Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 417 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 417 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Дыбыстау-бейнелеу туындыларын немесе туындылардың дыбыс жазбаларын жеке мақсатта және сыйақыларын оларды шығаратын немесе импорттайтын тұлғалар төлейтін табыс алмай қайта шығару үшін пайдаланылатын жабдықтар мен материалдық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 512-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қазандағы № 1100 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 622 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 523-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 566-құжат).
      4. «Өнеркәсіптік меншіктің құпия объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 888 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 840-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады