      мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді құпияландыру мерзімінің аяқталуы негіз болады.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін құпиясыздандыру кезінде өнеркәсіптік меншік объектісін құпияландыру туралы шешімді қабылдаған мемлекеттік орган өтінімнің қолда бар құпиясыздандырылған материалдарын уәкілетті органға жолдайды.
      Өнеркәсіптік меншік объектісін құпиясыздандыру туралы шешім өтініш берушіге хабарланады.
      15. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына өздеріне бағынысты лауазымды адамдар негізсіз құпияландырған мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі.
      16. Құпиясыздандырылған өнеркәсіптік меншік объектісіне өтініш беруші сараптама жасау ұйымына заңнамада белгіленген тәртіппен қорғау құжатын беру туралы өтініш беруге құқылы.
      17. Сараптама жасау ұйымы құпиясыздандырылған өнеркәсіптік меншік объектісінің өтінім материалдарын, олар бойынша бұрын тиісті мемлекеттік орган жүргізген сараптаманы ескере отырып қарайды.
      18. Құпиясыздандырылған өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау құжатын беру Патент заңына сәйкес жүргізіледі.

Об утверждении Правил обращения с секретными объектами промышленной собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2012 года № 888. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 июня 2015 года № 417

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.06.2015 № 417 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года «Патентный закон Республики Казахстан» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила обращения с секретными объектами промышленной собственности.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 30 июня 2012 года № 888

Правила
обращения с секретными объектами промышленной собственности

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обращения с секретными объектами промышленной собственности (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 марта 1999 года «О государственных секретах» (далее – Закон о государственных секретах) и Законом Республики Казахстан от 16 июля 1999 года «Патентный закон Республики Казахстан» (далее – Патентный закон) и определяют порядок обращения с секретными объектами промышленной собственности в процессе рассмотрения заявок на объекты промышленной собственности при отнесении их к секретным.
      2. Под секретными объектами промышленной собственности в настоящих Правилах понимаются изобретения, полезные модели и промышленные образцы, содержащие сведения, составляющие государственные секреты.

2. Порядок обращения с секретными объектами промышленной
собственности

      3. Заявка на выдачу охранного документа на объект промышленной собственности (далее – заявка) подается в экспертную организацию уполномоченного органа в сфере охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов (далее – экспертная организация) и рассматривается в соответствии с Патентным законом и настоящими Правилами.
      4. Заявка, поступившая в экспертную организацию, рассматривается на предмет наличия в ней сведений, составляющих государственные секреты в соответствии с ведомственными перечнями сведений, подлежащих засекречиванию, разработанными и принятыми государственными органами (далее – ведомственные перечни сведений, подлежащих засекречиванию).
      5. В случае установления в заявке сведений, составляющих государственные секреты, по предложению экспертной организации уполномоченным органом в сфере охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов (далее – уполномоченный орган) образуется межведомственная комиссия по секретным объектам промышленной собственности (далее – Комиссия) с приглашением специалистов соответствующих государственных органов, к компетенции которых относится засекречивание соответствующего объекта промышленной собственности, определенных в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2000 года «Об утверждении Перечня должностных лиц государственных органов, наделенных полномочиями по отнесению сведений к государственным секретам Республики Казахстан».
      6. Комиссия в течение пяти рабочих дней определяет государственный орган, к компетенции которого относится засекречивание объекта промышленной собственности, и не позднее десяти рабочих дней с даты поступления заявки направляет ему соответствующие материалы заявки для принятия решения о засекречивании объекта промышленной собственности согласно Инструкции по обеспечению режима секретности в Республике Казахстан, утвержденной Правительством Республики Казахстан (далее – Инструкция).
      В случае принятия решения о засекречивании объекта промышленной собственности, заявителю направляется соответствующее уведомление.
      7. По поступившей заявке на выдачу охранного документа на секретный объект промышленной собственности, по которой подтверждена необходимость засекречивания, экспертиза проводится экспертной организацией в соответствии с Патентным законом в установленном порядке. При этом в отношении установления даты подачи и приоритета, порядка проведения экспертизы применяются требования нормативных  правовых актов по проведению экспертизы заявок на несекретные объекты промышленной собственности.
      Объекты промышленной собственности засекречиваются в соответствии с Законом о государственных секретах, на основании Инструкции и ведомственных перечней сведений, подлежащих засекречиванию.
      Засекречивание объектов промышленной собственности в целях сохранения коммерческой тайны или по другим мотивам, не связанным с сохранением государственных секретов, не допускается.
      8. Государственный орган, засекретивший объект промышленной собственности, направляет в уполномоченный орган уведомление о принятии такого решения.
      9. В случае принятия решения об отказе в засекречивании объекта промышленной собственности, заявка рассматривается в соответствии с законодательством в сфере охраны изобретений, полезных моделей, промышленных образцов. В этом случае срок рассмотрения, соответственно, продлевается на время работы комиссии.
      10. Споры о неправомерных действиях по засекречиванию объекта промышленной собственности рассматриваются в судебном порядке.
      11. Правовая охрана не предоставляется объектам промышленной собственности, признанным государством секретными.
      Указанные секретные объекты промышленной собственности являются государственной собственностью согласно положениям статьи 3 Закона о государственных секретах.
      Охрана и порядок обращения секретных объектов промышленной собственности осуществляются государственными органами и организациями в соответствии с требованиями законодательства в сфере защиты государственных секретов.

3. Изменение степени секретности и рассекречивание
объекта промышленной собственности

      12. Изменение степени секретности и рассекречивание объекта промышленной собственности, изменение и снятие грифов секретности, а также передача сведений о секретных объектах промышленной собственности осуществляются в соответствии с Законом о государственных секретах.
      13. Рассмотрение необходимости изменения установленной степени секретности объекта промышленной собственности государственным органом, подтвердившим необходимость засекречивания, производится не реже одного раза в пять лет. Такое рассмотрение проводится и по инициативе заявителя.
      14. Основаниями для рассекречивания сведений являются:
      принятие Республикой Казахстан международных обязательств по открытому обмену сведениями, составляющими в Республике Казахстан государственные секреты;
      изменение объективных обстоятельств, вследствие чего дальнейшая защита сведений, составляющих государственные секреты, является нецелесообразной;
      изменение Перечня сведений, составляющих государственные секреты Республики Казахстан, определенного статьями 111213 и 14Закона о государственных секретах;
      окончание срока засекречивания сведений, составляющих государственные секреты.
      При рассекречивании объекта промышленной собственности государственный орган, принявший решение о засекречивании объекта промышленной собственности, передает имеющиеся у него рассекреченные материалы заявки в уполномоченный орган.
      Решение о рассекречивании объекта промышленной собственности сообщается заявителю.
      15. Руководители государственных органов и организаций наделяются полномочиями по рассекречиванию носителей сведений, необоснованно засекреченных подчиненными им должностными лицами.
      16. На рассекреченный объект промышленной собственности заявитель вправе подать в экспертную организацию ходатайство о выдаче охранного документа в установленном законодательством порядке.
      17. Экспертная организация рассматривает заявочные материалы на рассекреченный объект промышленной собственности с учетом ранее проведенной по нему соответствующим государственным органом экспертизы.
      18. Выдача охранного документа на рассекреченный объект промышленной собственности производится в соответствии с Патентным законом.