Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1024 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 мамырда № 18-1/451 бұйрығын қараңыз.


      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
      2012 жылғы 6 тамыздағы
№ 1024 қаулысымен 
бекітілген    

Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттiк орман қорының учаскелерін пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттiк орман қорының учаскелерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттiк орман қорының учаскелерін пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
      2) жұмыс жобасы – осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, өнімді өткізуге немесе өңдеуге дейін оны өсіру жөніндегі жұмыстар циклын қамтитын тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын немесе орман питомнигін құру жобасы;
      3) мемлекеттік орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар;
      4) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
      5) орман пайдаланушы – Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      6) орман питомнигі – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi.
      3. Орман пайдаланушы өсімдіктердің жаңа түрлерін жерсіндіру кезінде карантиндік бақылаудың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді және өсімдіктердің негізгі байырғы түрлеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
      4. Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерінің пайдаланылуын және орман пайдаланушының ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын бақылауды Кодексте белгілеген тәртіппен орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды тұлғалары мен оның аумақтық бөлімшесі, өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

2. Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттiк орман қорының учаскелерін пайдалану тәртібі

      5. Мемлекеттік орман иеленуші, көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелерді қолдан өсіруге болатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерін іріктеуді орман көмкермеген алқаптарда (егістік, тыңайған жерлер, шабындық, жайылым) жүзеге асырады.
      6. Орман пайдаланушы көшет материалы мен (немесе) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға мемлекеттік орман иеленушімен шарт жасасқаннан кейін өз қаражаты есебінен қоршаған ортаға әсерді бағалауды қамтитын жұмыс жобасын әзірлейді, ол мемлекеттік сәулет-құрылыс және экологиялық сараптамадан өтеді.
      Көшет материалы мен (немесе) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру жөніндегі жұмыстар жұмыс жобасына сәйкес жүргізіледі.
      7. Жұмыс жобасына сәйкес орман пайдаланушы орман питомнигін құрады, онда бірнеше бөлімше, оның ішінде:
      1) ағаш пен бұта көшеттерін тұқымдардан өсіру үшін – себу бөлімшесі;
      2) ағаш пен бұта екпелерін көшеттер мен қалемшелерден өсіру үшін – үлгілік бөлімше;
      3) питомникті бағалы техникалық және сәндік тұқымдыларды көбейту үшін бастапқы материалмен қамтамасыз ету үшін – аналық екпелер бөлімшесін;
      4) қазу учаскесін, көң сақтайтын орындарды, жол мен суару желісін, су көздерін, қора-жайы бар усадьбаны, тұқымдар мен көшет материалдарын сақтауға арналған тоңазытқыш-қойманы, қоршау-шарбақты қамтитын шаруашылық және қосалқы учаскелер ұйымдастырылады.
      8. Питомниктің құрамында қажет болған жағдайда тамыр жүйесі жабық көшеттер мен екпелер өндіруге арналған жылыжай бөлімшесі құрылады.
      9. Көшет материалын өсіру кезіндегі негізгі мақсат жасыл құрылысты (елді мекендерді көгалдандыру, жасыл аймақтар, ландшафттық нысандар құру) ірі көлемді, түрлері бойынша алуан түрлі және сәндік көшет материалымен қамтамасыз ету болып табылады.
      10. Плантациялар тұқымнан өсірілген көшет материалынан немесе тамырланған қалемшелерден құрылады. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер отырғызу кезінде перспективалы сорттардың, нысандар мен клондардың тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының көшет материалдары пайдаланылады.
      11. Арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өнеркәсіптік, энергетикалық, азықтық және өзге мақсаттарда өсіріледі.
      12. Гербициттер мен қажетсіз өсімдіктермен күрестің өзге химиялық құралдарын пайдалану «Пестицидтер (улы химикаттар) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      13. Көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру кезінде суару үшін су ресурстарын орман пайдаланушы су заңнамасына сәйкес пайдаланады.
      14. Орман пайдаланушы көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде уақытша құрылыстар – күзетші үйлерін, құрал-саймандар, тыңайтқыштар, өсірілген өнімді сақтау үшін қалқалар, су тарату құрылыстарын салады, бұрыннан бар қара жолдарды пайдаланады немесе жекелеген жағдайларда осындай уақытша жолдар тартады.
      Көрсетілген құрылыстардың мөлшерлері, түрі және мақсаты, оларды бұзу (алып кету) тәртібі, сондай-ақ тартылатын су таратқыштар мен қара жолдардың бағыты, ұзындығы және мөлшері шартта айқындалады.
      15. Орман пайдаланушы көшет материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалану кезінде Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын және жұмыстардың мемлекеттік орман қорына теріс әсер етпейтін әдістермен жүргізілуін қамтамасыз етеді және шаруашылық қызмет салдарынан бүлінген учаскелерді ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына сәйкес қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізеді.

Об утверждении Правил пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2012 года № 1024. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 октября 2015 года № 870

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.10.2015 № 870 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 18-1/451.

      В соответствии с подпунктом 17-2) статьи 12 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения.
      2. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2013 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 6 августа 2012 года № 1024

Правила
пользования участками государственного лесного фонда для
выращивания посадочного материала и плантационных насаждений
специального назначения

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения (далее – Правила) разработаны в соответствии с Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года (далее – Кодекс) и определяют порядок пользования участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) плантационные насаждения специального назначения – искусственные насаждения, выращиваемые в промышленных, энергетических, пищевых и иных целях;
      2) рабочий проект – проект создания плантации быстрорастущих древесных и кустарниковых пород или лесного питомника, разработанный проектно-изыскательскими организациями, специализирующимися в этой области, содержащий цикл работ от выращивания до реализации продукции или ее переработки;
      3) государственные лесовладельцы – государственные организации, которым участки государственного лесного фонда предоставлены на праве постоянного землепользования;
      4) лесопользование – юридически и экономически регламентированная деятельность по использованию лесных ресурсов и полезных свойств леса;
      5) лесопользователь – физическое или юридическое лицо, которому предоставлено право временного лесопользования в порядке, установленном Кодексом;
      6) лесной питомник – участок территории государственного лесного фонда, предназначенный для выращивания посадочного материала древесных и кустарниковых пород.
      3. Лесопользователь при интродукции новых видов растений обеспечивает соблюдение требований карантинного контроля и не должен наносить вред основным аборигенным видам растений.
      4. Контроль за пользованием участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения и соблюдение лесопользователем правил пожарной безопасности в лесах осуществляются должностными лицами ведомства уполномоченного органа в области лесного хозяйства и его территориальным подразделением в порядке, установленном Кодексом, иными государственными органами в пределах их компетенции, установленной законами Республики Казахстан.

2. Порядок пользования участками государственного
лесного фонда для выращивания посадочного материала
и плантационных насаждений специального назначения

      5. Государственный лесовладелец осуществляет подбор участков государственного лесного фонда на нелесных угодьях (пашня, залежь, сенокос, пастбища), за исключением участков государственного лесного фонда, находящихся на особо охраняемых природных территориях, на которых возможно искусственное выращивание посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения.
      6. Лесопользователь после заключения договора с государственным лесовладельцем на пользование участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и (или) плантационных насаждений специального назначения разрабатывает за счет собственных средств рабочий проект, содержащий оценку воздействия на окружающею среду, который проходит государственную архитектурно-строительную и  экологическую экспертизы.
      Работы по выращиванию посадочного материала и(или) плантационных насаждений специального назначения проводятся согласно рабочему проекту.
      7. В соответствии с рабочим проектом лесопользователь создает лесной питомник, где организовываются несколько отделений, в том числе:
      1) посевное отделение – для выращивания сеянцев деревьев и кустарников из семян;
      2) школьное отделение – для выращивания саженцев деревьев и кустарников из сеянцев и черенков;
      3) отделение маточных насаждений – для обеспечения питомника исходным для размножения материалом ценных технических и декоративных пород;
      4) хозяйственные и подсобные участки, включающие прикопочный участок, компостники, дорожную и оросительную сеть, водоемы, усадьбу с пристройками, склад-холодильник для хранения семян и посадочного материала, ограждение.
      8. В составе питомника, в случае необходимости, создается тепличное отделение для производства сеянцев и саженцев с закрытой корневой системой.
      9. Основной целью при выращивании посадочного материала является обеспечение зеленого строительства (озеленение населенных пунктов, создание зеленых зон, ландшафтных форм) крупномерным, разнообразным по видам декоративным посадочным материалом.
      10. Плантации создаются посадочным материалом семенного происхождения или укорененными черенками. При закладке плантационных насаждений специального назначения используется посадочный материал быстрорастущих древесных и кустарниковых пород перспективных сортов, форм и клонов.
      11. Плантационные насаждения специального назначения выращиваются в промышленных, энергетических, пищевых и иных целях.
      12. Использование гербицидов и иных химических средств борьбы с нежелательной растительностью осуществляется в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2008 года № 515 «Об утверждении «Технического регламента «Требования к безопасности пестицидов (ядохимикатов)».
      13. При выращивании посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения водные ресурсы для полива используются лесопользователем в соответствии с водным законодательством.
      14. Лесопользователь на участках государственного лесного фонда, предоставленных для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения, возводит временные строения – сторожки, навесы для хранения инвентаря, удобрений, выращенной продукции, сооружения-водоводы, пользуется существующими или, в отдельных случаях, прокладывает временные грунтовые дороги.
      Размеры, вид и назначение указанных строений, порядок их сноса (выноса), а также направление, протяженность и размеры прокладываемых водоводов и грунтовых дорог определяются в договоре.
      15. Лесопользователь при пользовании участками государственного лесного фонда для выращивания посадочного материала и плантационных насаждений специального назначения обеспечивает соблюдение Правил пожарной безопасности в лесах и проведение работ методами, не оказывающими отрицательное воздействие на государственный лесной фонд, и проводит мероприятия по рекультивации нарушенных в результате хозяйственной деятельности участков в соответствии с договором долгосрочного лесопользования.