Санаткерлік меншік құқықтарын қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 20 наурыз N 345

      Атқарушы, бақылау-қадағалау функцияларын және санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құрылымдарын оңтайландыру, сондай-ақ көрсетілген құқықтарды қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - Комитет) "Қазақстан Республикасының патент заңы" Z990427_ 1999 жылғы 16 шілдедегі және "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z990456_ Заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның функциялары жүктелсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің "Қазақстан патенттік сараптама институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҚПСИ) таратылсын.
      3. Комитет осы қаулының 1-тармағына сәйкес уәкілетті органның функцияларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ҚПСИ-дің құқықтық мұрагері болып белгіленсін.
      4. Комитет ҚПСИ-дің таратылуын заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады